17-бап. Экологиялық ақпарат Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Экологиялық ақпарат:
1) табиғи орта құрамдастарының, табиғи және табиғи-антропогендік объектілердің, табиғи кешендердің, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, генетикалық түрлендірілген организмдерді қоса алғанда, биоәртүрліліктің жай-күйі және олардың арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ экожүйелік көрсетілетін қызметтер, генофонд және тірі организмдердің генетикалық ресурстары туралы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген элементтерге әсер ететін және (немесе) әсер етуге қабілетті факторлар туралы;
3) мемлекет қолданатын әкімшілік, заңнамалық, бағдарламалық және өзге де шаралар, оның ішінде қоршаған орта саласындағы әзірленіп жатқан, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген элементтер мен факторларға әсер ететін және (немесе) әсер етуге қабілетті нормативтік құқықтық актілер, саясаттар, жоспарлар, бағдарламалар мен келісімдер, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген элементтерді қорғауға бағытталған жоспарланған, іске асырылатын немесе орындалған шаралар мен іс-қимылдар туралы;
4) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген элементтер мен факторларға әсер ететін және (немесе) әсер етуге қабілетті қызметі, сондай-ақ осындай элементтерді қорғауға бағытталған, жоспарланған, іске асырылатын немесе орындалған шаралар мен іс-қимылдар туралы;
5) Қазақстан Республикасының экология заңнамасы және оны қолдану жөнінде есептер туралы;
6) шығындар мен пайданы талдау, осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген жоспарланған шаралар және қызметті жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар шешімдер қабылдаған кезде пайдаланылған экономикалық талдаудың өзге түрлері мен жол берулер туралы;
7) егер қолдануға болатын болса, ластағыш заттардың тамақ тізбегіндегі концентрацияларды қоса алғанда, адамдар денсаулығының, экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі, адамдардың өмір сүруінің экологиялық жағдайлары, мәдениет объектілерінің, ғимараттар мен құрылысжайлардың өздеріне осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қоршаған орта элементтерінің жай-күйі немесе осы элементтер, осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген факторлар, қызмет немесе шаралар арқылы әсер ететін немесе әсер ете алатын дәрежедегі жай-күйі туралы;
8) климаттың өзгеруге осалдығы, климаттың өзгеруінің бұрыннан бар және болжамды әсерлері, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шаралар туралы жазбаша, көрнекі, дыбыстық, электрондық немесе кез келген өзге де материалдық нысандардағы кез келген ақпаратты білдіреді.
2. Экологиялық ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады және шектелуге және құпияландыруға жатпайды.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы