Сотқа жүгінудің талап қою мерзімдері қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта алу даулары бойынша
Еңбек Кодексінің 160-б. сәйкес келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:
1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі ай;
2) басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл.
Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясы болмаған жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Талап қою мерзімі даудағы тараптың арызы бойынша ғана қолданылуы мүмкін. Шешім шығарғанға дейін осындай арыздың жоқтығында дау мәні бойынша шешіледі, ал оның өткізілуі сотпен талқыланбайды. Бұл ретте Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №9 «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» (кейінгі өзгерістермен) нормативтік қаулысының 5-т. еңбек кодексінің 172- бабында қарастырылған мерзімдер дәлелді себептер бойынша өткізіп алынғаны белгілі болған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігіне ол туралы көрсетеді және дауды мәні бойынша шешеді деп түсіндірілген.
Егер сот талапкердің еңбек құқықтары бұзылды, алайда ол Еңбек Кодексімен көзделген жүгінудің мерзімін дәлелді себептерсіз өткізіп алғанын анықтайтын болса, онда сот шешімнің уәждеу бөлігінде бұл құқықтардың бұзылғаны туралы көрсетеді, және жүгіну мерзімін өткізіп алумен байланысты талаптан бас тартады.
Талап қою мерзімін өткізіп алу себептерінің дәлелділігін анықтау басты мәселе болып табылады. Еңбек Кодексі еңбек дауларына қатысты сотқа жүгіну мерзімін өткізудің дәлелді себептерінің түсінігін және тізімін анықтамады. Осыған орай талапкердің жеке басына (ауыр ауру, әлсіз күй, сауатсыздық және т.б.) байланысты мән-жайларды, ҚР АК-нің 185-б. көзделген осы мән-жайлар орын алған мерзімдерді және басқа да дәлелді себептерді ескерген жөн.
Сотқа жүгінгенге дейін талапкерлер еңбек даулары бойынша прокуратура немесе еңбекті қорғау жөніндегі өкілетті органдарға жүгінген кезде, одан кейін жүгіну мерзімін өткізіп алумен сотқа талап қояды, осы ретте бұл органдар өз құзыреті шегінде еңбек жанжалын шешу бойынша құқықтық шараларды қолданды, осындай жағдайларда мерзімді өткізіп алу себебін дәлелді деп тану дұрыс.
Осылайша, Н.С.С. амалсыз жұмысқа шықпаған уақытқа жалақыны өндіріп алу туралы талапты мәлімдемей, жұмыстан шығару, жұмысқа қайта орналастыру туралы бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою туралы талаппен сотқа жүгінді.
Талапкер өз талаптарын Павлодар қаласының ІІБ әкімшілік полициясы бөлімінің полицияның учаскелік инспекторы лауазымында жұмыс істеген деп уәждеді. Павлодар облысының ІІД 2015 жылғы 185 мамырдағы № 163 бұйрығымен Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 80-б. 1-т. 12 т. бойынша ішкі істер органынан шығарылған. Қызметтен шығарудың негіздемесі 2015 жылдың 15 наурызында «Кружева» мейрамханасына полиция қызметкерлерін шақыру фактісі негіз болған, онда белгісіз адам бұзақылық ниетпен осы мейрамхананың бармені П.А.И. дене жарақаттарын түсірді, салдарынан ол ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды. Тергеушінің 2016 жылғы 1 мамырдағы қаулысымен ҚР ҚПК-нің 35-б. 1-б. 2-т. бойынша әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығынан іс қысқартылған, ол туралы 2016 жылдың 29 қыркүйегінде Н.С.С. мәлім болды. Бұйрықтағы Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 80-б. 1-т. 12 т. сілтеме негізсіз, себебі оны қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарқан. Сондықтан да облыстың ІІД 2015 жылғы 15 мамырдағы № 163 бұырғын заңсыз деп танып, оның күшін жойып, Павлодар қаласының ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің полиция инспекторларының бөлімшесінің учаскелік инспекторы лауазымына жұмысқа қайта орналастыруды сұрайды.
Павлодар қалалық сотының 2016 жылғы 1 қарашадағы шешімімен Н.С.С. талап арызын қанағаттандырудан бас тартылған.
Өз шешімін сот Еңбек Кодексінің 172-б. көзделген жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну үшін жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай белгіленген мерзім талапкермен өткізіп алынғанымен уәждеді.
Облыстық соттың сот алқасымен анықталғандай, бірінші сатыда істі сот талқылауына дайындау сатысында 2016 жылдың 25 қазанында жауапкердің өкілімен талап қою мерзімін қолдану туралы арыз берілген. Талапкердің тарапымен аталған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат қарау кезінде алдын ала сот отырысында мәлімденбеген, бұл тараптың процестік қатесі болып табылады. Талапкердің 2016 жылғы 1 мамырдағы сотқа дейінгі тексерісті тоқтату туралы қаулыға сілтеме оның жұмыста қайта орналастыру негіздемесі ретінде негізсіз, себебі ол шағымдайтын бұйрыққа сәйкес Н.С.С. Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 80-б. 1-т. 12 т. бойынша оны қылмыстық жауаптылыққа тартуына байланысты емес, облыстың ІІД Тәртіптік комиссиясының 2015 жылғы 13 мамырдағы хаттамалық шешім мен 2015 жылғы 13 сәуірдегі қызметтік тергеудің қорытындысы негізінде қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылған.
Сондықтан да 2017 жылғы 19 қаңтардағы қаулымен бірінші сатыдағы соттың бұл шешімі өзгеріссіз, ал талапкердің апелляциялық шағымы – қанағаттандырусыз қалдырылған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі жұмыстан бостау туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмысқа қайта алу туралы
62 рет жүктеп алынды -
Шешім «қатаң сөгіс» беру туралы бұйрығын бұзуды, жұмысқа қайта орналастыруды моральдық шығын өндіру
71 рет жүктеп алынды -
___~1
55 рет жүктеп алынды -
__4C2B~1
54 рет жүктеп алынды -
__5A69~1
55 рет жүктеп алынды -
Шешім өкімін заңсыз деп тануды, бұрынғы Жаңақоныс ауылдық округі әкімі қызметіне қайта орналастыру
65 рет жүктеп алынды