Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi  Автомобиль көлiгi туралы Заңы

8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi  Автомобиль көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi  Автомобиль көлiгi туралы Заңы 

      1. Автомобильмен тасымалдау: 

      1) жолаушылар мен багажды тасымалдау; 

      2) жүк тасымалдау; 

      3) пошта жөнелтілімдерін тасымалдау болып бөлiнедi. 

      2. Қатынас түрлерi бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау: 

      1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдаулар; 

      2) республикаішілік – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді. 

      3. Алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

      4. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгісіне қарай: 

      1) қалалық (ауылдық) – елді мекеннің белгіленген шекаралары шегіндегі тасымалдау; 

      2) қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекараларынан өлшенетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақпен елді мекенді жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау; 

      3) ауданішілік – бір аудан шегіндегі елді мекендер арасындағы тасымалдау; 

      4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) – әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді облыстық маңызы бар қалалармен жалғастыратын, бір облыс шегіндегі тасымалдау; 

      5) облысаралық қалааралық – әртүрлі облыстардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен жалғастыратын тасымалдау болып бөлінеді. 

      5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру сипатына қарай тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді. 

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңы. 

      Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы