Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Ата-ана құқығынан айыру, қалпына келтіру немесе шектеу туралы

Ата-ана құқығынан айыру, қалпына келтіру немесе шектеу туралы

Ата-ана құқығынан айыру, қалпына келтіру немесе шектеу туралы

 Ата-ана құқығынан айыру, қалпына келтіру немесе шектеу туралы

 

Бала тәрбиесі бойынша азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бала мүдделерімен үйлесімде қоғам мен мемлекет алдындағы ата-аналардың балаларды тәрбиелеу бойынша табиғи құқығымен және міндеттерімен байланысты жеке-жария, құқықтық сипаттағы өзара қатынастардың кең спекторын қамтиды. Осыған байланысты аталған қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық база негізінен мына нормативтік құқықтық актілерді қамтиды:

- Қазақстан Республикасының Конституциясын (37 б.),

- 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін

- Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 4 «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы» нормативтік қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен).

Отбасы-неке заңнамасы талаптарына сәйкес, атап айтқанда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР кодексі талаптарына сәйкес атаана өз балаларының денсаулығына қамқоршы болуға, оларды тәрбиелеуге, балалардың дене, психикалық, мінез-құлық және рухани дамуы үшін өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге, балалардың орта білім алуларын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналық құқықтарындағы қалпына келтіру мәселелері аталған кодекстің 78-бабының талаптарымен реттеледі.

Ата-ана ата-аналық құқықтарда егер олар өз мінез-құлықтарын, өмір сүру үлгісі мен бала тәрбиесіне көзқарасын өзгерткен болса қалпына келтіре алады. Қалпына келтіру мәселесі қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен прокуратураның қатысуымен сот тәртібінде қарастырылады. Бұл ретте 10 жасқа толған балаға қатысты ата-аналық құқықты қалпына келтіру тек баланың келісімімен ғана мүмкін болады.

Ата-аналық құқықты қалпына келтіру туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы бір шешімге қатысты, арызданушы С.В. Заболоцкая Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың ісі бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына туған жылы 13.07.2010ж. кәмелетке толмаған А.Н. Заболоцкаяға қатысты ата-аналық құқықты қалпына келтіру туралы «Егіндікөл ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт» ММ-ге талап-арызбен жүгінген, ол Ақмола облысының кәмелетке толағандардың ісі бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 27.03.2013жылы ол өз баласын тәрбиелеу және қарау бойынша мәндеттерін орындамауына байланысты ата-аналық құқықтан айырылғанын көрсеткен, бейәдеп өмір сүрген, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланған, жұмыс істемеген, бала үшін тұрғын-жай-тұрмыстық жағдайлар жасамаған. Қазіргі уақытта ол А.В. Клишинмен оның үйінде бірге некесіз тұрып жатыр, сол жерге тіркеуге тұрған, спирттік ішімдіктер пайдаланбайды, Агротехникалық колледжге оқуға түскен. Бұл ретте ол өзінің мінез-құлқы мен өмір сүру әдебін өзгерткен, алкогольдік ішімдіктер пайдаланбайды. Қазіргі уақытта ол бір жылдан астам уақыт бойы А.В. Клишин және оның ата-анасымен тұрып жатыр. Өзі мен некесіз тұрып жатқан А.В. Клишинмен арасында некегеге тұрмаған, себебі өзі мұны қаламайды. Ол тұрып жатқан үй оның некесіз тұрып жатқан адамының ата-анасына тиесілі, ол жерде баланың тұруы және тәрбиеленуі үшін барлық жағдай жасалған. Ол 2014 жылғы шілдеде апендицитке ота жасауды басынан кешіруіне байланысты жұмысқа орналаса алмайды, себебі алты ай бойы жұмыс істеуге болмайды, Агротехникалық колледжде «Сатушы» мамандығы бойынша оқиды. Оны ата-аналық құқығынан айырғаннан кейін қызына балалар үйіне бір рет 2013 жылы шілдеде барып қайтқан. Барған кезде бала қатты жылаған, сондықтан оған баланың жүйкесін бұзбау үшін келуге тыйым салған. Кейін ол бірнеше рет балалар үйіне бірнеше рет қоңырау шалған, алайда оған бала қамқоршылыққа берілді деп жауап берген. Ол баланы қамқоршылыққа алғандардың деректерін білуге тырысқан, бірақ оған бас тартылған.

2014 жылы қыркүйек айында баланы қарауға алименттер бойынша қарызын бір реттік төлеммен 65 695 теңге мөлшерінде толық көлемде төлеген.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 78-бабына сәйкес егер ата-аналар мiнез-құлқын, тұрмыс салтын және бала тәрбиесіне көзқарасын өзгерткен болса, сот олардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiруi мүмкiн. Алайда, сотқа бұған тиісті дәлел ұсынылған жоқ.

«Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ негізделген теріс қорытынды берілді. Бір жыл алты айдың ішінде анасы баласына 2013 жылы шілдеде тәрбиешінің қарауымен барып қайтқан, мұның өзінде бала анасына бармай, жылай бастаған, ал осыдан кейін оны біразға дейін тыныштандыра алмаған. С.В. З-каяға ешкім баласына келуге тыйым салмаған. Осыдан кейін ол келмеген, жүгінбеген, көмек көрсетпеген. Талапкер балалар үйіне сирек қоңырау шалған, көбіне оның некесіз тұрып жатқан адамы А.В. К-ин қоңырау шалған. Қазір бала жайлы отбасында тұрып жатыр, ол жерде оған жақсы, бала басқаша болып өзгерген. Балалар үйі балаға шот ашқан, алайда ешқандай қаражат түспеген. С.В. З-кая 14.05.2013 жылдан бері «Алкогольді пайдалану нәтижесінде пайда болған психикалық және мінез құлықтың бұзылуы, тәуелділік синдромы» диагнозымен дәрігерде есепте тұр. Тәуелділік синдромында толық айығу мақсатында стационарлық ем курсын қабылдауы тиіс. Аудандық аурухананың 23.09.2014 жылғы анықтамасына сәйкес С.В. З-кая 14.05.2013 жылдан бері «Алкогольді пайдалану нәтижесінде пайда болған психикалық және мінез құлықтың бұзылуы, тәуелділік синдромы» диагнозымен дәрігер-наркологта есепте тұр. 14.05.2013жылдан 23.09.2014 жыл аралығында талапкер стационарлық ем қабылдамаған.

Талапкер есптен шығуы үшін 5 жыл бойы дәрігердің талабын сақтауы тиіс, алкогольдік ішімдік ішпеуі тиіс, толық оңалту курсынан өтуі тиіс. С.В. З-кая алкогольдік тәуелділіктен толық емделді деп есептеуге болмайды, себебі аз ғана уақыт өтті.

С.В. З-каяға баланы алып кетуге әлі ерте, психиатр айтқандай, бала оны ұмытып қалған және ол үшін психикасының бұзылуна апарады. С.В. З-каяның оны ата-аналық құқығынан айырғаннан кейін 8айдан соң берілген ата-аналық құқықты қалпына келтіру туралы талапарызы бойынша сот 25.11.2013 жылы талап арыз талаптарынан бас тарту туралы шешім шығарды. Талапкер тек 11 ай өткен соң ғана ата-аналық құқықты қалпына келтіруге сотқа арыздана алады.

Бурабай ауданы әкімінің 10.09.2013 жылғы қаулысының негізінде ҚР азаматтарының қамқоршылығына берілгені белгіленді.

Осылайша, сотпен балаға алимент аудару арқылы немесе басқа да қаражатпен және тәсілдермен талапкердің көмек көрсетпегені белгіленді, алайда оған баланың науқас екені және дәрігер-неврологта есепте тұрғаны және емделу қажет екені мәлім еді.

Сотпен С.В. З-цкая жұмыс істемейтіні, өз тұрғын-жайының жоқ екені, қазіргі уақытта бір жылдан астам уақыт бойы некесіз тұрып жатқан А.В. К-инмен оның ата-анасының үйінде тұрып жатқаны белгіленді.

Бұл ретте олар заңды некеге тұруға асықпайды. Аталған жағдайлар талапкердің аталған отбасындағы тұрақсыз ахуалын көрсетеді. Одан басқа 24.09.2014 жылғы медициналық анықтамаға сәйкес талапкердің некесіз тұрып жатқан адамы А.В. Клишин 3 топтағы мүгедек және «Жарақаттанғаннан кейінгі 2 дәрежелі энцефалопатия. Гипертензиялық, дискоординарлық, сіреспе синдромы жиі генерализациялайтын талмасымен» диагнозы бойынша неврапотологта «Д» есебінде тұр. Сондай-ақ аталған ауру бала тәрбиесіне кедергі келтіретіні келтірмейтіні туралы мәселені шешу үшін науқастың АОБП жағдайында стационарлық тексеруден өтуі қажет екені белгіленген. Бұл ретте А.В. К-шин осындай тексеруден өткені туралы және бала тәрбиесі үшін қарсы көрсетілім жоқ деген мәлімет ұсынылмаған.

Балалар үйіне жас С.Н. З-кая 2 жас 7 айлығында түскен, салмағы мен бойы жасына сәйкес келмеген. Бала аса қараусыз халде болған, сөздердің тек бастапқы буындарын айтатын болған, баланың тіл және психомотрлық дамуы кешеуілдеген. Бала қазіргі уақытта қамқоршылардың қолында тұрып жатыр, олар балаға деген өз көзқарастарымен және қамқорлығымен оның денсаулығы жағдайын қалпына келтіру үшін қажетті жағдаймен және емдоммен қамтамасыз етті. Бала сөйлесе бастады, қамқоршыларды мама және папа деп атай бастады, балабақшаға барады.

Осылайша, бұл жағдайда сотпен тағы да талапкердің ата аналық құқығын қалпына келтіру баланың психикалық және физикалық денсаулғын жаралайтны туралы шешім дұрыс қабылданған, себебі талапкер ата-аналық құқығынан айырылған күннен бастап ата-аналық құқықты қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдамаған, баланы тәрбиелеу және қарау үшін тұрақты тұрғын-жай-тұрмыстық жағдайды жасау, дәрігер-наркологтан есептен шығу сияқты баламен қарым-қатынасты жақсарту сияқты шаралар қабылдамаған. Тиісінше, ата-аналық құқықты қалпына келтіру туралы негізделмеген талап-арыздық талаптарды формальды шығару оларды қанағаттандыру үшін негіздеме бола алмайды.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.