Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Қоршаған ортаның ластануы Қазақстан Республикасының Экология кодексі

11-бап. Қоршаған ортаның ластануы Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Қоршаған ортаның ластануы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Қоршаған ортаның ластануы деп атмосфералық ауада, жерүсті және жерасты суларында, топырақта немесе жер бетінде ластағыш заттардың, жылудың, шудың, дірілдің, электрмагнит өрістерінің, радиацияның мемлекет белгілеген қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерінен асатын мөлшерде (концентрацияларда, деңгейлерде) болуы түсініледі.

      2. Ластағыш заттар деп қоршаған ортаға түскен кезде өздерінің сапалық немесе сандық сипаттамаларына орай табиғи ортаның табиғи тепе-теңдігін бұзатын, табиғи орта құрамдастарының сапасын нашарлататын, экологиялық залал не адамның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіруге қабілетті қатты, сұйық, газ тәрізді немесе бу тәрізді күйдегі кез келген заттар түсініледі.

      Осы Кодексте заттар деп табиғи ортада өздерінің табиғи күйінде болатын немесе адам қызметінің нәтижесінде түзілетін химиялық элементтер, олардың қосылыстары, қоспалары, ерітінділері мен агрегаттары түсініледі.

      Эмиссиясы экологиялық нормалауға жататын ластағыш заттардың тізбесін (бұдан әрі – ластағыш заттардың тізбесі) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган он жыл мерзімге бекітеді және қоршаған орта және оның сапасына ықпал ететін антропогендік факторлар туралы жаңартылған ғылыми білімдер негізінде, сондай-ақ ластағыш заттардың мониторингі мен бақылау әдістерінің, техникалары мен технологияларының дамуын ескере отырып, қайта қаралуға жатады. Ластағыш заттардың тізбесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы, сол кезде қолданыстағы тізбеде болмаған ластағыш заттарға қатысты мемлекеттік реттеу шараларын қабылдауды талап ететін халықаралық міндеттемелері күшіне енгеннен кейін бірінші жылдан кешіктірілмей қайта қаралуға жатады.

      3. Ластағыш заттардың тізбесі мына өлшемшарттар негізінде:

      1) заттардың, оның ішінде қоршаған ортада жинақталу үрдісі бар заттардың уыттылық деңгейі, канцерогендік және (немесе) мутагендік қасиеттері, сондай-ақ олардың қоршаған ортада үлкен уыттылығы бар қосылыстарға айналу қабілеті ескеріліп;

      2) табиғи ортаның табиғи қасиеттері және оның өз сапасын белгілі бір аумақта ластануды және басқа да жағымсыз әсер ету нысандарын адамның араласуынсыз сіңіру, тазарту, өзге де жою арқылы ұстап тұру және қалпына келтіру жөніндегі қабілеті ескеріліп;

      3) мемлекеттік экологиялық мониторинг пен санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг деректері ескеріліп;

      4) ластағыш заттардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеудің ғылыми негізделген әдістемелері (әдістері), техникалары және технологиялары болған кезде айқындалады.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы