7-бап. Қайырымдылықты үйлестіру және бақылау Қайырымдылық туралы Заңы
1. Жергілікті атқарушы органдардың қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары қайырымдылық көмек көрсету туралы ұсыныстармен өздеріне жүгінген кезде әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде олардың қызметін үйлестіруге құқығы бар.
2. Қайырымдылық ұйымы кірісінің мөлшері мен құрылымы, сондай-ақ оның мүлкінің құрамы, шығыстары, жұмыскерлерінің саны мен құрамы, олардың еңбегіне ақы төлеу туралы мәліметтер коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. Қазақстан Республикасының резиденттері жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық ұйымдар, шетелдіктер және (немесе) азаматтығы жоқ адамдар қайырымдылық көмек көрсетуге өтеусіз берген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті жариялауға міндетті.
4. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын шетелдік және (немесе) халықаралық қайырымдылық ұйымының филиалы және (немесе) өкілдігі жыл сайын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құрылтайшылары (қатысушылары), мүліктің құрамы, кірістің қалыптасу көздері және ақшаны Қазақстан Республикасында жұмсаудың бағыттары туралы мәліметтерді қамтитын қызметі туралы есепті жариялауға міндетті.
5. Алып тасталды – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ.
Осы Заң қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы