Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Магистральдық құбыр туралы Заңы

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Магистральдық құбыр туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Магистральдық құбыр туралы Заңы  

      Уәкілетті орган: 

      1) магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 

 

      1-1) магистральдық құбыржол саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 

      2) магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады; 

      3) өнім түрлері бойынша ұлттық операторлар туралы ережелерді әзірлейді; 

      4) магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      5) магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      6) магистральдық құбыр саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді; 

      6-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; 

      6-2) магистральдық құбыр салу туралы шешім қабылдайды; 

      6-3) өнім түрлері бойынша ұлттық операторларды айқындайды, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекітеді; 

      7) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді; 

      8) жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 

      9) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесін жасау тәртібіне сәйкес мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесін бекітеді; 

      10) өз құзыреті шегінде магистральдық құбыр саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекітеді; 

       11) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

      12) өнім сапасы банкін қолдану қағидаларын бекітеді; 

      13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы. 

       Осы Заң магистральдық құбырды жобалау, салу, пайдалану, консервациялау және жою кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және магистральдық құбырды тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы