3-бап. Қайырымдылық қағидаттары Қайырымдылық туралы Заңы
1. Қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары мен пайдаланушылар қайырымдылыққа заңдылық, тең құқықтылық, еріктілік және жариялылық қағидаттары негізінде қатысады.
Заңдылық қағидаты құқықтың шынайы әрекетін белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді, онда барлық тұлғалар Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген құқықтық нормаларды қатаң сақтайды.
Тең құқықтылық қағидаты қайырымдылық жасаушылардың, қайырымдылық ұйымдарының және пайдаланушылардың шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымдарына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдындағы тең құқықтарын қамтамасыз ететін құқықтық режимді сақтауды білдіреді.
Еріктілік қағидаты қайырымдылық жасаушының, қайырымдылық ұйымының пайдаланушыға қайырымдылық көмек көрсету құқығын және пайдаланушының үшінші тұлғалар тарапынан мәжбүрлеп ықпал етусіз оны алу немесе алмау құқығын белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді.
Жариялылық қағидаты қайырымдылық жасаушының, қайырымдылық ұйымының және пайдаланушының қайырымдылыққа ашық түрде қатысу, осындай қатысу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында еркін жариялау құқығын, сондай-ақ қайырымдылыққа қатысты салық, қаржылық және бухгалтерлік есептілік туралы ақпаратты ашуға кедергі келтірмеу міндетін белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді.
2. Осы Заңда көзделген іске асырылатын қайырымдылық міндеттерін таңдау еркіндігі Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана шектелуі мүмкін.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ.
Осы Заң қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы