16-бап. Тізбені қалыптастыру Концессиялар туралы Заңы
1. Тiзбенi республикалық меншікке жататын объектілер бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органдары концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттердiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге қалыптастырады.
2. Тiзбе мынадай екi бөлiмнен тұрады:
1) реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi;
2) құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер.
3. Алып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Тiзбеге енгiзiлмеген объектiлер бойынша тиiстi хабарламалар тиiстi ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттiк органдарға олардың қабылданбауының дәлелдi негiздемесiмен бiрге жiберiледi.
5. Концессияға берiлмеген концессия объектiлерi келесi орта мерзiмдi кезеңге арналып қалыптастырылатын тиiстi тiзбеге енгiзіледi.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңы.
Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы