⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-2-бап. Ашық лицензия Қазақстан Республикасының Патент Заңы

14-2-бап. Ашық лицензия Қазақстан Республикасының Патент Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-2-бап. Ашық лицензия Қазақстан Республикасының Патент Заңы 

      1. Патент иеленуші сараптама ұйымына өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты (ашық лицензия) кез келген тұлғаға табыстау туралы өтініш бере алады. 

      2. Патент иеленушінің ашық лицензияға құқықты табыстау туралы өтініші кері қайтарып алуға жатпайды және оны тіркеген күнінен бастап үш жыл бойы өз күшін сақтайды. Көрсетілген мерзім шегінде қорғау құжатын күшінде сақтағаны үшін ақы төлеу тиісті мемлекеттік тізілімде тіркелген жылдан кейінгі жылдан бастап 50 пайызға төмендетіледі. 

      3. Ашық лицензияны сатып алуға ниет білдірген тұлға патент иеленушімен жазбаша нысанда тиісті шарт жасасуға міндетті.  

      Шарт жасасу талаптары бойынша дауларды сот қарайды.  

      4. Ашық лицензияға құқықты табыстау патент иеленушінің немесе мүдделі тұлғаның өтініші қажетті құжаттармен қоса алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тіркелуге жатады. 

      Ескерту. 4-тарау 14-2-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы