Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Өзара сақтандыру объектiлерi  Өзара сақтандыру туралы Заңы

4-бап. Өзара сақтандыру объектiлерi  Өзара сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Өзара сақтандыру объектiлерi  Өзара сақтандыру туралы Заңы 

       1. Өз қызметтерiне байланысты белгiлi бiр тәуекелдермен бiрiккен қоғам мүшелерiнiң заңды мүлiктiк мүдделерi өзара сақтандыру объектiсi болуы мүмкiн.  

       2. Өзара сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына сәйкес "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.  

       3. Өзара сақтандырудағы сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.  

       4. Қоғам Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленетiн сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөнiндегi шектеулер ескерiлген, қоғамның жарғысында көзделген сақтандырудың екi және одан да көп сыныптарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрiн әзiрлеуге құқылы.  

      5. алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).       Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 163 Заңы. 

      Осы Заң өзара сақтандыруды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және өзара сақтандыру қоғамдары қызметiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы