4-бап. Ғарыш қызметінің бағыттары Ғарыш қызметі туралы Заңы
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметі мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) ғарыш саласының объектілерін құру және пайдалану;
2) ғарыш кеңістігін, планеталарды және күн-жер байланыстарын зерттеу;
3) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау;
4) координаттық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз ету;
5) ғарыштық байланыс жүйелерін құру және пайдалану;
6) ғарыш объектілерін ұшыруды жүзеге асыру;
7) ғарыштық қызметтердің ұлттық нарығын дамыту және әлемдік нарықтағы ғарыштық қызметтерді кеңейту;
8) ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы;
9) ғылыми-зерттеу жұмыстарын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 490-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы