Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Биржалық мәміле  Тауар биржалары туралы Заңы

15-бап. Биржалық мәміле  Тауар биржалары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Биржалық мәміле  Тауар биржалары туралы Заңы 

       1. Биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және биржада Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда қағидаларына сәйкес ол жүргізетін сауда-саттықтың биржалық саудаға қатысушыларымен жасалатын мәміле биржалық мәміле болып танылады.  

       2. Тауар биржасында жасалған, бірақ осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес емес мәмілелер биржалық болып табылмайды.  

      3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды бұза отырып, тауар биржаларынан тыс жерде жасалған мәмілелер мүдделі тұлғалардың, монополияға қарсы органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылады. 

      4. Биржалық мәмілелер тауар биржасының атынан және оның есебінен жасалмайды. 

      5. Биржалық тауарлардың тізбесінде мыналар қамтылады: 

      1) биржалық тауарлардың қысқаша атаулары және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары; 

      2) жекелеген биржалық тауарлар бойынша – беру партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасында ғана жүзеге асырылуға жатады; 

      3) жекелеген биржалық тауарлар бойынша – тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты. 

      6. Биржалық сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулар ұлттық валютада жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV Заңы. 

        Осы Заң тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы