Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы

2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 15 желтоқсан N 273-ІІ 

      2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы 
      1-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 
      кiрiстер - 465612615 мың теңге; 
      алынған ресми трансферттер - 49064505 мың теңге; 
      кредиттердi қайтару - 10727276 мың теңге; 
      шығындар - 572856905 мың теңге; 
      кредиттер - 33024491 мың теңге; 
      тапшылық - 80477000 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiмiнiң болжамды көлемiнің 2,3 процентi. 
      Қазақстан Республикасының Yкiметi республикалық бюджеттің тапшылығын Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. 
      2-бап. Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшiн төлейтiн 4251500 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы республикалық бюджеттің кiрiстерiнде көрсетiледi, оның: 
      494720 мың теңгесi ақшалай түрде келiп түседi; 
      3756780 мың теңгесi қару-жарақ пен әскери техника беру, оларға жөндеу жүргiзу және әскери қызметшiлердi Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында даярлау жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Әскери ынтымақтастық туралы шарттың 17-бабына сәйкес өзге де жеткiзiлiмдер мен қызметтер көрсету түрiнде өтемдi негiзде жүзеге асырылады және оны "Әскери полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарды iске асыру" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi пайдаланады. 
      2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының түсiмi 17779000 мың теңге сомасында көзделсiн. 
      3-бап. 2002 жылы "Өнiмдердi бөлу туралы" келiсiм-шарттар бойынша алынатын Қазақстан Республикасының өнiмдердi бөлу жөнiндегi үлесi, республикалық бюджетке 90 процент, жергілiктi бюджетке 10 процент есептелетiн Батыс Қазақстан облысын қоспағанда, 100 процент мөлшерiнде республикалық бюджетке есептеледi деп белгiленсiн. 
      4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын келiсiм-шарт негiзiне көшiрудi жеделдету жөнiндегi шаралар туралы" 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 P980135_ қаулысының негiзiнде бұрын Жер қойнауын қорғаудың және минералдық-шикiзат базасын молықтырудың республикалық қорына төлемдер жасап келген жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттар жасалғанға дейiн жоғарыда аталған төлемдердi бiрыңғай бюджеттiк жiктеменiң кiрiстер жiктемесінің "Роялти" коды бойынша республикалық бюджеттің кiрiсiне төлейдi. 
      5-бап. Шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке есептелетiн салық түсiмдерінің көлемi облыстар бойынша 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
      6-бап. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2002 жылға шикiзат секторы ұйымдарынан жасалған келiсiм-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының жергілiктi бюджеттерге есептелетiн өнiм бөлу жөнiндегi үлесiнің көлемi 215089 мың теңге сомасында белгiленсiн.       7-бап. Төлеушiлер: 
      жер қойнауын пайдаланушылардың Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат базасын молықтыру жөнiндегi республикалық қор алдындағы берешегiн, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттар негiзiнде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын  пайдаланушылар өтейтiн, келiсiм-шарттық аумақтарды геологиялық зерттеуге жұмсалып, мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын бiрыңғай бюджеттiк жiктеменің кiрiстер жiктемесiнiң "Роялти" коды бойынша; 
      бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар жөнiндегi берешектi, сондай-ақ бұрын Жол қорына түсiп келген автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдарын бiрыңғай бюджеттiк жiктеменің кiрiстер жiктемесiнің "Әлеуметтiк салық" коды бойынша; 
      бұрын Жол қорына түсiп келген бензин мен дизель отынынан алынатын алым бойынша берешектi - арнайы жабдықталған тұрақты пункттерден түпкi тұтынушыға сатылатыннан басқа, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынына акциздер ретiнде тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударады. 
      8-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктiлiгi және босануы бойынша, бала туылған кезде, жерлеуге жұмыс берушiлер аударған жәрдемақылар сомасының аталған қорға аударымдардың есептелген сомасынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 процентi шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне есептелiп отырады. 
     9-бап. Акционерлiк қоғамдардан - ұлттық компаниялардан 2002 жылға арналған республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 3-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
     10-бап. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардан (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 2002 жылға арналған республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
     11-бап. Облыстық бюджеттерден және Алматы қаласының бюджетiнен  республикалық бюджетке бюджеттiк алулардың мөлшерi 2002 жылға жалпы сомасы 49064505 мың теңге, оның iшiнде: 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы