15-бап. Лизинг шарты Қаржы лизингі туралы Заңы
1. Лизинг берушi лизинг шарты бойынша сатушыдан өз меншiгiне сатып алған және лизинг алушымен келiсiлген лизинг нысанасын төлемақысына лизинг алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi.
2. Лизинг шартының мынадай елеулi талаптары болуы тиiс:
1) шарттың нысанасы;
2) сатушыны және лизинг нысанасын кiмнiң таңдап алғаны көрсетiлген лизинг нысанасын сатушының атауы;
3) лизинг нысанасын лизинг алушыға берудiң шарттары мен мерзiмi;
4) лизинг төлемдерiнiң мөлшерi мен кезеңдiлiгi;
5) лизинг нысанасының құны;
6) шарттың қолданылу мерзiмi;
7) егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары;
8) лизинг нысанасының сипаттамасы;
9)-13)
Осы талаптар болмаған жағдайда лизинг шарты жасалмаған болып саналады.
3. Тараптардың келiсiмi бойынша лизинг шартына өзге де ережелер енгiзiлуi мүмкiн.
4. Лизинг шарты жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Лизинг шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10. N 532; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78 Заңы.
Осы Заң қаржы лизингi процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және лизинг қызметi негiзiнде инвестициялар тартуға бағытталған.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы