14-бап. Лизингке қатысушылардың жауапкершiлiгi Қаржы лизингі туралы Заңы
1. Лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының жауапкершiлiгi лизинг шартында, сатып алу-сату шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
2. Лизинг нысанасын сатушы, сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жөнiнде, атап айтқанда, лизинг нысанасының сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi дәрежеде орындамаған басқа да жағдайларда тiкелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Бұл орайда лизинг алушы өзi аталған лизинг нысанасын сатып алу-сату тарабы болғандағыдай, сатып алынған лизинг нысанасына ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, сатып алушы үшiн Азаматтық кодексте көзделген құқықтарға ие болады және мiндеттеменi мойнына алады. Егер сатушы лизинг алушы қоятын талаптармен келiсетiн болса, онда лизинг алушыға лизинг нысанасын беру шарттарының кез келген өзгерiстерi (жиынтықтамалығы, жеткiзiлу мерзiмi және т.б.) мiндеттi түрде лизинг берушiмен келiсiлуге тиiс.
Сатушымен арадағы қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi ынтымақтас кредит берушiлер болады.
3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушыны таңдау құқығы лизинг берушiде болатын жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн лизинг алушының алдында жауап бермейдi. Мұндай жағдайда лизинг алушы өз қалауы бойынша ортақ жауапкершiлiкте болатын тiкелей мүлiк сатушыға да, лизинг берушiге де сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды қоюға құқылы.
4. Лизинг берушi сы Заңның 11-бабы 2-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес сатушыға хабарлау жөнiндегi мiндетiн бұзған жағдайда лизинг берушi сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды сатушының орындауы үшiн лизинг алушының алдында толық жауапты болады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78 Заңы.
Осы Заң қаржы лизингi процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және лизинг қызметi негiзiнде инвестициялар тартуға бағытталған.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы