Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жұбайының өлімімен келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы

Жұбайының өлімімен келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы

Жұбайының өлімімен келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы

 Жұбайының өлімімен келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы

 

Талапкер Н.Е.С-ова Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының № 2 сотына моральдық зиянды өндіру туралы талап арызымен жүгінген. 13.07.2014 жылы сағат 17.00-де Теректі ауданының Подстепное ауылының жанында «Орал-Ақсай» және «Орал-Жамбейт» көлік жолдары маңында құрылыс-монтаж жұмыстар жүргізілу кезінде оның жолдасы Ж-ан Бериккалиевич С-вқа электр тогы соғуы, оның қайтыс болуына соқтыртқан жазатайым оқиға болған. Қайтыс болу уақытына оның жұбайы «ВодоканалСтройСервис» ЖШС-мен еңбек қатынасында болған. Жазатайым оқиғасы туралы актісіне сәйкес, жұмыс беруші «ВодоканалСтройСервис» ЖШС-нің кінәсі дәрежесі 50 %, «Зап.-Каз.РЭК» АҚ-ы 30 %, оның жұбайының кінә дәрежесі – 20 %. Некеден 02.04.2014 жылы туылған Бекет деген ұлы бар. Жазатайым оқиғаның нәтижесінде ол жолдасысыз, ал баласы – әкесіз қалған. Жазатайым оқиғадан өткен жан күйін, жабырқаңқылығын, ашынуын, кемісін, күйзелісін 5 000 000 теңгеге бағалаған.

АК-нің 951-бабына сәйкес, жауапкерден жоғары қауiптiлiк көзi ретінде келтірілген моральдық зиян үшін аталған соманы өндіруді сұраған.

Іс бойынша 13.07.2014 жылы Подстепное к. № 3 телімі «Водоканал СтройСервис» ЖШС-мен темір бетонды ағаш тіректерін ауыстыру кезінде электромонтажник 27.03.1981 жылы туылған Жоламан Бериккалиевич С-ов электр травмасын алып, алған травмалардан қайтыс болған.

Жазатайым оқиғасының нақты тергеу актісіне сәйкес, «Водоканал СтройСервис» ЖШС-нің - 50%, «Зап.-Каз.РЭК» АҚ-ы - 30%, жұмыскердің - 20% кінәсі анықталған.

Талапкер аталған талап арызды жауапкер «Зап.-Каз.РЭК» АҚ-нан келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы түрінде 5 000 000 теңгені өндіруді сұраған, өйткені жолдасының өлімі оны жан күйзеліске, жабырқаңқылыққа, ашынуына, кемісіне, күйзеліске әкеп соқтыртқан, ол жас кезінен жесір болып, ал олардың ортақ 02.04.2014 жылы туылған ұлы Бекет әкесіз қалған.

Бірінші сатыдағы соттың анықтауына сай «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасының Нормативтік Қаулысының 3 тармағына сәйкес, бұзылуы, айырылуы немесе кемiтiлуi азаматқа моральдық зиян келтiруге әкеп соғатын мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар деп азаматқа тумысынан немесе заңға сәйкес тиесiлi және оның жеке басымен тiкелей байланысты құқықтар мен игiлiктердi түсiну қажет.

Адамға тумысынан тиесiлi игiлiктерге өмiр сүру, денсаулықты, арнамысты, бостандықты, жеке басына қол сұқпаушылықты, ал құқықтарға - тұрғын үйiне немесе меншiгіне қол сұқпаушылық құқығын, жеке өмiрiнiң немесе отбасының құпиясын, телефон, телеграф хабарларының құпиясы мен хат алысу құпиясы құқығын; атын пайдалану құқығын; өз бейнесiне құқығын; интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне құқығын қорғау туралы заңнамаға сәйкес авторлық құқықты және мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды; емiн-еркiн жүрiп-тұру және тұратын жерiн таңдау, нанымды ақпарат алу құқығын және республиканың заңнамалық актiлерiмен көзделген басқа да құқықтарды жатқызуға болады. Бұндай құқықтар мен игіліктер басқа тәсілмен айырылмайды және берілмейді.

Соған орай, заң шығарушы моральдық зиянды – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде зардап шегушінің өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.), - деп анықтаған.

Осыған орай, моральдық зиянды өтеу туралы талап азаматтың жеке басымен тығыз байланысқан. АК-нің 13-бабының 2-тармағына сәйкес, азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

Істің материалдарынан, жауапкердің заңсыз әрекеттерінің салдарынан зиян Жоламан Бериккалиевич С-вқа келтіріліп, содан 16.07.2014 жылғы № 0992513 қайтыс болу туралы куәлігіне сәйкес ол 13.07.2014 жылы қайтыс болғанын көруге болады. Талапкер Н.Е. С-аға қатысты жауапкермен заңсыз әрекеттердің жасалмағанынан, моральдық зиянды өндіру туралы талапты қанағаттандыруға негіз болмаған, сонымен сотпен талап арыз қанағаттандырылмаған.

Жолдасының өліміне байланысты моральдық зиянды өтеу талабы үшін заңды негіздердің болмауы жайлы және ондай құқық тек жеке басы зардап шеккен жеке тұлғаларға жатады деген бірінші сатыдағы соттың пікірмен келісу қиын. Егер адам туғанынан берілген өмір деген игіліктен айырылса, онда ол өзі моральдық зиянды өндіру құқығын қолдана алады, алайда ондай құқықпен оның жақын туыстары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.