16-бап. Тасымалдау процесiн басқару Теміржол көлігі туралы Заңы
1. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық және станциялық жолдардағы қозғалысты диспетчерлік реттеуді қоса алғанда, Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетеді, тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
2. Ұлттық инфрақұрылым операторы Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, денсаулық сақтау саласындағы, стандарттау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісіне жiбермеуге мiндеттi.
Тасымалдаушы пайдаланылатын жылжымалы құрамның Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, денсаулық сақтау саласындағы, стандарттау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Ұлттық инфрақұрылым операторы жекеше әріптеспен не концессионермен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы.
Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы