Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-1-бап. Теміржол вокзалы Теміржол көлігі туралы Заңы

17-1-бап. Теміржол вокзалы Теміржол көлігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-1-бап. Теміржол вокзалы Теміржол көлігі туралы Заңы 

      1. Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитариялық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуға тиіс. 

      2. Теміржол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыты, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың бар-жоғы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітабының тұрған орны, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы туралы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы анық ақпаратпен қамтамасыз етіледі. 

      Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қарым-қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектігі бар адамдар үшін де қамтамасыз етіледі. 

      3. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өтпелер және шығу жолдары мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, арнаулы лифтілермен жабдықталуға) тиіс. 

      4. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар вокзал маңы аумағын күтіп-ұстауды және жөндеуді қамтамасыз етеді. 

      5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс. 

      6. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық регламенттің талаптарын сақтауға тиіс. 

      7. Теміржол вокзалдары тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиіс. 

      Ескерту. 2-тарау 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы. 

      Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы