⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Сарапшылық кеңес Ақпараттандыру туралы Заңы

8-бап. Сарапшылық кеңес Ақпараттандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Сарапшылық кеңес Ақпараттандыру туралы Заңы 

      1. Сарапшылық кеңесті уәкілетті органның басшысы басқарады және оның құрамына лауазымды адамдар – мемлекеттік орган қызметінің ақпараттандырылуына жауапты мемлекеттік органдардың басшылары, уәкілетті органның, "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторының, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның және ақпараттандыру саласындағы өзге де ұйымдардың өкілдері аталған органдар мен ұйымдардың келісуі бойынша кіреді. 

      2. Сарапшылық кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады. 

      3. Сарапшылық кеңес ақпараттандыру саласындағы мәселелерді қарайды және ұсыныстарды және (немесе) ұсынымдарды тұжырымдайды. 

      Сарапшылық кеңестің өкілеттіктері мен қызмет тәртібі сарапшылық кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалады. 

       4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі арнайы сарапшылық кеңес құрады.  

      Оның ережесі мен құрамы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі. 

      Арнайы сарапшылық кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның жұмыс органы болып табылады. 

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы