Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Темiржол станциясы  Теміржол көлігі туралы Заңы

17-бап. Темiржол станциясы  Теміржол көлігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  17-бап. Темiржол станциясы  Теміржол көлігі туралы Заңы 

      1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темiржол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады. Тиісті жол дамытылымы бар теміржол станциясында поездарды құрастыру және тарқату жөніндегі маневрлік жұмыстар және поездармен техникалық операциялар жүргізілуі мүмкін. 

      2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды. 

      3. Мемлекеттік кіріс органдары, шекара, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа да органдар теміржол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн теміржол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады. 

      4. Темiржол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткiзуi қамтамасыз етiлуге тиiс.  

      5. Темiржол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.  

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 596, 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы. 

      Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы