Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Полиция қызметкерлерінің заңсыз іс әрекеттерімен келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы

Полиция қызметкерлерінің заңсыз іс әрекеттерімен келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы

Полиция қызметкерлерінің заңсыз іс әрекеттерімен келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы

Полиция қызметкерлерінің заңсыз іс әрекеттерімен келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы

Қостанай облысы Лисаковск қалалық сотының 17.09.2015 жылғы шешімімен талапкер В.А.Ко-дің жауапкер Лисаковск қалалық ішкі істер бөлімінің жол-патрульдік полициясына полиция қызметкерлерінің заңсыз іс әрекеттерімен келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Бірінші сот сатысында анықталғаны, 30.07.2015 жылы сағат 05:30-да Лисаковск қалалық ішкі істер бөлімінің жол-патрульдік полициясы қызметкерлері В.А. К-йға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы №0070776 хаттама толтырған. Хаттама толтыруға негіз болып табылғаны, ол талапкер В.А. К-кий 30.07.2015 жылы сағат 05:25-де Лисаковск қаласы Больничный көшесінде оқылмайтын мемлекеттік тіркеу белгісімен көлік жүргізген, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 590-бабы 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Әкімшілік хаттамамен талапкер танысып, ПАЗ 32054 мемлекеттік номері Р 277 ХКМ автобуспен, оқылмайтын мемлекеттік номерлі белгімен жүргізгені жөнінде тиісті түсініктеме берген. Соынмен қатар, 30.07.2015 жылы сағат 05:45-те Лисаковск қалалық ішкі істер бөлімінің жол-патрульдік полициясы қызметкерлері В.А. К-ийға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы №0070777 екінші хаттама толтырған.

Бұл жолы хаттама толтырудың негізі В.А. К-кий 30.07.2015 жылы сағат 05:45-де Лисаковск қаласы Больничный көшесінде ПАЗ 32054 мемлекеттік номері Р 277 ХКМ автобуспен автокөліктің әйнегінде шытынаудың орын алуына байланысты болған, яғни В.А. Ко-кий Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 590- бабы 5-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Жоғарыда ішкі істер органдары тарапынан толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар ешкіммен шағымдалынбаған, олар заңды күшіне ие болған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процессуалдық кодексінің 71-бабы 3-1 бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне еңген сот қаулысымен анықталған әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы адамның кінәлілігі азаматтық істерді қарау барысында қайта дәлелденбейді.

Қазақстан Республикасының заңнамаларымен хаттаманы толтыру уақыты реттелмеген. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған сәттен, тез арада толтырылуы тиіс деп көрсетілген.

Бірінші сатыдаға сот, нақты жағдайда полиция қызметкерлерімен әкімшілік хаттамалар кезекпен, әкімшілік құқық бұзушылық анықталғаннан соң барып, заңды түрде толтырылған деп қорытындыға келеді.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.