ы
Осы санаттағы істерді қарау тәртібі төмендегі заңдармен толық қамтылған:
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі,
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу кодексі,
Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы 2012 жылғы 19 қарашадағы қаулысы,
Қазақстан Республикасындағы «банктер және банк қызметі туралы» заңы, «Білім туралы» заңы, «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заңы,
«Байланыс туралы» заңы, «Нотариат туралы» заңы,
«Жеке кәсіпкердің жекелеген түрлерімен айналысуға лицензия (рұқсатнама) беру тәртібін реттеумен байланысты» Үкімет қаулылары.
Сонымен бірге, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңына енгізілген 3-қосымшаға сәйкес осы заң 13.01.2015 бастап қолданысқа енгізілген.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңы жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы 2012 жылғы 19 қарашадағы қаулысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті нотариаттық қызмет түрлерін жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленген, яғни нотариалдық әрекет жасау үшін лицензияны беру, айыру және тоқтату құзіреті берілген.
Лицензиялау, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың кәсіпкерлік еркіндігін пайдалану құқықтарын қорғау барысында ең қажетті құралы болып табылады, олардың осы кәсіпкерлік еркіндігін пайдалану құқықтары Азаматтық кодексінде бекітілген.
Азаматтық кодексінің 9 бабының талабына сәйкес, азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу; мәмiленi жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады. адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.
Кәсiпкерлiк пен тұтынушылардың құқықтары Азаматтық кодексінің 10 бабында көзделгендей. жекелеген қызмет түрлері бойынша лицензиялау тәртібін енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді. Қазақстан Республикасы заңдарында өтінімге қатысты белгіленген талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті растау жөніндегі талаптар және (немесе) қызметті мемлекеттік бақылау мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау белгіленеді.
Азаматтық кодексінің 35-бабында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.
Бұндай жағдайда, лицензияның болмауы немесе негізсіз лицензияны беруден бас тарту әрекеттері заңды тұлғаның жалпы құқық қабiлеттiлiгiне шектеу қоюға әкеліп соқтырады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі лицензиялаудың түсінігін, лицензиядан айыру тәртібін толық қамтымайды.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы, осы заң 13.01.2015 бастап қолданысқа енгізілген.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңы жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Аталған заңда келесі түсініктер берілген:
лицензияланатын қызмет түрі – айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);
лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;
лицензиар – осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; лицензиат – лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
лицензиялау – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың телнұсқасын беруге және қайта ресімдеуге, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға байланысты іс-шаралар кешені;
жарамды рұқсат – берілген, ұзартылған немесе қайта ресімделген, қолданысы осы Заңға сәйкес тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған рұқсат;
өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
рұқсат – рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растау;
рұқсат беру тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру басталғанға дейін тұлғаның осы Заңда көзделген жарамды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің құрауышы;
рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган – рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат;
хабарлама жасау тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаның бұл туралы осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету міндетін белгілеу;
АІЖК-нің 31-бабында талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылатыны, заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылатыны белгіленген.
Заңды тұлғаның тұрған жері - мемлекеттік тіркеуден өткен жері болып есептеледі және ол мемлекеттік тіркеу куәлігі мен құрылтай құжаттарында көрсетіледі.
Мысалы: Акмола облысы Көкшетау қалалық сотының 13 қазан 2015 жылғы шешімімен Республикалық нотариалдық палатасының Е.Л.Абрамкованы нотариалдық қызмет атқару үшін берілген мемлекеттік лицензиясынан айыруды сұраған талабы қанағаттандырылған.
Сотта нотариус Е.Л.Абрамкова тұрақты мекен жайы болмағаны себепті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берген мемлекеттік лицензиясы 6 ай мерзімге тоқтатылғаны, лицензияны қолдануды тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылмағаны анықталған.
«Нотариус туралы» заңының 10-бабының 3-бөлігінің талабына сәйкес, нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның қолданылуы мұндай шешiм нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады.
Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайларды жойғаны туралы мәліметтерді назарға жеткізген күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзімде лицензиар лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.
Олай болса, Акмола облысы Көкшетау қалалық сотының 13 қазан 2015 жылғы шешімімен Республикалық нотариалдық палатасының Е.Л.Абрамкованы нотариалдық қызмет атқару үшін берілген мемлекеттік лицензиясынан айыруды сұраған талабы негізді қанағаттандырылған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
ы
Құжатты жүктеп алу
-
Практика рассмотрения дел связанных с лишением лицензии
38 рет жүктеп алынды -
Решение суда
40 рет жүктеп алынды