12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама Жарнама туралы Заңы
Көлiк құралдарында жарнама орналастыру жол жүрісі қауіпсіздігі қағидалары сақтала отырып, көлiк құралдарының меншiк иелерiмен және егер заңда немесе шартта осы мүлiкке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлiк құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Көлiк құралдарында жарнама орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмей және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алынбай жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы