9-бап. Босқындардың құқықтары мен міндеттері Босқындар туралы Заңы
1. Босқындардың:
1) панаға;
2) тиісті уәкілетті органдардан шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат сұратуға;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының босқын мәртебесін ұзартудан бас тарту туралы, одан айыру немесе оны тоқтату туралы шешіміне шағымдануға;
4) шыққан еліне өз еркімен қайтуға немесе кез келген үшінші елге қоныс аударуға;
5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсетілуіне;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек ету бостандығына немесе кәсіпкерлік қызметке;
7) мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарын сот арқылы қорғауға;
8) өзімен алып келген, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жиған мүлкін қоныстану үшін өзіне құқық берілген басқа елге әкетуге;
9) босқын куәлігін және жол жүру құжатын алуға құқығы бар.
2. Босқындар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен шығып кету ниеті туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлауға;
3) Қазақстан Республикасының аумағында болатын жері өзгерген кезде бұрын болған жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының есебінен шығуға және келген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа болатын жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында есепке тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен болатын жері бойынша есепке тұруға міндетті.
3. Босқындар мәртебесі бар адамдардың өзге де құқықтары мен бостандықтары болады, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді мойнына алады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы