12-бап. Уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттік статистика туралы Заңы
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіреді;
2) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2-1) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
2-2) ұлттық санақтар жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) ғылыми әдістер мен көзқарастар, оның ішінде статистикалық әдістер негізінде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекітеді;
6) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды, оның ішінде бағаларды тіркеуді ұйымдастырады және жүргізеді;
6-1) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 6-2) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 7) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 8) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8-1) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекітеді;
8-2) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 9) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 9-1) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 10) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 11) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 12) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 13) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 14) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 15) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
15-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алады;
15-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты жүргізу үшін қажетті бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді өтеусіз негізде алады;
15-3) сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында иесіздендірілген түрде жиналатын бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;
15-4) әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректердің меншік иелерімен немесе иеленушілерімен балама деректерді ұсыну туралы келісімдер жасасады;
16) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен үй шаруашылықтарынан өздерінің кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алады;
17) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді;
18) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалаулары анықталған кезде респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етеді;
18-1) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарайды;
19) әкімшілік деректерді, балама деректерді ресми статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдаланады;
19-1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады;
19-2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде Жерді қашықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алады және пайдаланады;
20) алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
21) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз етеді;
22) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
23) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жүргізу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізеді, сондай-ақ талдау жүргізу үшін қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;
23-1) ұлттық анықтамалық ақпараттың құрылымын, мазмұнын және олардың өзгерістерін келіседі;
23-2) ұлттық тіркелімдерді қалыптастыруды және өзгертуді келіседі;
24) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
24-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2018 № 192-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде, сондай-ақ әкімшілік деректердің сапасын айқындау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы