Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 96-IV Заңы

         1-бап. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2009 жылға мынадай көлемде бекітілсін:      1) кірістер — 2 768 742 908 мың теңге, оның ішінде:      салықтық түсімдер бойынша — 1 381 278 646 мың теңге;      салықтық емес түсімдер бойынша — 89 630 415 мың теңге;      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 5 458 048 мың теңге;      трансферттер түсімдері бойынша — 1 292 375 799 мың теңге;      2) шығындар - 3 178 048 422 мың теңге;      3) таза бюджеттік кредит беру — 18 736 401 мың теңге, оның ішінде:      бюджеттік кредиттер — 46 201 969 мың теңге;      бюджеттік кредиттерді өтеу — 27 465 568 мың теңге;      4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо — 145 583 080 мың теңге, оның ішінде:      қаржы активтерін сатып алу — 147 083 080 мың теңге;      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер — 1 500 000 мың теңге;      5) тапшылық — -573 624 995 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,5 проценті;      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру — 573 624 995 мың теңге.      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

         2-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін 17 250 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 717 900 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін.         Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2009 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

         4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:        бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының "Пайдалы қазбаларды өндіру салығы" коды бойынша — жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдігі сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;        бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының "Әлеуметтік салық" коды бойынша — бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары.        Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдігі сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген аударымдардың сомасына азайтады;        "Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)" коды бойынша — бұрын Жол қорына түсіп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;        "Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін дизель отыны" коды бойынша — бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.

         5-бап. Жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдарын есептелген сомаларынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 проценті шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.

         6-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 89 922 302 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:        Атырау облысынан — 20 192 716 мың теңге;        Маңғыстау облысынан — 5 342 114 мың теңге;        Алматы қаласынан — 55 811 279 мың теңге;        Астана қаласынан — 8 576 193 мың теңге.

         7-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттің мөлшері 843 100 000 мың теңге сомасында көзделсін.

         7-1-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықтың елеулі деңгейіне жол бермеу және дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға жағдай жасау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 347 900 000 мың теңге мөлшерінде нысаналы трансферт көзделсін.         Ескерту. 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап:        1) жалақының ең төменгі мөлшері — 13 470 теңге;        2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері — 5 388 теңге;        3) зейнетақының ең төменгі мөлшері — 9 875 теңге;        4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш — 1 273 теңге;        5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 13 470 теңге болып белгіленсін.        2009 жылғы 1 шілдеден бастап:        1) жалақының ең төменгі мөлшері - 13 717 теңге;        2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 5 487 теңге;        3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ      айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 1 296 теңге;        4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 13 717 теңге болып белгіленсін.         Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         9-бап. Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықтарды иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 002 "Зейнетақы бағдарламасы" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

         10-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының жедел-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтер көрсетуге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.

         11-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенциялар көлемі 526 926 835 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:        Ақмола облысына — 35 399 399 мың теңге;        Ақтөбе облысына — 17 544 081 мың теңге;        Алматы облысына — 60 034 569 мың теңге;        Шығыс Қазақстан облысына — 54 083 302 мың теңге;        Жамбыл облысына — 52 049 283 мың теңге;        Батыс Қазақстан облысына — 21 712 022 мың теңге;        Қарағанды облысына — 40 621 386 мың теңге;        Қостанай облысына — 37 721 866 мың теңге;        Қызылорда облысына — 42 159 181 мың теңге;        Павлодар облысына — 16 370 560 мың теңге;        Солтүстік Қазақстан облысына — 34 097 487 мың теңге;        Оңтүстік Қазақстан облысына — 115 133 699 мың теңге.

         12-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай мөлшерлерде ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін:      жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға — 2 097 744 мың теңге;      жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға —  5 997 531 мың теңге;      жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға — 212 012 мың теңге;      дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға — 11 383 031 мың теңге;      әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге — 936 694 мың теңге;      медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз келушілер бөлімшелерінің желісін дамытуға — 151 100 мың теңге;      үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға — 165 120 мың теңге;      медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормаларын ұлғайтуға — 4 189 900 мың теңге;      ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге — 3 280 631 мың теңге;      ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға — 2 176 334 мың теңге.       Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын пайдалану тәртібі (алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарды қоспағанда) және оларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       12-1-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте өңірлерде жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыруға  - 134 764 069 мың теңге, оның ішінде:      халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге - 117 425 642 мың теңге;      әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламасын кеңейтуге - 7 600 440 мың теңге;      кадрларды даярлауға және қайта даярлауға - 9 737 987 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.       Көрсетілген сомаларды бөлу және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

         13-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және Астана қаласының көшелерін күрделі және орташа жөндеуге 15 629 356 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.      Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         14-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге сәйкес Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 542 944 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.

         15-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ радиациялық қауіпті аймақтарда және жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрып жатқан және 1949-1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халыққа біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуге 781 147 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.      Аталған қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөлінетін болып белгіленсін.      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         16-бап. Алынып тасталды - ҚР 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         17-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға 39 258 811 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:       тұқым шаруашылығын қолдауға — 1 911 124 мың теңге; P090099       асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға — 2 497 397 мың теңге; P090167      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басымдықты дақылдар бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға — 16 262 831 мың теңге;       өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға — 2 928 650 мың теңге; P090164      ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға — 1 358 101 мың теңге;       жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге — 2 480 424 мың теңге; P090098       мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға — 11 666 580 мың теңге; P090168       қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға — 153 704 мың теңге. P090130      Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

         18-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 9 284 399 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:      негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға — 2 320 129 мың теңге;      бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға — 2 428 910 мың теңге;      мемлекеттік білім беру жүйесінде оқытудың жаңа технологияларын енгізуге — 4 535 360 мың теңге.       Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         19-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында кәсіптік және техникалық білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде кәсіптік лицейлер үшін шетелдік ағылшын тілі оқытушыларын тартуға 187 200 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.        Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

         20-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 24 782 937 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:      жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға — 9 272 618 мың теңге;      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге — 15 510 319 мың теңге.       Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

         21-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға 46 203 433 мың теңге сомасында шығындар көзделсін, оның ішінде:      ауылдық (селолық) жерлердің денсаулық сақтау ісінде ұтқыр және телемедицинаны дамытуға — 1 583 078 мың теңге;      мыналарға нысаналы даму трансферттері:      ауылдық (селолық) елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау объектілерін салуға және реконструкциялауға — 18 903 482 мың теңге;      ауылдық (селолық) жерлердің білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға — 11 026 250 мың теңге;      ауылдық (селолық) жерлердің денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға — 14 690 623 мың теңге.      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

         22-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялардың мөлшерін ұлғайтуға 1 765 645 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.      Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         23-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін беруге байланысты облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің түсімдері:      төтенше жағдайлар саласында — 713 410 мың теңге;      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында — 10 740 087 мың теңге көзделсін.      Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің аталған сомаларының республикалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

         24-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласында берілетін функцияларды іске асыруға 25 195 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.        Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

         25-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі шығыстарының құрамында агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік қолдауға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын тәртіппен:       ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын — 2 300 000 мың теңгеге; P090171       ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін — 40 000 мың теңгеге субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға 2 340 000 мың теңге көзделсін. P090170      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         26-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тізбесі мен берешек көлемі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің таратылған ведомстволарының салық берешегін және өзге де берешегін өтеуге 66 165 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         27-бап. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі шығыстарының құрамында Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Түрікменстанның шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы борышын төлеуді қамтамасыз ету үшін "Достық Энерго" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 477 481 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.         Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         28-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске-асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне:      мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға  және (немесе) сатып алуға 9 600 000 мың теңге сомасында;      инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 40 939 900 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.      Нысаналы даму трансферттерінің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

         29-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша кредит беруге 16 100 000 мың теңге көзделсін.         Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         30-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған резерві 63 697 126 мың теңге сомасында бекітілсін.      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

         31-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын төлеуге 1 010 157 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

         32-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте "Тұрғынүйқұрылысбанкі" жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңілдікті тұрғын үй кредиттері қарыз алушыларының 2008 жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 12 017 мың теңге көзделсін.         Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         33-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 4 708 237 мың теңге сомасында, оның ішінде республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды сатудан түскен 2 706 666 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, қаражат көзделгені ескерілсін.      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.11 N 198-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         34-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінің негізінде "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамының балансына бұрын берілген кредиттер жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатылатын болып белгіленсін.

         35-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі мен берешек көлемдері бойынша, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі талаптары тоқтатылатын болып белгіленсін.

         36-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 1 982 054 мың теңге көзделсін.         Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         37-бап. 2009 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 60 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.         Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.09. N 150-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         38-бап. 2009 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 1 577 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

         39-бап. 2009 жылы мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 70 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

         40-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2009 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.

         41-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.        2009 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайтын болып белгіленсін.

         42-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Президенті                                  Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы