9-бап. Ассамблея Сессиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы
1. Ассамблея Сессиясы — Ассамблея мүшелерінің жиналысы (бұдан әрі — Сессия) Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады.
2. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
3. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.
4. Сессияның ерекше құқығы:
1) алып тасталды - ҚР 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) Ассамблеяның дамуын айқындауда тұжырымдамалық ұстанымдарды әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзу;
3) алып тасталды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі);
4) Ассамблея мүшелерінің есептерін тыңдау болып табылады.
5) алып тасталды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).
5. Егер Ассамблея жұмысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Сессия заңды болып есептеледі.
6. Сессияның шешімі, егер оған қатысып отырған Ассамблея мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Дауыс беру тәртібі мен нысанын Сессия айқындайды.
7. Сессияның шешімін Ассамблеяның Төрағасы бекітеді. Ассамблея Сессиясының шешімдеріндегі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жіберілген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұсынымдар және ұсыныстар міндетті түрде қарауға жатады.
Сессияның жұмысы Сессия шешімімен бекітілетін регламентпен реттеледі.
8. Алып тасталды - ҚР 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 361-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы