⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Бюджет шығыстары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

12-бап. Бюджет шығыстары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Бюджет шығыстары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады. 

      2. Шығындар қайтарымсыз негізде бөлінетін бюджет қаражаты болып табылады. 

      3. Бюджеттік кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негізде бөлінетін ақша болып табылады. 

      4. Қаржы активтерін сатып алу заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін және бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджет қаражаты болып табылады. 

      5. Ішкі және сыртқы қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бағытталатын бюджет қаражаты қарыздарды өтеу болып табылады. 

      6. Республикалық бюджет (жоспарлы кезеңге) шығыстарының өсу қарқыны инфляция бойынша мақсатқа ұлғайтылған ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейімен шектеледі. 

      Ұзақ мерзімді өсу деңгейі жоспарлы кезеңнің алдындағы он жылдағы нақты жалпы ішкі өнімнің орташа өсу мәні ретінде айқындалады. 

      Инфляция бойынша мақсат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген жоспарлы кезеңге инфляция бойынша нысаналы бағдардың орталығы ретінде айқындалады. 

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.01.2023 № 182-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы