Балалармен араласу тәртібін анықтау туралы
Алайда, судьялардың талапкердің дауды сотқа дейін реттеу мүмкіндігі болмағанын қате санап, талап-арыздарды негізсіз қайтарған кездері де болды.
Осылайша, А.ина Ж.С. қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгінген, аталған орган 2012 жылғы 30 маусымда дүниеге келген қызы Томириспен бірге тұратын әкесінің келісімінің болмауына байланысты, анасының баласымен араласу тәртібін анықтаудан бас тартқан. Бұдан кейін, А.жина Ж.С. баламен араласу тәртібін анықтау туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының судьясы ҚР АПК-нің 154-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес талап-арызды қайтара отырып, талапкер Ж.С. А.наға өзінің мүддесін қорғап қалу бойынша қажетті процестік белсенділік таныту керектігін және қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін алу қажеттігін көрсетті.
Ақмола облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы В.В.Б.чтің Н.А.Б.ичке қатысты баламен араласу тәртібін анықтау туралы талап-арызын қайтару туралы ұқсас ұйғарымның күшін жоя отырып, талапкер Кодекстің 73-бабында белгіленген тәртіпті сақтағанын көрсетті. Жауапкердің келісім жасауға ниеті жоқ, бірақ солай бола тұра жазбаша бас тартуды бермейді. Сондықтан да талапкер Кодекстің 73-бабында белгіленген тәртіпке сай әрекет ете отырып, сотқа жүгінген.
Ақмола облысы Көкшетау қалалық соттың шешімімен В.В. Б.чтің 2009 жылғы 23 қыркүйекте дүниеге келген ұлы Вячеславпен араласу тәртібі анықталды, аталған тәртіп бойынша ол ұлымен сенбіде 12 сағат 00 минуттан 21 сағат 00 минутқа дейін, жексенбіде 10 сағат 00 минуттан 19 сағат 30 минутқа дейін араласа алады. Сондай-ақ, талапкер алдын ала жасалған келісім бойынша анасы мен баласының тұрғылықты жері бойынша тараптарға ыңғайлы кез келген уақытта баламен араласу тәртібін, сондай-ақ жазда және қыста бір-бір айдан оның тұрғылықты жері бойынша баламен араласу тәртібін анықтауды сұрады.
Сот баламен араласудың көрсетілген тәртібін анықтай отырып, оның жасын (4 жаста), денсаулығының жай-күйін (туылғанынан бастап психикалық ұстамамен ауырады) ескерді. Бұдан бөлек, сот баланың тұрғылықты жер бойынша медициналық көмек алатынын, емнің тұрақтылығын және оның психологиялық жай-күйін сақтау үшін оны анасымен қалдыру қажеттігін ескерді. Ем тоқталған кезде, дағдылы жағдайдың, кәсіпқойлығына қарамастан дәрігерлердің ауысуы ем алу бала үшін тиімсіз және нәтижесіз болуы мүмкін.
Ал бұл оның психикалық жайкүйіне әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, соттар баланың туыстарының баланың ата-анасына қатысты баламен араласуда кедергілерді жою туралы талап-арызы бойынша істерді қарады. Баланың әжесі мен атасы осы санаттағы істердің талапкерлері болып табылады. Негізінен, баланың мүддесіне қайшы келмеген жағдайда, талапарыздар қанағаттандырылды.
Баламен араласу тәртібін анықтау туралы азаматтық істердің сотта талқылауының өзіндік ерекшелігі бар, істі қарау барысында процеске қатыспайтын баланың құқығы қорғалады.
Егер сотта баладан жауап алу қажеттілігі туындаса, онда бұл сот отырысында да, сол сияқты педагогтың қатысуынсыз да бола береді. Сот процесінде оның тәрбиесіне, оған ата-анасының қарым-қатынасы мәселелерін анықтаған уақытта, сот отырысында баладан жауап алуға жол беріледі. Олардың жүріс-тұрысы даудың нақты шешілуіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Баланың пікірі істің басқа дәлелдемелерімен жиынтықта бағаланады. Осыған орай, егер оның мүддесіне қайшы келмесе, баланың пікірін есепке алу міндетті.
Қорыту барысында анықталғандай, баладан жауап алу және оның пікірін анықтауды қорғаншылық және қамқоршылық органы, сондай-ақ, соттық талқылау сатысында соттар жүргізе алады. Осындай жағдайларда жастық критерий әрекет етеді. 10 жасқа толмаған баладан жауап алуды қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдері жүргізеді. Бұдан бөлек, баланың пікірін анықтауды басқа да тұлғалар (педагогтер, балабақша мекемелерінің тәрбиешілері) жүргізе алады. Нәтижелері сот отырысында істі қарау процесінде танысу үшін берілетін тиісті құжаттарда тіркеледі.
Атырау облысының апелляциялық сатыдағы соты жеке тұратын атаана А.И. Д.аның кәмелетке толмаған ұлымен араласу тәртібін анықтау туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоя отырып және өтінішті қараусыз қалдыра отырып, ҚР АПК-нің 249-бабы 1-тармағына, атап айтқанда, даудың сотқа дейінгі реттелуі мақсатында қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгіну қажеттілігінесілтеме жасады. Алайда, сот актілерінің мазмұнынан анықталғандай, ананың ұлымен араласу тәртібін анықтау туралы мемлекеттік органның шешімі бар, бірақ олардың араласуына баланың әжесі қарсылық білдіруде.
Осы жағдайда, аталған мемлекеттік орган шешімінің орындалуын қамтамасыз ету үшін А.И. Дарменованың өтінішпен қорғаншылық және қамқоршылық органға жүгіну қажеттілігі туралы соттың түсінігін дұрыс деп тануға болмайды, себебі жеке тұратын ата-ананың кәмелетке толмаған баласымен араласуына кедергі келтіруші тараптарды сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылққа тартуға болады. Бұдан бөлек, ҚР АПК-нің 249-бабы 1-тармағында көзделген негіз бойынша егер дауды сотқа дейінгі реттеудің мүмкіндігі болмаса, өтінішті қараусыз қалдыруға болады. Келтірілген мысалда осы айтылып отырған мүмкіндік жоғалған, тек қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі бар. Сондықтан соттар жеке тұратын ата-ананың кәмелетке толмаған баласымен араласу құқығын қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ете отырып, норма және материалдық және процестік құқықтың талаптарын қатаң сақтаулары қажет.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі пәтерге кіргізуді міндеттеу туралы талап арызы
55 рет жүктеп алынды -
Сотшешімі ортақ мүлік деп тану, оны бөлу туралы
61 рет жүктеп алынды