1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 201
1-бап. 1998 жылға арналған республикалық бюджет, қосымшаға сәйкес, кiрiстерi бойынша - 196503609 мың теңге, алынған ресми трансферттер бойынша - 7455200 мың теңге, шығыстары бойынша - 281334379 мың теңге, таза несие беру жөнiнен - 33231936 мың теңге, республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi - 110607506 мың теңге, яғни жалпы iшкi өнiмнiң 5,5 процентi болып бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджеттiң шығыстарын ведомстволық құрылым бойынша бюджеттiк сыныптауға сәйкес атаулы бөлудi жүзеге асырсын және республикалық бюджеттiң тапшылығын iшкi және сырты капитал рыногынан қарыздар алу есебiнен, мемлекеттiк борыштың негiзгi сомасын өтеудi ескере отырып, жабуды қамтамасыз етсiн.
2-бап. 1998 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiстерi, арнайы экономикалық аймақтардың қаржылар қорларына (бюджеттерiне) есептелетiн сомаларды қоспағанда, мынадай көздердiң есебiнен құралады деп белгiленсiн: жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн сомаларды қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы мен төлем көзiнен ұсталатын, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу үшiн алым; қосылған құн салығы; өңделмеген мұнай, бензин акциздерi; бонустар; роялтилер; үстеме пайдаға салынатын салық; кеден төлемдерi; мемлекетке тиесiлi акциялар пакеттерi дивидендтерiнiң түсiмдерi; бюджет қаражаты есебiнен несиелер берiлгенi үшiн алынған сыйақылар (мүдделер); Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерi бойынша алынған сыйақылар (мүдделер); "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн алынатын жалгерлiк төлем; жергiлiктi бюджетке есептелетiн сомаларды қоспағанда, салыққа жатпайтын басқа да түсiмдер; мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден алынатын қаражат түсiмдерi;
мемлекеттiк материалдық резервтер тауарларын өткiзуден алынатын қаражат түсiмдерi, сондай-ақ мемлекеттiк запастардың астығын сатудан алынатын қаражат түсiмдерi.
3-бап. Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат базасын еселеп арттыру қорына бұрын төлемдер енгiзген жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ жер қойнауын-пайдалану шарттарын жасасқанға дейiн - бекiтiлген /ренталық/ төлемдер енгiзген - ұйымдар республикалық бюджеттiң кiрiсiне Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшер мен шарттарға жоғарыда көрсетiлген аударымдар жасайды деп белгiленсiн.
Бұрын жер қойнауын пайдаланушылар бекiтiлген (ренталық) төлемдер төлеп келген кен орындарын пайдалануға немесе иеленуге алған жағдайда, заңды және жеке тұлғалар жер қойнауын пайдалану шартын жасасқанға дейiн оларды осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен төлеудi жалғастыра бередi.
4-бап. Мемлекетке тиесiлi акциялар пакетiне дивидендтер түсiмi 3500000 мың теңге сомасында көзделсiн.
5-бап. Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн алынатын төлемдер, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн салынатын айыппұл санкциялары, тәркiленген аңшылық пен балықшылық құралдарын, заңсыз өндiрiлген өнiмдердi сатудан алынатын қаражат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де түсiмдер есебiнен құралатын Республикалық табиғат қорғау қоры олардың түсiмдерi көлемiнiң 30 процентi мөлшерiнде республикалық және аймақаралық табиғат қорғау шараларын қаржыландыру мақсаттары үшiн республикалық бюджет кiрiстерi құрамына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Республикалық қоршаған ортаны қорғау қорының мiндеттерiн iске асыру жөнiндегi шығыстарды қаржыландыруды олардың нақты түсiмдерi көлемiнiң 60 процентi көлемiнде - табиғатты қорғау шараларына, 40 процентi табиғат қорғау қызметiн атқаратын объектiлер салу мен қайта жаңғыртуға - жүзеге асырсын.
6-бап. Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден 45000000 мың теңге сомасындағы қаражат түсiмi көзделсiн.
7-бап. Республикалық бюджетте 2437000 мың теңге сомасындағы мемлекеттiк запастардың астығын сату қаражатының түсiмi, 1996 жылғы 437000 мың теңге сомасындағы оларды қайтару жөнiндегi борышты қоса, ескерiлсiн.
8-бап. 1998 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына өткен кезеңдер үшiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарналары бойынша төлеушiлер берешектерiнiң түсiмi көзделсiн.
9-бап. Облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне 1998 жылы жалпы
мемлекеттiк салықтардан түсетiн жалпы соманың бөлiнуi мынадай мөлшерде белгiленсiн: а) заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша: Ақмола облысына 62 процент, Ақтөбеге - 58, Атырау мен Маңғыстауға - 10 проценттен, Павлодарға - 40, Алматыға, Шығыс Қазақстанға, Жамбылға, Батыс Қазақстанға, Қарағандыға, Қызылордаға, Қостанайға, Солтүстiк Қазақстанға, Оңтүстiк Қазақстанға - 100 проценттен, Алматы қаласы - толығымен республикалық бюджетке; б) төлем көзiнен ұсталатын, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша: Атырау облысына - 20 процент, Маңғыстауға - 71, Алматы қаласына 58, ал қалған облыстар бойынша - 100 проценттен. 10-бап. Жергiлiктi бюджеттерге мынадай кiрiстер түседi деп белгiленсiн: жергiлiктi салықтар мен алымдар; республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы; республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардан алынатын және төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы; республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағанда, қосылған құн салығы; республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағандағы акциздер; орманды пайдалану ақысы; су ақысы; коммуналдық меншiктегi мүлiктi жалға беруден алынатын кiрiс; әкiмшiлiк айыппұлдар мен санкциялардан түсетiн түсiмдер; мемлекеттiк баждар;
жер учаскелерiн жалға берудi қоса алғанда жерге меншiк құқығын және жердi пайдалану құқығын сатудан түсетiн түсiмдер;
қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлемдердiң және табиғат қорғау заңдарын бұзғандығы үшiн салынатын айыппұл санкцияларының, тәркiленген аңшылық пен балықшылық құралдарын, заңсыз өндiрiлген өнiмдердi сатудан алынатын қаражаттың 70%-i мөлшерiнде
жергiлiктi табиғат қорғау қорларына түсетiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де түсiмдер; республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағанда, салыққа жатпайтын басқа да түсiмдер. 11-бап. Облыстардың бюджеттерiне 1998 жылы 40184263 мың теңге сомасында ресми трансферттер бөлiнсiн, оның iшiнде: Алматы - 10913917 Шығыс Қазақстан - 4796816 Жамбыл - 4321902 Батыс Қазақстан - 472518 Қызылорда - 3796247 Солтүстiк Қазақстан - 6363521 Оңтүстiк Қазақстан - 9519342
Қарағанды облысындағы Приозерск қаласының әлеуметтiк инфрақұрылымын қолдау үшiн 1998 жылы 140000 мың теңге сомасында трансферттер көзделсiн.
12-бап. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жұмыс берушiлердiң /шетел қатысатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасы азаматтарына еңбекақы төлеу қоры бөлiгiнде шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерi мен филиалдарын қоса /еңбек ақы қорынан 2 процент мөлшерiнде, мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен қамтылған ұйымдар, Зейнеткерлер кәсiпорындарының республикалық "Ардагер" бiрлестiгi, сондай-ақ осы бiрлестiктiң меншiгi болып табылатын және оның қаражатының есебiнен құрылған, онда тек зейнеткерлер ғана жұмыс iстейтiн өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары; Ауғанстан соғысы ардагерлерiнiң Қазақстан Республикалық ұйымы кәсiпорындарының республикалық бiрлестiгi (өндiрiстiк ұйымдарсыз), балалардың, Ауғанстан соғысы, мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы /өндiрiстiк ұйымдарсыз/, "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы үшiн еңбекақы төлеу қорынан 1 процент мөлшерiнде мiндеттi сақтандыру жарналарының есебiнен құрылады деп белгiленсiн.
Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына сақтандыру жарналарын төлеуден Қазақстан Республикасының Мүгедектер ерiктi қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ соқырлар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және солардың қаражатының есебiнен құрылған, мүгедектер жұмыс iстеушiлердiң жалпы санының кемiнде 50 процентiн құрайтын өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, асырауында балалары бар Мүгедек әйелдердiң республикалық "Бибi-Ана" қоғамы, мүгедектер мен жүйке-дене дамуы кемшiн балаларға қамқоршылық жасайтын, "Ақ бота" лигасы қоғамдық бiрлестiгi босатылсын.
13-бап. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалар (шетел қатысатын заңды тұлғаларды қоса алғанда) және шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерi мен филиалдары үшiн Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы еңбекақы қорының 15 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
Шетел қатысатын заңды тұлғалар және шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерi мен филиалдары үшiн бұл жарналардың мөлшерi Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры бойынша айқындалады.
Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысатын жеке тұлғалар Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналарын өздерiнiң айлық кiрiстерiнiң 5 процентi мөлшерiнде ай сайын төлеп тұрады.
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы Қазақстан Республикасының Мүгедектер ерiктi қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ соқырлар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және олардың қаражатының есебiнен құрылған, жұмыс iстеушiлерiнiң жалпы санының кемiнде 50 процентiн мүгедектер құрайтын өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдар, Зейнеткерлер кәсiпорындарының республикалық "Ардагер" бiрлестiгi, сондай-ақ осы бiрлестiктiң меншiгi болып табылатын және оның қаражатының есебiнен құрылған, онда тек зейнеткерлер ғана жұмыс iстейтiн өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдар, ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң Қазақ Республикалық ұйымы кәсiпорындарының республикалық бiрлестiгi (өндiрiстiк ұйымдарсыз), Ауғанстан соғысы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы /өндiрiстiк ұйымдарсыз/, "SOS - Қазақстан балалар қалашықтары" балалар қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы, асырауында балалары бар Мүгедек әйелдердiң республикалық "Бибi-Ана" қоғамы, мүгедектер мен жүйке-дене дамуы кемшiн балаларға қамқоршылық жасайтын "Ақ бота" лигасы қоғамдық бiрлестiгi үшiн еңбекақы қорының 3 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
14-бап. 1998 жылы республикалық бюджеттен зейнетақыларды төлеуге 52500000 мың теңге сомасында трансферттер бөлiнсiн.
15-бап. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалар (шетел қатысуындағы заңды тұлғаларды қоса), шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерi мен филиалдары үшiн еңбекақы төлеу қорынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мiндеттi медициналық сақтандыру қорына мiндеттi сақтандыру жарналары 3 процент және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына 1,5 процент мөлшерiнде белгiленсiн.
Шетел қатысатын заңды тұлғалар және шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерi мен филиалдары үшiн осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мiндеттi сақтандыру жарналары Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы қорына белгiленедi.
Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 33 процентi мөлшерiнде және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорын 16 процентi мөлшерiнде ай сайын мiндеттi сақтандыру
жарналарын төлейдi. Облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiнiң құрамында халықтың жұмыс iстемейтiн бөлiгiне арнап сақтандыру жарналары ретiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының облыстық және Алматы қалалық бөлiмшелерiне беру үшiн қаржы көзделедi деп белгiленсiн. 16-бап. Айлық жалақы мен зейнетақының ең төменгi мөлшерi былайша белгiленсiн: 1998 жылғы 1 қаңтардан - 2360 теңге; 1998 жылғы 1 сәуiрден - 2380 теңге; 1998 жылғы 1 шiлдеден - 2400 теңге; 1998 жылғы 1 қазаннан - 2440 теңге. 17-бап. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салық және басқа төлемдер үшiн айлық есептiк көрсеткiш мынадай мөлшерлерде белгiленсiн: 1998 жылғы 1 қаңтардан - 630 теңге; 1998 жылғы 1 сәуiрден - 640 теңге; 1998 жылғы 1 шiлдеден - 650 теңге; 1998 жылғы 1 қазаннан - 660 теңге. 18-бап. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде өндiрiстен қол үзiп оқитын аспиранттардың ай сайынғы стипендиясының мөлшерi ғылыми дәрежесiз кiшi ғылыми қызметкерлердiң лауазымдық жалақысының деңгейiнде белгiленсiн. 19-бап. Жоғары оқу орындарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде оқитын студенттерге стипендия мынадай мөлшерлерде белгiленсiн: 1998 жылғы 1 қаңтардан - 1370 теңге; 1998 жылғы 1 сәуiрден - 1380 теңге; 1998 жылғы 1 қыркүйектен - 1420 теңге. Арнаулы орта оқу орындарының мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде оқитын оқушыларына стипендия мемлекеттiк жоғары оқу орындары студенттерi стипендиясының мөлшерiнiң 80 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
20-бап. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап балалары бар отбасыларына берiлетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақының мөлшерi оны тағайындау мен төлеудiң қолданылып жүрген тәртiбi сақталып, айлық есептiк көрсеткiштен процент есебiнен былайша белгiленсiн:
балалардың жасына қарай берiлетiн бiрыңғай жәрдемақы;
3 жасқа дейiн - 125 процент, 3 жастан 18 жасқа дейiн - 130 процент;
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң балаларына берiлетiн жәрдемақы - 130 процент;
адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған немесе СПИД-пен ауыратын балаларға берiлетiн жәрдемақы - 130 процент;
7 жасқа толмаған төрт және одан да көп балалары бар, жұмыс iстемейтiн көп балалы аналарға берiлетiн жәрдемақы - 100 процент.
Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларға жәрдемақы төлеу тоқсан сайын, бiрiншi тоқсанда - 4520 теңге, екiншi тоқсанда - 4590 теңге, үшiншi тоқсанда - 4660 теңге және төртiншi тоқсанда - 4730 теңге сомасында жүргiзiлетiнi ескерiлсiн.
Бала туғанда айлық есептiк көрсеткiштiң төрт еселенген мөлшерiнде берiлетiн бiржолғы жәрдемақыны төлеу Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
21-бап. Жерлеуге арналған жәрдемақы төлеу отбасы мүшелерiне немесе жерлеудi ұйымдастырушы адамдарға жұмыс iстеген азаматтар үшiн - Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен айлық есептiк көрсеткiштiң он бес есе мөлшерiнде, зейнеткерлер үшiн - Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың қаражаты есебiнен айлық есептiк көрсеткiштiң он бес есе мөлшерiнде;
ресми түрде жұмыссыздар деп танылатын адамдар үшiн - Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражаты есебiнен айлық есептiк көрсеткiштiң он есе мөлшерiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн жерлеуге арналған жәрдемақы төлеу айлық есептiк көрсеткiштiң отыз бес мөлшерiнде, оның iшiнде жұмыс iстегендерге - Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен айлық есептiк көрсеткiштiң он бес есе мөлшерiнде және жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма есе мөлшерiнде, зейнеткерлерге - зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың қаражаты есебiнен айлық есептiк көрсеткiштiң он бес есе және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма есе мөлшерiнде жүргiзiледi.
22-бап. Бiр жолғы ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстар:
зейнеткерлерге - ядролық сынақтар келтiрген залал үшiн "Семей" ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 23, 560-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; N 20, 252-құжат; 1997 жылғы 3 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) 12-бабының бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi, екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтарына сәйкес және 5, 6, 7, 8 және 9-баптарда көрсетiлген аймақтарда тұратындарға 147854 мың теңге сомасында;
"Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 1, 242-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы;
1997 жылғы 3 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 2 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы) 22-бабына сәйкес негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған және ақталған адамдарға 3683 мың теңге сомасында көзделсiн.
23-бап. "Қазақстан Республикасындағы мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес 1998 жылы жергiлiктi бюджеттердiң шығыстары құрамында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге айлық есептiк көрсеткiштiң он бес есе мөлшерiнде жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат көзделгенi ескерiлсiн.
24-бап. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жергiлiктi бюджеттердiң құрамында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысы қатысушыларының, мүгедектерiнiң және оларға теңестiрiлген адамдардың жеңiлдiктерi мен әлеуметтiк қорғауы туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 U952247_ Заң күшi бар Жарлығына /Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 45-құжат; N 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат/ сәйкес жыл сайынғы бiр жолғы жәрдемақы төлеу, материалдық көмек көрсету және санаторий, курортта емделуге жолдама ақысын төлеу шығындарына қаражат көзделгенi ескерiлсiн.
25-бап. ТМД-ға мүше елдердi қоспағанда, жыл сайын бекiтiлетiн көшiп келу квотасына сәйкес, Қазақстанға шет мемлекеттерден жергiлiктi ұлт адамдарының қоныс аударуы жөнiндегi көлiк шығыстарын қаржыландыруға 215000 мың теңге сомасында қаржы көзделсiн.
Жергiлiктi бюджеттер шығыстарының құрамында Қазақстанға көшiп келушi репатрианттарға (оралмандарға) қоныстандыруға, жайластыруға, ақшалай жәрдемақылар төлеуге байланысты шараларға жыл сайын бекiтiлiп отыратын квотамен 863200 мың теңге көзделген.
26-бап. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң құрамынан Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне берiлген әкiмшiлiк полиция бөлiмшелерiн, уақытша ұстау орындарын, облыстық, қалалық және аудандық iшкi iстер органдарының қамтамасыз ету қызметтерi мен техникалық қызметкерлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетiнiң мектеп жасына дейiнгi балалар мекемесiн ұстау жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн.
27-бап. Әскери мүлiктi жалға беруден немесе сатудан алынған қаражат жалдау қызметiн көрсетуге және мүлiктi сатуға жұмсалған шығыстар шегерiлiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қарулы Күштердiң қажеттерiне пайдаланылады деп белгiленсiн.
28-бап. Ғылыми зерттеулерге 3806690 мың теңге сомасында қаржы бөлу көзделсiн.
29-бап. Республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметiн қаржыландыруға үлестiк қатысуы жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауға байланысты шығыстар 574875 мың теңге сомасында көзделсiн.
30-бап. Қайтарымсыз негiзде: басымдықты объектiлердi қаржыландыруға 2500000 мың теңге сомасында; Қарағанды көмiр бассейнiнiң шахталарын жою жөнiндегi шараларды қаржыландыруға 1150000 мың теңге сомасында; Қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту және конверсиялау бағдарламасын жүзеге асыруға 600000 мың теңге сомасында; Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына 2500000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн. 31-бап. Мемлекеттiк геологиялық зерттеу мен жер қойнауын қорғауға арналған шығыстарды 900000 мың теңге және жер қойнауын пайдаланушылар өтейтiн қайтарымды негiзде Үкiметтiң арнаулы шешiмдерi бойынша iздестiру-бағалау жұмыстарын 150000 мың теңге сомасында қаржыландыру жүзеге асырылсын. 32-бап. Мемлекеттiк сақтандыру және жұмылдыру қорларының астығын сақтау жөнiндегi шығыстарға 500000 мың теңге мөлшерiнде қаражат көзделсiн.
33-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қоры 3238000 мың теңге сомасында, оның iшiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыру үшiн 1893398 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
34-бап. Мемлекеттiк борышқа қызмет көрсетуге арналып жалпы сомасы 26464292 мың теңге қаражат көзделсiн.
35-бап. Екiншi деңгейдегi банктерге шағын және орта бизнестi дамытуға арнап жеңiлдiктi жағдайда несиелендiруге байланысты, олардың шығыстарын өтеуге 409500 мың теңге, соның iшiнде ауыл шаруашылық өндiрiсiне байланысты 200000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
36-бап. Мынадай қаражат көзделiнсiн:
уәкiлеттiк берiлген екiншi деңгейдегi банктер арқылы ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне қайтарымды негiзде ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi несие беру үшiн 2500000 мың теңге сомасында осы қаражатты екiншi деңгейдегi банктерге беру конкурстық негiзде жүзеге асырылсын;
село тауар өндiрушiлерiн лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету үшiн қайтарымдылық шартымен 1000000 мың теңге сомасында;
қайта жаңартылатын энергия көздерiн дамыту бағдарламасын жүзеге
асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте қайтарымды негiзде бөлiнетiн 200 000 мың теңге сомасында. 37-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшiн екiншi деңгейдегi банктердiң тұрғын үй құрылысына және жеке тұлғалардың тұрғын үй сатып алуына берiлетiн ипотекалық несиелерiн қайта қаржыландыруға 3300000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн. 38-бап. 1998 жылдың 31 желтоқсанына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы нәтижесiнде пайда болған мемлекеттiк борыштың лимитi 344700000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 39-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен бұрын алынған сыртқы қарыздарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге 10221305 мың теңге көзделсiн. 40-бап. Республикалық бюджетте бұрын бюджеттен берiлген несиелер бойынша: село тауар өндiрушiлерiн ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету жөнiндегi лизингтiк операцияларды жүзеге асыруға арналған 615000 мың теңге сомасындағы; Қазақстан Республикасының Медетшi банкiне берiлген 2100000 мың теңге сомасындағы қаражаттың түсуi көзделсiн. 41-бап. 1998 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн берудiң лимитi 17020000 мың теңге сомасында белгiленсiн. 42-бап. 1998 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде: мемлекеттiк борышқа және мемлекет кепiлдiк берген борышқа қызмет көрсетуге байланысты шығыстар; зейнетақыларды төлеуге арналған шығыстар мен трансферттер; жалақы төлеуге арналған шығыстар;
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа мiндеттi жарналар төлеуге байланысты шығыстар;
бiлiм, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде және әскери мекемелерде азық-түлiк сатып алуға, сондай-ақ дәрi-дәрмек сатып алуға арналған шығыстар секвестрлеуге жатпайды.
43-бап. Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
"1998 жылға арналған
республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 201-1 Заңына N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының 1998 жылға
арналған республикалық бюджеттi Санат Сынып Сыныпша Атауы Сомасы Ерекшелiк (мың теңге) ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________ 1. Кiрiстер 196503609 1 САЛЫҚ ТҮСIМДЕРI 127863115 1 Кiрiстерге және капитал өсiмiне салынатын 33161049 табыс салығы 1 Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 26652283 1 Резидент-заңды тұлғалардан алынатын табыс 23987322 салығы 2 Резидент емес-заңды тұлғалардан алынатын 2664961 табыс салығы 2 Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы 6508766 1 Жеке тұлғалардан алынатын төлем көзiнен 6508766 ұсталатын табыс салығы 4 Меншiкке салынатын салықтар 600000 2 Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн 600000 алымдар 1 Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн 600000 алымдар 5 Тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге 85012066 салынатын iшкi салықтар 1 Қосылған құнға салынатын салық 60900773 1 Iшкi өндiрiс тауарларына, жұмыстар мен қызмет 47900773 көрсетулерге салынатын қосымша құнға салынатын салықтар 2 Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн 13000000 тауарларға салынатын қосылған құн салығы 2 Акциздер 7917603 19 Бензин 6333603 20 Өңделмеген мұнай 1584000 3 Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн 16193690 түсiмдер 5 Iшкi жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын 1514000 бонустар 6 Iшкi жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын 14679690 роялти 6 Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға 9090000 салынатын салықтар 1 Кеден төлемдерi 6290000 1 Импорттық кеден баждары 6290000 2 Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын 2800000 басқа да салықтар 1 Кедендiк бақылау мен кедендiк рәсiмдердi 2800000 жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер САЛЫҚҚА ЖАТПАЙТЫН ТҮСIМДЕР 17680594 1 Кәсiпкерлiк қызмет пен меншiктен түсетiн 14982744 кiрiстер 2 Заңды тұлғалардан және қаржы мекемелерiнен 14890500 түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдер 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң 400000 табысынан түсетiн түсiмдер 3 Мемлекетке тиесiлi акциялар пакетiне 3500000 дивидендтер түсiмi 5 Тәркiленген, иесiз қалған мүлiктi, мемлекетке 57000 мұрагерлiк құқықпен өткен мүлiктi, қазыналарды, олжаларды сатудан түсетiн түсiмдер 6 Республика iшiнде берiлген қарыздар мен 515000 несиелер үшiн алынатын сыйақылар (мүдделер) 10 "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн 9418500 жалгерлiк төлем 11 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерi 1000000 бойынша алынған сыйақылар (мүдделер) 3 Меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер 92244 4 Шет мемлекеттердiң Үкiметтерiне мемлекеттiк 92244 несиелер берiлгенi үшiн алынатын сыйақылар (мүдделер) 2 Әкiмшiлiк алымдар мен төлемдер, коммерциялық 1718900 емес және жолай сатудан алынатын кiрiстер 1 Әкiмшiлiк алымдар 885000 7 Қазақстан Республикасының азаматтарына 600000 төлқұжаттар беру үшiн төлемдер, үй кiтаптарын сатудан түскен түсiмдер 10 Басқа да әкiмшiлiк алымдары 285000 3 Басқа да төлемдер және коммерциялық емес және 833900 жолай сатудан алынатын кiрiстер 1 Мемлекеттiк мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлем 200000 9 Басқа да төлемдер және коммерциялық емес 633900 және жолай сатудан алынатын кiрiстер 3 Айыппұлдар мен санкциялардан түсетiн түсiмдер 19500 1 Айыппұлдар мен санкциялардан түсетiн түсiмдер 19500 3 Стандарттар мен сертификаттау ережелерiнiң 10500 талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдерi, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатудан алынған табыстар сомасының түсiмi 7 Экономикалық нормативтердi және статистикалық 9000 есеп берудiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген мерзiмдерiн бұзғаны үшiн екiншi деңгейдегi банктерге қолданылатын санкция сомаларының түсiмi 5 Салыққа жатпайтын өзге түсiмдер 959450 1 Салыққа жатпайтын өзге түсiмдер 959450 3 Қоршаған ортаны қорғау қорына түсiмдер 674850 9 Салыққа жатпайтын өзге түсiмдер 284600 3 КАПИТАЛМЕН ЖАСАЛҒАН ОПЕРАЦИЯЛАРДАН 50959900 АЛЫНАТЫН КIРIСТЕР 1 Негiзгi капиталды сату 45000000 1 Негiзгi капиталды сату 45000000 4 Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден 45000000 түсетiн түсiмдер 2 Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату 5959900 1 Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату 5959900 1 Мемлекеттiк материалдық резервтерден тауарлар 3522900 сатудан түсетiн түсiмдер 2 Мемлекеттiк қорлардан астық сатудан түсетiн 2437000 түсiмдер II. Алынған ресми трансферттер (гранттар) 7455200 4 АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР (ГРАНТТАР) 7455200 1 Басқа деңгейлердегi мемлекеттiк басқару 6300000 органдарынан 5 Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 6300000 сақтандыру жарналары бойынша берешектердi өтеу 2 Сыртқы көздерден 1155200 1 Сыртқы көздерден 1155200 1 Ағымдағы 500000 2 Күрделi 655200 Ф/тон Функция Шағын функция Атауы Сома Мекеме (мың теңге) ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________ III. Шығыстар 281334379 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет 32387419 көрсетулер 1 Заң шығарушы орган және басқа функцияларға 23385944 енгiзiлмеген өзге де органдар, қаржы және салық-бюджет саясаты, шет мемлекеттерге экономикалық көмек көрсетудi қоспағанда сыртқы экономикалық қызмет 1 Заң шығарушы орган және басқа функцияларға 1431766 енгiзiлмеген өзге де органдар 101 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 372272 Әкiмшiлiгi 102 Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 789555 Шаруашылық Басқармасы 104 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 238741 Кеңесi 637 Қазақстан Республикасының Конституциялық 31198 Кеңесi 2 Қаржы және фискальдық қызмет 15373936 217 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 15239250 311 Қазақстан Республикасының Инвестициялар 65764 жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 406 Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау 27922 жөнiндегi есеп комитетi 660 Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар 41000 жөнiндегi ұлттық комиссиясы 3 Сыртқы экономикалық қызмет 6580242 204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 3310101 министрлiгi 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 244980 министрлiгi 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 2133510 министрлiгi 411 Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы 16896 және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңесiнiң атқару комитетi 601 Қазақстан Республикасының "Барлау" қызметi 299880 698 Аралды құтқару халықаралық қоры 574875 3 Iргелi зерттеулер 4084113 206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 4084113 - Ғылым академиясы 4 Жалпы сипаттағы қызмет көрсетулер 4200935 2 Жалпы жоспарлау және статистикалық 1439372 қызметтер 604 Қазақстан Республикасының Стратегиялық 1439372 жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi 3 Жалпы сипаттағы өзге де қызметтер 2761563 603 Қазақстан Республикасы Президентiнiң архивi 27947 617 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орталық 21878 архивi 621 Қазақстан Республикасының Жоғарғы және 20473 орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы 646 Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы 20622 Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 680 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет 938658 қызметi 694 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс 923154 Басқармасы 696 Қазақстан Республикасының Президентi мен 808831 Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы 5 Басқа санаттарға жатқызылмаған жалпы 716427 сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер 676 Азық-түлiк контракт корпорациясы 500000 690 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау 216427 комиссиясы 2 Қорғаныс 17544752 1 Әскери мұқтаждарға байланысты қызмет 16345542 1 Әскери мұқтаждар 16345542 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 15711418 министрлiгi 678 Республикалық ұлан 634124 4 Басқа санаттарға жатқызылмаған қорғаныс 1199210 саласындағы қызмет 308 Қазақстан Республикасының Төтенше 1199210 жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 3 Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк 27875754 1 Iшкi iстер органдары 8197677 201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 5537816 министрлiгi 624 Iшкi әскерлер бас басқармасы 2659861 2 Соттар және прокуратура 4890436 221 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 2741530 501 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 364190 502 Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 1784716 3 Қылмыстық-атқару жүйесi 5066207 623 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 5066207 министрлiгi жанындағы қылмыстық-атқару жүйесiнiң департаментi 4 Басқа санаттарға жатқызылмаған қоғамдық 9721434 тәртiп және қауiпсiздiк 303 Қазақстан Республикасы Қорғаныс 3936607 министрлiгiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетi 410 Қазақстан Республикасының Ұлттық 5094497 қауiпсiздiк комитетi 601 Қазақстан Республикасының "Барлау" қызметi 615055 649 Эргономика институты 75275 4 Бiлiм беру 17967461 1 Мектепке дейiнгi бiлiм беру 396954 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 41243 министрлiгi 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 102550 коммуникациялар министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 220107 және денсаулық сақтау министрлiгi 696 Қазақстан Республикасының Президентi мен 30478 Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы 69 Қазақстан Республикасының Президентi Iс 2576 Басқармасының Медициналық орталығы 2 Бастауыш және орта бiлiм беру 3091436 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 190633 коммуникациялар министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 2900803 және денсаулық сақтау министрлiгi 4 Арнаулы орта бiлiм беру 958555 201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 328390 министрлiгi 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 89281 министрлiгi 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 77427 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 463457 және денсаулық сақтау министрлiгi 5 Кадрларды кәсiби даярлау 199459 1 Кадрларды қайта даярлау жөнiндегi оқу 199459 орындары мен курстар 204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 1364 министрлiгi 206 Қазақстан Республикасының Ғылым 18879 министрлiгi - Ғылым академиясы 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 3318 халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 1318 министрлiгi 221 Қазақстан Республикасының Әдiлет 8752 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 125915 және денсаулық сақтау министрлiгi 641 Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық 18715 университетi 648 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы 21198 Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру институты 6 Жоғары бiлiм беру 11468614 201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 359798 министрлiгi 204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 96358 министрлiгi 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 764223 министрлiгi 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 72852 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 8481533 және денсаулық сақтау министрлiгi 308 Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар 42183 жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 309283 комитетi 611 Қазақстан Республикасының Президентiнiң 50000 жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебi 640 Қ.Яссауи атындағы Халықаралық 266245 Қазақ-Түрiк университетi 644 Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық 993572 университетi 645 Қазақстан Республикасының Президентi 32567 жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты 7 Деңгейлерi бойынша айқындалмайтын бiлiм 1782199 беру саласындағы қызметтер 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1622199 және денсаулық сақтау министрлiгi 299 Басқа ұйымдар 160000 8 Бiлiм беру саласындағы қосалқы қызметтер 70244 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 2000 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 53187 және денсаулық сақтау министрлiгi 604 Қазақстан Республикасының Стратегиялық 15057 жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi 5 Денсаулық сақтау 10916354 1 Ауруханалар 7785702 1 Кең профильдi ауруханалар 6692608 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 5909337 және денсаулық сақтау министрлiгi 697 Қазақстан Республикасының Президентi Iс 783271 Басқармасының Медициналық орталығы 3 Медициналық орталықтар мен перзентханалар 21307 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 21307 және денсаулық сақтау министрлiгi 5 Басқа iшкi топтарға жатқызылмаған аурухана 1071787 мекемелерiнiң жұмысы мен қызмет көрсетулерi 201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 96375 министрлiгi 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 226248 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 655200 және денсаулық сақтау министрлiгi 303 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң 83232 Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетi 678 Республикалық ұлан 10732 2 Емханалар және дәрiгерлер, тiс дәрiгерлерi мен 100979 орта медициналық қызметкерлердiң қызмет көрсетуi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 69460 және денсаулық сақтау министрлiгi 410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 31519 комитетi 3 Халықтың денсаулығын сақтау 1492041 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1230936 және денсаулық сақтау министрлiгi 697 Қазақстан Республикасының Президентi Iс 261105 Басқармасының Медициналық орталығы 6 Денсаулық сақтау саласындағы басқа санаттарға 1537632 жатқызылмаған жұмыс пен қызмет көрсетулер 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1537632 және денсаулық сақтау министрлiгi Әлеуметтiк сақтандыру және қамсыздандыру 9190295 1 Әлеуметтiк сақтандыру 8840367 2 Зейнетақы бағдарламалары 7863417 201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 4362170 министрлiгi 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 2727719 министрлiгi 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 66228 халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 303 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 237600 министрлiгiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетi 410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 469700 комитетi 6 Әлеуметтiк көмектiң басқа да түрлерi 976950 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 151537 әлеуметтiк қорғау министрлiгi 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 825413 коммуникациялар министрлiгi 3 Әлеуметтiк қамсыздандыру 269439 2 Әлеуметтiк қамсыздандыру - интернат 30970 үлгiсiндегi басқа да мекемелер 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 30970 әлеуметтiк қорғау министрлiгi 5 Интернат үлгiсiндегi мекемелер арқылы 238469 көрсетiлмейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi қызмет көрсетулер 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 238469 халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 4 Басқа санаттарға жатқызылмаған әлеуметтiк 80489 сақтандыру мен әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызметтер 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 80489 әлеуметтiк қорғау министрлiгi Демалысты ұйымдастыру және мәдениет 9855995 саласындағы қызмет 1 Бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру 1404720 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1338544 және денсаулық сақтау министрлiгi 230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 64895 қоғамдық келiсiм министрлiгi 696 Қазақстан Республикасының Президентi мен 1281 Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы 2 Мәдениет саласындағы қызмет 3215892 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 2933407 және денсаулық сақтау министрлiгi 230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 282485 қоғамдық келiсiм министрлiгi 3 Теледидар және радиохабарлары, баспа 5107007 мекемелерi мен қызметтерi 230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 751863 қоғамдық келiсiм министрлiгi 650 "Қазақстан теледидары және радиосы" 3028183 корпорациясы 656 "Мир" мемлекеттiк телерадио компаниясы 17110 686 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 57426 телерадиокешенi" мемлекеттiк мекемесi 689 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Хабар 1252425 агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 5 Басқа қосымша топтарға жатқызылмаған 128376 мәдениет саласында демалыс ұйымдастыру және олардың қызметi 230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 128376 қоғамдық келiсiм министрлiгi 9 Отын-энергетика кешенi 1150000 1 Отын 1150000 1 Көмiр және қатты қазба отынның басқа да 1150000 түрлерiн өндiру 699 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк 1150000 Медетшi банкi 10 Ауыл, су және орман шаруашылығы, балық 7604294 аулау, аң аулау және табиғат қорғау 1 Ауыл шаруашылығы 6042141 1 Ауыл шаруашылық жерлерi мен су ресурстарын 916899 басқару 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 916899 министрлiгi 2 Жер реформасы және жерге орналастыру 468450 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 468450 министрлiгi 3 Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау 2500000 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 2500000 министрлiгi 5 Мал дәрiгерлiк қызмет көрсету 1164064 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 1164064 министрлiгi 6 Ауылшаруашылығы зиянкестерiне қарсы күрес 778720 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 778720 министрлiгi 3 Басқа санаттарға жатқызылмаған ауыл 214008 шаруашылығы саласындағы қызмет 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 214008 министрлiгi 2 Орман шаруашылығы 1014101 206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 2000 - Ғылым академиясы 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 1012101 министрлiгi 3 Балық аулау және аң аулау 65000 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 65000 министрлiгi 4 Ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулер 5000 және тәжiрибелiк талдамалар 206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 5000 - Ғылым академиясы 11 Басқа санаттарға жатқызылмаған ауыл 478052 шаруашылығы, балық аулау, аң аулау және табиғат қорғау саласындағы қызмет және қызмет көрсетулер 218 Қазақстан Республикасының Экология және 478052 табиғи ресурстар министрлiгi Кен өндiру өнеркәсiбi және отынды қоспағанда, 1090482 пайдалы қазбалар, өңдеу өнеркәсiбi, құрылыс 1 Кен өндiру өнеркәсiбi және отынды қоспағанда, 120482 пайдалы қазбалар 206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 120482 - ғылым академиясы 3 Құрылыс 70000 232 Қазақстан Республикасының Энергетика, 70000 индустрия және сауда министрлiгi 4 Басқа санаттарға жатқызылмаған кен өндiру 900000 өнеркәсiбi және пайдалы қазбалар, ұқсатушы өнеркәсiп және құрылыс саласындағы қызметтер мен қызмет көрсетулер 218 Қазақстан Республикасының Экология және 900000 табиғи ресурстар министрлiгi Көлiк және байланыс 304329 2 Су көлiгi 120000 2 Су көлiгiн пайдалану 120000 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 120000 коммуникациялар министрлiгi 7 Байланыс жүйелерi 128360 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 128360 коммуникациялар министрлiгi 8 Басқа санаттарға жатқызылмаған көлiк және 55969 байланыс саласындағы қызмет 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 55969 коммуникациялар министрлiгi Экономикалық қызметпен байланысты басқа да 26158689 қызмет көрсетулер 3 Көп мақсатты даму жобалары 434070 104 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 343980 Кеңсесi 212 Қазақстан Республикасының Ауыл 90090 шаруашылығы министрлiгi 4 Еңбек жалпы ұйымдастыруды қоспағанда, жалпы 675009 шаруашылық және коммерциялық қызмет 218 Қазақстан Республикасының Экология және 535235 табиғи ресурстар министрлiгi 232 Қазақстан Республикасының Энергетика, 139774 индустрия және сауда министрлiгi 5 Еңбек жалпы ұйымдастыру 271261 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 271261 әлеуметтiк қорғау министрлiгi 6 Басқа санаттарға жатқызылмаған экономикалық 24778349 қызметке байланысты басқа да қызмет көрсетулер 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 140000 министрлiгi 221 Қазақстан Республикасының Әдiлет 376740 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 113109 және денсаулық сақтау министрлiгi 299 Басқа ұйымдар 24148500 14 Негiзгi топтарға жатқызылмаған шығыстар 119288555 1 Мемлекеттiк мiндеттемелермен жүргiзiлетiн 26464292 операциялар 1 Сыйақылар (мүдделер) төлеу 26148852 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 26148852 министрлiгi 2 Мемлекеттiк заемдарды орналастыруға және 315440 оларды қайта қаржыландыруға байланысты шығыстар 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 315440 министрлiгi 3 Әртүрлi деңгейлердегi мемлекеттiк органдар 92824263 арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер 105 Әкiмдер аппараты 40184263 119 Қарағанды облысының әкiмi 140000 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 52500000 халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ф/тон Функция Шағын функция Атауы Сома Мекеме (мың теңге) ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________ IV. Несиелендiру мен шегерiлген өтеу 33231936 Несиелендiру 36906822 14 2 Несиелендiру 36906822 1 Iшкi көздерден iшкi несиелендiру 19982687 115 Шығыс Қазақстан облысының әкiмi 956592 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 745290 коммуникациялар министрлiгi 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 10221305 министрлiгi 218 Қазақстан Республикасының Экология және 150000 табиғи ресурстар министрлiгi 299 Басқа да ұйымдар 7000000 667 Екiншi деңгейдегi банк 409500 699 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк 500000 Медетшi банкi 2 Сыртқы көздерден iшкi несиелендiру 16842735 104 Қазақстан Республикасы Премьер- 171990 Министрiнiң Кеңсесi 115 Шығыс Қазақстан облысының әкiмi 7338731 212 Қазақстан Республикасының Ауыл 2078540 шаруашылығы министрлiгi 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 6494015 коммуникациялар министрлiгi 232 Қазақстан Республикасының Энергетика, 759459 индустрия және сауда министрлiгi 3 Сыртқы несиелендiру 81400 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 81400 министрлiгi Өтеу - 3674886 5 ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАЕМДАРЫ МЕН ҚАРЫЗДАРЫН ӨТЕУ - 3674886 1 Iшкi несиелендiрудi өтеу - 3253935 2 Банктер мен банк операцияларының жекелеген - 892629 түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, ұйымдардың өтеуi 2 Орталықтандырылған директивтiк несие - 135000 жөнiндегi мерзiмi өткен берешектi және сыйақыларды (мүдделердi) қайтару 3 Iшкi республикалық есептеме бойынша несие - 97500 жөнiндегi мерзiмi өткен берешектi қайтару 4 Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қолдау - 43000 қорына берiлген орталықтандырылған директивтiк несиелер жөнiндегi мерзiмi өткен берешектi қайтару 5 Қаржылық емес мемлекеттiк кәсiпорындардың - 2129 өтеуi 6 Лизинг операцияларын жүргiзуге берiлген - 615000 несиелер бойынша қаражатты қайтару 4 Банктер мен банк операцияларының жекелеген - 2297306 түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өтеуi 1 Банктер мен банк операцияларының жекелеген - 2297306 түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өтеуi 5 Iшкi несиелендiрудi өтеудiң өзге де түрлерi - 64000 1 Тiкелей қаржыландыру бойынша қаражаттарды - 61500 қайтару 2 Жеке айналымдағы қаражаттың жетiспеушiлiгi - 2500 есебiнен несие бойынша қаражаттарды қайтару 2 Сыртқы қарыздар бойынша борыштарды өтеу - 420951 мақсатымен жүргiзiлген iшкi несиелендiрудi өтеу 2 Ұйымдардың өтеуi - 420951 1 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң - 420951 мемлекеттiк кепiлдiктерi бар заемдар бойынша өтеу V. Бюджет тапшылығы - 110607506 VI. Қаржыландыру - 110607506
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы