11-бап. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі Кәсiптiк одақтар туралы Заңы
1. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады.
2. Республикалық кәсіподақтар бірлестігін салалық кәсіподақтар және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрады.
3. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын аумақта мүшелік ұйымдары және (немесе) өкілдіктері (филиалдары) болуға тиіс.
3-1. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу үшін республикалық кәсіподақтар бірлестігі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етуге тиіс.
4. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақтар қызметінің құқықтық кепілдіктерін республикалық деңгейде қамтамасыз етуге, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау мәселелерінде мүшелік ұйымдардың әрекеттерін үйлестіруге жәрдемдеседі.
5. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары:
1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау;
2) өзінің мүшелік ұйымдары қызметінің негізгі бағыттарын, стратегиясын әзірлеу және айқындау;
3) әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
4) республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бас келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестіктің тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу;
5) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу;
6) шетелдік, халықаралық кәсіподақтар бірлестіктерімен және еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасау және мүшелік ұйымдардың олармен байланыстар орнатуына жәрдем көрсету;
7) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
6. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі өзінің мүшелік ұйымдары үшін кәсіподақтардың үлгілік жарғысын ұсынуға және бекітуге құқылы.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы