Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Босқын мәртебесін беру Босқындар туралы Заңы

11-бап. Босқын мәртебесін беру Босқындар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Босқын мәртебесін беру Босқындар туралы Заңы 

      1. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы шешімді осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өткен жағдайда, босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды. 

      Шешім қабылдау үшін қосымша тексеру қажет болған жағдайларда түпкілікті шешім шығару бір жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады. 

      2. Бір отбасының мүшелері болып табылатын адамдарды босқындар деп тану осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар ескеріле отырып, он сегіз жасқа толған әрбір отбасы мүшесіне қатысты жүзеге асырылады. 

      Осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген мән-жайлар болмаған жағдайда, отбасының қосылуын қамтамасыз ету мақсатында он сегіз жасқа толған отбасы мүшелерінің біріне қатысты осы отбасы мүшесі де оның келісімі бойынша босқын деп танылады. 

      Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алған немесе отбасымен қосылу мақсатында пана сұраған адамның жұбайына (зайыбына) өтінішхат беру кезінде осы баптың, сондай-ақ осы Заңның 10, 12, 13 және 14-баптарының талаптары қолданылады. 

      Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алған адамнан немесе пана іздеген адамнан кейін келген адамның жұбайы (зайыбы) және кәмелетке толмаған балалары отбасына қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде жергілікті атқарушы органға олардың отбасылық қатынастарын растайтын дәлелдемелерді және (немесе) құжаттарды табыс етуге тиіс. 

      Отбасының бірлігі ажырасу немесе босқынның қайтыс болуы салдарынан бұзылған кезде оның отбасы мүшелерінің босқын мәртебесі оған босқын мәртебесін беру туралы шешімнің қолданылу мерзімінде сақталады. 

      3. Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген адамды босқын деп тану ата-анасы немесе заңды өкілдері туралы мәліметтер алынғаннан кейін осы адамның мүдделері ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 

      4. Босқын деп танылған адам балалы болған жағдайда, баланың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. 

      5. Босқын мәртебесі бір жыл мерзімге беріледі. Босқын мәртебесі берілген адамға шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын куәлігін береді. 

      Босқынның шыққан елінде оған босқын мәртебесін беруге негіз болған бұрынғы мән-жайлар сақталған кезде босқынның аталған мерзім аяқталудан бір ай бұрын берген өтініші негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесі мерзімін бір жылға және әрбір кейінгі жылға ұзартады. 

      6. Пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пана іздеген адамға бас тартудың себебін көрсетіп және қабылданған шешімге шағымдану тәртібі туралы түсіндіріп, шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы