8-бап. Қоғамның құрылтай құжаттары Өзара сақтандыру туралы Заңы
1. Қоғамның құрылтай шарты мен жарғысы оның құрылтай құжаттары болып табылады.
2. Қоғамның құрылтай шартында:
1) құрылтайшылардың сақтандыру шартына қол қою және сақтандыру сыйлықақыларын енгiзу жөнiндегi мiндетi;
2) құрылтайшылардың қоғамды құруға және оның қызметiн ұйымдастыруға байланысты әкiмшiлiк шығыстарға енгiзетiн ақшалай жарналарының мөлшерi қамтылуға тиiс.
3. Қоғамның жарғысында, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мәлiметтерден басқа:
1) өзара сақтандыруға жататын мүлiктiк мүдделердiң ортақтығын, қоғам мүшелерiнiң қай кәсiп иесi екенiн, қызметтер аясы мен мүдделерiнiң ортақтығын көрсетудi қоса, қоғам мүшелерiн бiрiктiру негiздемесi;
2) қоғам мүшелерiнiң жауапкершiлiгi, оның iшiнде сақтандыру мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ қосымша жарналар енгiзу жөнiндегi субсидиарлық жауапкершiлiгi;
3) сақтандыру сыныптары;
4) сақтандыру сыйлықақылары мен өзге жарналарды төлеу тәртiбi;
5) қоғам құратын сақтандыру және өзге де резервтердi қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi;
6) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
7) қоғам мүшелерiне қоғам қызметi туралы ақпарат беру тәртiбi;
8) қоғам мүшелiгiне кiру тәртiбi, сондай-ақ қоғамға мүшелiктi тоқтату негiздемелерi және тәртiбi қамтылуға тиiс.
Қоғам жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.
4. Қоғамның жарғысына жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты және қалауы бойынша әкесiнiң аты, сондай-ақ тұратын жерi мен жеке басын куәландыратын құжат деректерi, заңды тұлғалар үшiн - толық атауы, орналасқан жерi мен мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы деректер көрсетiлген қоғам мүшелерiнiң тiзiмi қоса берiледi.
Қоғам өз мүшелерiнiң тiзiмiн жүргiзу мен сақтауды қамтамасыз етедi.
5. Қоғам жарғысы қоғам мүшелiгiне кандидаттарға танысу үшiн берiлуге тиiс.
6. Қоғам жарғылық, соның ішінде әділет органдарында қайта тіркеуді талап ететін құжаттарына енгізілетін өзгерістер немесе толықтырулар мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн iшiнде уәкiлеттi органға жарғылық құжаттарға енгізілген өзгерістердің немесе толықтырулардың нотариат куәландырған, оны тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар көшірмесін табыс етуге міндетті.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 163 Заңы.
Осы Заң өзара сақтандыруды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және өзара сақтандыру қоғамдары қызметiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы