21-бап. Қоғамдық бірлестіктердің меншігі Қоғамдық бiрлестiктер туралы Заңы
Қоғамдық бірлестіктің жарғысында көзделген қызметті материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер оның меншігі болып табылады, бұған Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған объектілер қосылмайды.
Қоғамдық бірлестіктің мүлкі, егер кіру жарналары мен мүшелік жарналарды төлеу жарғыда көзделген болса, кіру жарналары мен мүшелік жарналардан, ерікті жарналар мен қайырмалдықтардан, жарғыға сәйкес лекциялар, көрмелер, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізуден түскен түсімдерден, өндірістік және өзге де шаруашылық қызметтен алынған кірістерден және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған басқа да кірістерден қалыптасады.
Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) осы бiрлестiктерге өздері берген мүлікке, оның iшiнде мүшелік жарналарға құқықтары болмайды. Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, олар өздері мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді.
Қоғамдық бірлестіктердің меншігі Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бірлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бірі болып табылады, оның іске асырылуы қоғам мүдделеріне сай келеді және мемлекеттің қорғауында болады.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы