Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Соғыс жағдайының кезеңi  Соғыс жағдайы туралы Заңы

5-бап. Соғыс жағдайының кезеңi  Соғыс жағдайы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Соғыс жағдайының кезеңi  Соғыс жағдайы туралы Заңы 

       1. Соғыс жағдайының кезеңi соғыс жағдайы енгiзiлген уақыттан басталады және соғыс жағдайының күшi жойылған уақытпен аяқталады.  

       2. Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде азаматтардың және басқа да адамдардың, Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 3-тармағында аталған баптарда көзделген құқықтар мен бостандықтарды қоспағанда, құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың  

       қызметiн шектеу, сондай-ақ оларға осы Заңда белгiленген қосымша мiндеттер жүктеу көзделедi.  

       3. Соғыс жағдайы енгiзiлген жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери басқару органдарының өкiлеттiктерi кеңейтiледi, оларға мемлекеттiк билiк пен басқару органдарының қорғаныс және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы барлық функциялары көшедi.  

       4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдары соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшiн қолданылады.  

      5. Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде азаматтық және аумақтық қорғаныс шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Pecпубликасының аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдарының және  

       меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңiндегi құқықтық қатынастарын реттейдi.  

       Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңiмен шектеледi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы