15-бап. Қоғамның қызметi Өзара сақтандыру туралы Заңы
1. Өзара сақтандыру қоғам жүзеге асыратын қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.
2. Қоғам өзара сақтандырудан басқа мынадай қызмет түрлерiн:
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен көзделген тәртiппен инвестициялық қызметтi;
2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өз мүшелерiне қарыздар берудi;
3) өз мүшелерiне сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге қарыздар берудi;
4) қоғамдар қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету өнiмiн сатуды;
5) сақтандыру және сақтандыру қызметi жөнiндегi арнайы әдебиеттi ақпарат жеткiзгiштiң кез келген түрiнде сатуды;
6) қоғамның мұқтаждары үшiн бұрын сатып алынған мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;
7) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультация беру қызметiн көрсетудi;
8) өзара сақтандыру саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастырып, өткiзудi жүзеге асыруға құқылы.
3. Қоғамға осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмілелерді жүзеге асыруға және операциялар жүргізуге тыйым салынады.
3-1. Қоғам "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді және ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
4. Қоғамдар өзара сақтандыру бойынша қауымдастықтарға (одақтарға) бiрiккен, сондай-ақ олар бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде консорциум құрған жағдайларды қоспағанда, қоғамның басқа заңды тұлғаларға қатысуына жол берiлмейдi.
5. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкiлдiктер құруға құқылы.
6. Қоғам осы Заңда көзделген тең құқықтарды қоғамның барлық мүшелеріне беруге міндетті.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 26.07.2016 № 12-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 163 Заңы.
Осы Заң өзара сақтандыруды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және өзара сақтандыру қоғамдары қызметiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы