Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-3-бап. Жедел штабтар Төтенше жағдай туралы Заңы

3-3-бап. Жедел штабтар Төтенше жағдай туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-3-бап. Жедел штабтар Төтенше жағдай туралы Заңы 

      1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және өңірлік (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жедел штабтар құрылады. 

      2. Жедел штабтар басшыдан, басшының орынбасарларынан, оның ішінде бір бірінші орынбасарынан және штаб мүшелерінен тұрады. 

      Жедел штабтардың құрамына әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органдардың басшылары немесе өкілдері жедел штаб басшысының орынбасарлары ретінде, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. 

      3. Республикалық және өңірлік жедел штабтардың шешімдері орындау үшін міндетті болып табылады. 

      4. Жедел штабтар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 

       5. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылады. 

       Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал енгізілген жергілікті жерде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары өткізілген жағдайда, күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі жедел штабтар "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрекет етеді. 

       Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі жедел штабтың шешімі бойынша "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүддесінде басқа да мемлекеттік органдардың қажетті күштері мен құралдары қосымша тартылуы мүмкін. 

      Ескерту. 3-3-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы