Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-1-бап. Пестицидтерді зиянсыздандыру Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы

14-1-бап. Пестицидтерді зиянсыздандыру Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-1-бап. Пестицидтерді зиянсыздандыру Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы 

      1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер, олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары пестицидтерді залалсыздандыру тәртібіне сәйкес залалсыздандыруға жатады. 

      2. Пестицидтердi зиянсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) , сондай-ақ оларды кәдеге жаратуға және жоюға арналған арнаулы техникалық ғимараттар пайдаланылады. 

      3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi залалсыздандыруға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бередi. 

      4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсу бойынша айқындайды. 

      Ескерту. 14-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 Заңы. 

       Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы