Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Биржалық сауда қағидалары  Тауар биржалары туралы Заңы

10-бап. Биржалық сауда қағидалары  Тауар биржалары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Биржалық сауда қағидалары  Тауар биржалары туралы Заңы 

      1. Биржалық сауда қағидалары биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде биржалық саудаға қатысушылар қызметінің тәртібін айқындайды. 

      2. Биржалық сауда қағидалары мыналарды қамтиды: 

      1) брокерлерді, дилерлерді және маркет-мейкерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі; 

      2) индустриялық сертификаты бар дилерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі; 

      3) маркет-мейкерлер қызметінің шарттары; 

      4) биржалық сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану шарттары мен тәртібі; 

      5) клиенттерді биржалық сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеу шарттары мен тәртібі; 

      6) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген сауда режимдерінде биржалық сауда-саттық өткізу тәртібі; 

      7) биржалық сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен өткізу тәртібі; 

      8) биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген жекелеген тауар түрлерімен биржалық сауда-саттық өткізуге (биржалық мәмілелер жасауға) қойылатын ерекше шарттар (сауда режимі, бір сауда сессиясындағы сауда лотының ең жоғары мөлшері, баға өтінімдерінің ауқымы, өткізілетін биржалық тауардың ай сайынғы (тоқсан сайынғы) көлемі, биржалық тауарға ақы төлеу және оны беру (тиеп-жөнелту) фактілерін растайтын құжаттардың болуы және өзге де шарттар); 

      9) стандартталмаған тауарлармен, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын тауарлардың ел ішіндегі құндылығын арттыруды көздейтін, тауарлармен жасалатын биржалық сауда тәртібі; 

      10) биржалық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау тәртібі; 

       11) биржалық сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі;  

      12) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі; 

      13) тауар биржасы мүшелерінің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз ету тәртібі; 

      14) тауар биржасындағы биржалық сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібі; 

      15) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасауға байланысты дауларды шешу тетіктері; 

      16) биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі; 

      17) тауар биржасында биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді есепке алу және тіркеу, сондай-ақ стандартталған тауарлармен биржадан тыс мәмілелерді тіркеу тәртібі; 

      18) биржалық алым мөлшерін қалыптастыру және өтінімдерді қамтамасыз ету тәртібі; 

      19) тауар биржасының уәкілетті органға есептер беру тәртібі; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       20) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      20) тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге де сатып алуды өткізу тәртібі; 

      21) өткізілетін биржалық сауда-саттық туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсында орналастыру тәртібі; 

      22) биржалық саудаға қатысушыларды санаттау арқылы олардың қаржылық орнықтылығын айқындау шарттары; 

      23) тауарлар мен сауда-саттықты тауар биржасында секциялар бойынша бөлу және әрбір секцияға жекелеген талаптар қою тәртібі. 

      Мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен биржалық сауда-саттықты жүзеге асыратын секцияларға жекелеген талаптар мыналарды қамтиды: 

      тиісті стандартталған тауарды өткізуге жол берілетін тауар биржаларына қойылатын талаптар және тауар биржаларының осындай талаптарға сәйкестігін растау тәртібі; 

      тиісті стандартталған тауармен биржалық саудаға қатысушыларға қойылатын талаптар; 

      тиісті стандартталған тауармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптар. 

      3. Тауар биржасы биржалық сауда қағидаларында реттелмеген және қосымша регламенттеуді талап ететін биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұйымдық-техникалық мәселелер бойынша тауар биржасының тиісті ішкі құжаттарын бекітуге құқылы. 

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV Заңы. 

        Осы Заң тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы