Қызметкерге артық төленген сомаларды өндіріп алу туралы даулар
Сот практикасында қызметкерге артық төленген сомаларды өндіріп алу туралы азаматтық істері жиі кездеседі мыслыға Ақтөбе гарнизонының Әскери соты 2016 жылдың 4 наурызында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің «2029 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекеменің Б.Г.Г. әскери қызметтен өткен кезеңінде жұмыс істемеген күндерге төленген 3 629 теңге сомасында ақшалай үлесті мемлекеттің пайдасына өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралған.
Істің мән-жайларынан мәлім болғандай, әскери бөлім командирінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 81 және № 55 бұйрықтарымен жауапкер аға нұсқаушы лауазымына тағайындаумен жеке құрамның тізіміне алынған болатын.
Әскери бөлімі командирінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 109 Г. бұйрығымен Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-б. 1-т. 3) т. негізінде бөлімнің тізімінен шығарылумен келісімшарттың мерзімі өтіп кеткендіктен әскери қызметтен запасқа шығарылған болатын.
Қызметтен шығарылғанға дейін әскери бөлім істің материалдарына сәйкес 2015 жылдың сәуір айына жауапкерге ақша үлесі бойынша толық есеп айырысуды жүзеге асырған.
Ақша үлесін есептеу туралы үзіндіден мәлім болғандай, жауапкерге 2015 жылдың сәуір айына 108 878 теңге сомасында төлем жүзеге асырылған.
АК-нің 960-б. 3) т. сәйкес Согласно подпункту 3) статьи 960 ГК, негізсіз байлық ретінде азаматқа оның тарапынан терiс пиғыл болмаған жағдайда күнкөрiске арналған қаражат ретiнде (жалақы, авторлық сыйақы, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу және т.б.) берілген және иемденушi пайдаланған ақша сомасы қайтарылуға жатпайды.
Қызметтен шығарылған әскери қызметшінің тарапынан жауапсыздығы болмағандықтан, талап арыздарды қанағаттандырудан бас тартылған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.