6-бап. Тауар биржасы Тауар биржалары туралы Заңы
1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға тауар биржасы болып табылады.
Тауар биржасы сауда-саттық жүргізуді биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша қамтамасыз етеді.
2. Тауар биржасының атауында "тауар биржасы" деген сөздер болуға тиіс.
3. Күші жойылды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Тауар биржасының жарғылық капиталы мыналарды құрайды:
биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін – Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде алты жүз мың еселенген мөлшері;
стандартталмаған тауарлармен ғана сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін – Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде үш жүз мың еселенген мөлшері.
Тауар биржалары жарғылық капиталды жүз пайыз ақшалай баламада қалыптастырады.
Ақшалай баламада қалыптастырылған жарғылық капитал тауар биржасының арнайы банктік шотындағы төмендемейтін ақшалай қалдықты білдіреді.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV Заңы.
Осы Заң тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы