Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама  Жарнама туралы Заңы

8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама  Жарнама туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама  Жарнама туралы Заңы 

      1. Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындаған және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, тәулігіне хабар таратудың жалпы көлемінің жиырма пайызынан аспауға тиіс.  

      Тәулігіне жарнама таратудың жалпы көлемінде жарнаманың жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі жалпы ұзақтығы хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жиырма пайыздан артық болмауға тиіс.  

      Теле-, радиоарналардағы қазақ тіліндегі жарнаманың жергілікті уақытпен сағат нөлден бастап есептелетін, әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.  

      Әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, теле-, радиоарналардағы қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдердегі жарнаманың көлемі масс-медиа саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын масс-медианың мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес орналастырылатын жарнама материалдарының хронометражымен айқындалады.  

      Тек қана жарнама сипатындағы хабарларға мамандандырылған теле-, радиоарналардағы телесауда көлемі шектелмейді.  

      Жарнаманы трансляциялау кезінде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиіс.  

      1-1. Міндетті теле-, радиоарналарда өтеусіз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемі жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап есептелетін, ұзақтығы алты сағат уақыт аралығында міндетті түрде екі рет шыға отырып, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтыдан бастап есептелетін, ұзақтығы он сегіз сағат уақыт аралығында кемінде он рет шығуға тиіс.  

      Әлеуметтік жарнама Қазақстан Республикасының аумағында қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де эфирге оның күн сайынғы шығатын барлық уақыты бойы біркелкі таратылады.  

      2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс.  

      3. Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлуге тыйым салынады.  

      4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.  

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 116-VIII ("Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.   

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы