Адам өлтіру қылмыстық істері бойынша
Барлық жеке адамға қатысты қылмыстардан аса ауыр болып адам өлтіру болып табылады, осыған байланысты аса қатаң жаза көзделген. Осы санаттағы қылмыстар соттардан іс бойынша айғақтарды толық, жанжақты зеріттеуді талап етеді, себебі адамды қасақана өлтірді деп айыптай немесе ақтай отырып, сотқа оның ішінде мемлекетке, заңды дұрыс қолдану жауапкершілігі жатады.
Сонымен қатар сот əділдігінің мақсаты болып қасақана адам өлтіруді дəлелдеу, оған күдікті адаманың қатыстылығын ғана дəлелдеу емес, оның осы қылмысқа қатысты еместігін дəлелдеу болып табылады.
Сонымен адам өлтірді деп тұланы айыптай отыра жəне оған жаза тағайындап немесе ақтап сот мұндай шешімге тек айғақтар толық жəне қол жетімді болғын кезде келуі қажет. Қасақана адамды өлтіру қылмыстық жазалау əрекет ретінде өзінің мəнін қай уақытта болса да жоғалтқан емес, себебі адамның өмірі ең құнды жəне орны толмас құндылық. Сонымен бірге бұл сұрақтың мəнділігі келесі де, талдаудың авторларының пікірі бойынша соттар осы санаттағы істер бойынша кейбір кезде заңнаманы дұрыс қолданбайды, жəне оларды қараған кезде бірыңғай тəжірибе қолданады.
Осындай криминологиялық сипаттама ауырлататын мəн жайларда адам өлтіруге көбінесе кəмлет жасқа толған, жұмыссыз 50 жасқа дейінгі ер азаматтар бейім, қылмысты олар мас күйінде топпен жасаған.
Қазақстан Республикасының соттарының актілерін зерделеу жəне жүйелеу келесіні көрсетті, кейбір соттар Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы нөмірі 1 Адамның өмірімен денсаулығына қатысты қылмыстарды саралау, 2007 жылғы 11 мамырдағы нөмірі 2 Қажетті қорғаныс туралы заңнаманы қолдану туралы қаулыларын дұрыс түсінбейді, жəне оның салдарынан кінəлі адамның іс əрекетін саралағанда заң бұзушылыққа жол береді.
Сонымен Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының 15 маусым 2015 жылғы үкімімен (судья А А Бакин ) Бекбосынов Б.С., 07.08.1979 жылы туған ҚР ҚК-ң 99-бабы 1- бөлігі бойынша кінəлі деп танылып, 8 жыл бас бостандығынан айырылған.
11.03.2015 жылғы үкімге сəйкес Б. кешкі уақытта өзінің туысы Б.-мен бірге Өскемен қаласында спирттік ішімдіктер ішеді. Спирттік ішімдіктер ішкен кезде Б. жəне Б.-ның арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласады. Төбелес кезінде пайда болған жаман қарым қатынастардың салдарынан Б.-ға Б.-ны қасақана өлтіру туралы ой келеді. Ойына алғанды жүзеге асыру үшін, Б. жатын бөлмеде, басым күш қолданып Б.-ның өмірге маңызы бар дене бөліктеріне қол жəне аяқтарымен ұра бастайды, нақты айтқанда басы жəне кеуде тұсынан. Осы соққылардан Б. кереует жəне терезе аралығындағы еденге құлайды. Өзінің қылмыстық іс əрекетін ары қарай жалғастыра отырып, Б. үлкен стакан алып, жəне оны қылмыс құралы ретінде пайдаланып, қасақана, басым күшпен, еденде жатқан Б.-ның өмірлік маңызы бар органдары, нақты айтқанда бетіне жəне басына үш соққы береді. Миының жабық қабатына алған соққыдан жəне механикалық асфикция қанмен тыныс алу жолдарының жабылуынан, оған негіз болған ернінің ашық жарақаты жəне кеңсірігнің сынуы салдарынан денсаулығына аса қауіпті жарақат салдарынан Б. қылмыс болған жерде қайтыс болған. Бірінші инстанциялық соты Б. жəне Б. дене жарақаттарын төбелес кезінде алған деп анықтаған.
Сот қорғаушының жəне соталушының Б. Б.-ға дене жарақатын қорғану салдарынан келтіргені,соңғының адам өлтіру туралы ойы болмағаны, осыған байланысты оның іс əрекетін ҚР ҚК-ң 102-бабы бойынша, қорғаныс шегінен асырып кісі өлтіру деп саралау қажет деген пікірін негізге алмады, жəне бұл жауаптарын сотталушыны заңмен көзделген аса ауыр қылмыстар үшін жауаркершіліктен əкету деп санады.
Бірінші инстанция соты өзінің үкімінде қорғаушының Б.-ның жəбірленушіні өлтіру туралы ойы болмаған деген пікірінің дұрыс еместігін толық негіздеген, ал сотталушының Б.-ны өлтіруді қаламағаны туралы жауабын толық зерттемеген.
Алайда осы тұста сотталушының қасақана адам өлтіргендегі кінəсі дəлелденді дегенін жоққа шығаратын негіздер бар. 13.03.2015 жылғы нөмірі 263 СМС қортындысынан Б.-ның өлімі тыныс алу жолдарының қанмен жабылуына байланысты болғанын көрсетеді. Қан ағу ернінің жоғарғы бөлігінің ашық жарақаты, кеңсірігінің сынуы.
Сотта сарапшы осындай жарақат алған Б.-ға алғашқы медициналық көмек көрсетілседе оны құтқару мүмкін емес деп көрсеткен.
Дəлелдеменің нақты осы тұсы сотпен тиісті түрде зеріттелмеген. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 11.05.2007 жылғы Адам өміріне жəне денсаулығына қарсы қылмыстар туралы нормативтік қаулысының 30 тармағына сəйкес қасақана адам өлтіру туралы қылмыстарды басқа қасақана қылмыстардан бөлу қажет, денсаулыққа жарақат келтіру, абайсызда жəбірленушінің өліміне əкелу, кінəлінің ниетін анықтау, оның өз іс əрекетіне субъетивті қарауы жəне жəбірленушінің өлімі.
Қылмыстың субъективті жағын анықтай отыра жəне кінəсінің нұсқасын анықтай отыра, жасалған қылмыстың барлық мəн жайын зерттеу қажет, оның ішінде айыпталушы мен жəбірленушінің қарым қатынастарын, қылмыстың тəсілі мен қаруын, дене жарақатының сипатын жəне санын, қылмыс субъктісінің заңға қайшы əрекнтерін тоқтатуы жəне т.б., жəне оның қылмысқа дейінгі жəне одан кейінгі іс əрекеті.
Сотпен істің барлық мəн жайлары анықталмаған, атап айтқанда егер қасақана қылмыс жасалды десе Б. өзінің қажеті дегеніне жеткенін анықтады ма екен, сонымен қатар, ол өзінің əрекеті салдарынан адамның өліміне əкеліп соғатынын білді ме. Оның жауаптарына тиісті баға берілмеген, оның жауаптарынан дене жарақтын алғанан кейін Б. құлаған жеріне отырған, ал ол басқа бөлмеге барып мас болғандықтан жəне қатты шаршағандықтан ұйықтап қалған. Таңертең тұрып дүкенге барған, ол жерден арақ алып үйге келген, арақты құйып Б.-ны оятуға жəне татуласуға барған. Осы кезде еденмен төскетің арасынан Б.-ның өлі денесін тапқан. Б.-ның өлгенін түсінген ол арақ ішіп, содан кейін əкесіне хабарласып болған жайды айтып полиция шақыруды сұраған. Егер аталған жауаптарға сүйенетін болсақ, Б. төбелестен кейін тірі болған жəне сотталушыға өзінің ойына алған əрекетін жүзеге асыруға ешкім бөгет болмаған.
Осы жағдай Б.-ның жəбірленушінің өліміне қатысты абайсыз əрекет болған.
Алғашқы көмек көрсетілген жағдайда да Б.-ны құтқару мүмкін емес деген пікір жоққа шығарылады, жəбірленушінің өлімінің алдын алу мүмкін еместігінің анықтау үшін арнайы білім қажет, ондай білім сотталушы Б.-да жоқ.
Келесі мысал: Алматы облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соттың 12.05.2015 жылғы үкімімен Г., 25.08.1957 жылы туған, ҚР ҚК-ң 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмысты жасағаны үшін кінəлі деп танылған жəне 13 жыл бас бостандығынан айырылған.
Сот үкімімен ол келесі жағдайларда қылмыс жасады деп кінəлі болып табылған. 2015 жылдың 03 наурызында сағат 15 шамасында Г. өзінің көршісі Т.-ға келген. Біраз сөйлескенен кейін сағат 16 шамасында Г. үйге кетуге жиналады, осы уақытта Т. «Арақ бар, ішесің бе?» деп сұраған. Г. Т.-ның ұсынысымен келісіп сотталушының үйіне келеді, осы жерде ас үй бөлмесінде арақ іше бастаған. Сағат 18 шамасында жəбірленуші Т. мас болып өзінің əйелі К.-ны Г.- дан қызғанады жəне оны балағаттай бастайды. Осы уақытта Г. шығып өзінің үйіне бағыт алған тауықтарға жем беру үшін. Содан кейін 10-15 минут өткеннен кейін Г. ас үйге кіргенде жəбірленуші Т. оның балағаттап, өзінің қолында тұрған балтамен жүгірген, осы жерде екеуінің арасында жанжал шыққан. Г. мас күйінде, өзінің күшінің басым екенін пайдаланып, Т.-ның қолын бұрап балтаны жұлып алған. Осының салдарынан Г.-да Т.-ны өлтіру туралы ой туындаған, өзінің қылмыстық əрекетін жүзеге асыра отырып оның денесіне бірнеше рет балтамен соққы берген, өмірінің мəнді жерлеріне жəне басынан, осының салдарынан оны өлтірген. Сот сараптамасының қортындысына сəйкес №02-12-21 27.03.2015 жылғы Т.-ның өлімі басынан алған жарақатының салдарынан болған. Сотталушы Г. сотқа ҚР ҚК-ң 99-бабы 2-бөлігі «3,5» тармақтары бойынша берілген.
Бірінші инстанциядағы сот сотталушы Г.-ның іс əрекетіне заңды баға бере отырып сотталушының іс əрекетін ҚР ҚК-ң 99-бабы 3- бөлігі «3,5» тармақтарынан 99- бабы 1- бөлігіне қайта саралау себептерін толық негіздеген, оның іс əрекетінен адамды дəрменсіз халде болғанда жəне айуандықпен өлтірді деген белгілерді алып тастаған.
Үкімге сəйкес 2015 жылдың 13.01. сағат 20.00 шамасында К. өзінің үйінен шыққанда, танысы Д.-ны кездестірді. Екеуі дүкеннен арақ сатып алып, оны көшеде ішкен.
Түнгі уақытта одан əрі спирт ішімдіктерін ішуді жалғастыру мақсатында екеуі тағыда дүкенге барып, арақ сатып алған соң Д.-ның үйіне келген.
Осы үйде əрі қарай ішуді жалғастырған. Масайған Д. өзінің жұбайы Б.- ға тиісе бастаған, оны балағаттаған. 2015 ж. 14.01 сағат 03.00 шамасында Б. үйінен қашып кеткен.
Осыдан соң Д.в қасында қалған К.-ға тиіскен де олардың арасында ұрыс-керіс басталған, екеуі далаға шыққан. Даладағы ұрыс- керіс барысында Д. шаруашылықта қолданатын балтаны алып, К.-ны соғып, оны жарақаттаған. Осы кезде араларында пайда болған керісудің салдарынан К.-да оны өлтірмекші, яғни басқа адамды қасақана өлтіру туралы қылмыстық пиғыл пайда болып, қылмыстық пиғылын жүзеге асырмақ болады.
Осы оймен Д.-ны жерге құлатып, оның қолынан балтаны жұлып алып, жерде жатқан Д.-ның өмірлік маңызы зор мүшесі басына балтаның өткір жүзімен көптеген соққы соғады. Дене жарақатын келтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кетеді. 2015 ж. 14.01. сағат 06.00 шамасында өзінің үйінің ауласында қанға оранып жатқан Д.-ны көрген көршілері жедел медициналық жəрдемді шақыртып, олар оны ауруханаға жеткізген.
Алған дене жарақатының нəтижесінде Д. 2015 ж. 14.01 орталық ауруханасында көз жұмған. Баяндалғаннын негізінде, бірінші сатылы сот, ұрыс-керіс барысында жəбірленуші Д.-ның К.-ға қатысты балтамен шабуыл жасап, сотталушыға жарақат салғанын анықтады.
Аталмыш жағдай 2015 ж. 14.01 №13 сот –медициналық сараптамасының К.-ның иегіндегі жыртылған жара мен басының шашты бөлігіндегі көптеген гематомаларды анықтаған қорытындысымен расталады. Аталмыш дене жарақаты қатты тұйық заттың əсері нəтижесінде пайда болған, өмірге қатерлілік белгісі бойынша денсаулыққа жеңіл зиян келтіру санатына жатады. Иегіндегі жараның балтаның жүзімен келтірілгені жоққа шығарылмайды.
Бірінші сатылы сот себеп-салдарды анықтау бөлігінде К. мен Д.-ның арасындағы келіспеушіліктің нəтижесінде бір-бірімен төбелесудің орын алғанын көрсетті. Алайда, сот анықтау бөлігінде бұл туралы көрсетпеген, тек қана ұрыс-керіс барысында Д.-ның балтаны алып, К.-ға жарақат салғанын, сондай-ақ сот жəбірленушінің өзінің ұрыс-керісті бастағанын мойындаған.
Сотталушының қылмыс жасау кезіндеқажетті қорғаныс жағдайында болғанын ескерусіз қалдырған, мұны бірінші сатылы сот К.-ның қылмыс жасалу орнына қатысты шатасқан түсініктеме беруіне қарай, сонымен қатар балтаны тартып алғаннан кейін К.-ның оқиға болған орыннан қылмыс жасамай-ақ кетіп қалу мүмкіндігі болғанын ескере отырып жасаған.
Қылмыс жасалған орынды нақты көрсете алмауы өздігімен К.-ның қасақана адам өлтіргенін, сондай-ақ қажетті қорғаныс амалдарын асыра пайдалану салдарынан адам өлтіргенін жоққа шығармайтынын атап өткен жөн. Сонымен қатар, іс материалдарымен оқиға орны анықталған.
К.-ның балтаны тартып алғаннан кейін, оқиға орынан кетіп қалмауы, одан əрі Д.-ның əртүрлі дене бөліктеріне балтамен соққы жасауы, керісінше сотталушының қажеті қорғаныс амалдарының шегінен шығып кеткендігін нақты дəлелдейді. Өйткені, өзіне шабуыл жасаған Д.-ны өлтірудің қажеттілігі болған жоқ.
Дəл осындай жағдай С.-ға қатысты сот үкімінде де байқалады.
С. 01.01.1986 жылы туған, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа берілген. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 ж. 18.05. үкімімен С. ҚР ҚК 99- бабының 1-бөлігіне сəйкес сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айрылған.
Үкімге сəйкес 2015 жылдың 25 қаңтарында сағат 22.00 шамасында Алматы қаласында тұратын С. пен оның күйеуі Р.-ның арасында ішімдік ішуден мас болу күйінде ұрыс-керіс шығып, бір-бірімен келіспеушіліктің арты төбелеске айналған. Себебі, С. Р.-ға ас үйде салдырлатып шулап, ұйықтап жатқан жас баланы оятатыны туралы ескерту жасаған, төбелесу барысында С. пен Р. бір-біріне дене жарақатын салған. Осы төбелес кезінде С. өлтіру мақсатында, яғни Р.-ны қасақана өлтіру үшін асханадағы тұрмыстықшаруашылық мақсатта пайдаланылатын, сабы ағаш пышақпен қаруланып, ауыз үйде оның кеуде тұсына көптеген сұғылған, түйреп-кесілген жарақат салған. Түйреп-сұғу барысында оның жүрегі мен екі өкпесін жарақаттап көп қан жоғалтып, соның салдарынан жəбірленуші Р. көз жұмған.
Сот отырысында сотталушы С. өзін Р.-ның үнемі ұрып-соққанын, өзін ұрып-соғып жатқан соң оны жай ғана пышақпен қорқытпақшы болғанын, ал қалайша пышақпен жарақат салғаны есінде жоқ екенін көрсетті
С. күйеуін қасақана өлтіру қылмысына кінəлі деп таба отырып, бірінші сатылы сот ерлі-зайыптылардың арасында төрт жыл бойында ұрыс-керіс болып, арты төбелеске ұласып отырғанын қарауға алмай, С.-ң əрекетін қажетті қорғаныс күйінде жасалған қылмыс ретінде бағалауға негіз таппады.
Алайда, тікелей Р.-ы өлтіру қылмысы жасалғанға дейін, оның сотталушыны ұрып-соғып отырғаны жөніндегі сотталушының көрсетулеріне сот тиісінше баға бермеген. Бұл көрсетулер 2015 ж. 28.01. № 04-06-316 сотмедициналық сараптамасының қорытындысымен келіседі. Қорытындыға сəйкес сотталушының денесінде келесідей дене жарақаттары табылған: басында, мойнында жəне аяқтарында қанталау іздері, мойны мен сол жақ аяғында сырылған іздер бар, бұл жарақаттар белгілері бойынша денсаулыққа жеңіл зиян келтіру санатына жəне қысқа мерзімдік зияндығы 21 күннен кем емес уақытқа созылатын жарақатқа жатады. Олар қандай да бір қатты, жұмыр заттың əрекетімен салынған, ал басының айналасындағы қанталаулар 6-7 тəуліктен кем емес уақыт аралығында салынған, қалған жарақаттар қаулыда көрсетілген мерзімде салынуы мүмкін.
Ал Р.-ң денесінен пышақ жарақатынан басқа сол жақ бетінің тырналғаны мен қандай да бір қатты, жұмыр затпен келтірілген оң жақ төменгі қабағында қанталау ғана табылған.
Сотталушының көрсетулері мен қорғаушы тараптың қажетті қорғаныс амалдарынан шегінен шығу орын алғаны жөніндегі пікірін жоққа шығаратын қандай да болмасын басқа дəлелдер үкімде көрсетілмеген.
Бірінші сатылы сот С.-ң əрекетін қасақана адам өлтіру жатқызу үшін қажетті дəделдің бірі пышақ қолдану деп есептейді, соттың пікірінше бұл Р.-ны өлтіру ойын куəландырады. Алайда, қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтірудің қасақаналық сипаты бар екендігін сот назардан тыс қалдырған.
Бірінші сатылы соттың үкімін жалпылау авторларының пікірінше жасалған қылмыстың жағдайларын мұқият зерделеп, оларға, соның ішінде сотталушының көрсетулеріне тиісінше баға беру қажет еді. Оның орнына, соттың кінəлі деп тану үкімінің негізіне субъективтік мəліметтер, атап айтқанда ерлі-зайыптылардың арасындағы тұрмыстық қатынастарының жараспауы негіз болған.
Келесі мысалда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 ж. 31.07 үкімімен 1999 ж. 25.03. туған кəмелетке толмаған К. ҚР ҚК 99-бабының 1- бөлігіне сəйкес жалпы режимді тəрбиелеу колониясында 8 жылға бас бостандығына айыру арқылы жазасын өтеуге сотталған.
Аталмыш үкімге сəйкес К. 2015 ж. 14.05. сағат 23.00 шамасында жəбірленуші П.-мен ішімдік ішіп, одан соң өз еркімен жыныстық қатынасқа түскен. Осы жыныстық қатынас барысында кəмелетке толмаған К. ауырсынуды сезінгендіктен П.-ның тоқтауын сұраған, алайда П. оның сөзіне құлақ аспаған. Осы кезеңде кəмелетке толмаған қол сөмкесіне қол жеткізіп, оның ішінен жиналмалы пышақ алып шыққан. Ол П.-ны қасақана өлтіру мақсатымен оның мойнына бірнеше мəрте пышақпен ұрған, сол жақ мойнының күре тамырына залал келтірілген түйреп кесілген жарақаттардан көп қан жоғалту салдарынан П. қылмыс жасалған орында көз жұмды. Осылайша, К. адам өлтірді, яғни басқа адамды қасақана заңсыз өлтірді.
К.-ның əрекетінен қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтіруді бірінші сатылы сот жоққа шығарып, сот алдындағы тергеу мен сот отырысында жəбірленуші мен сотталушының жыныстық қатынасқа зорлықсыз түскенін анықтағанын көрсетті.
Сотталушының қылмыс жасалған уақытта үстінде болған киімінен зақымдану зорлық белгілері байқалмайды, оның біреуді көмекке шақырғаны да анықталмаған, бұларды сотталушының өзі де сот отырысында растады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында зорлау фактісі мен П. тарапынан кəмелетке толмаған К.-ға қатысты жыныстық қатынасқа мəжбірлеу сипаттағы əрекеттердің жасалмағаны анықталып, Ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісімен П.-ға қатысты ҚР ҚК 120, 121 баптарында қарастырылған қылмыстың қылмыстық құрамы болмауына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы 2015 ж. 17.06 қаулы шығарылған.
Аталмыш қаулы қорғаушы тарапынан дау тудырмағандықтан заңды күшіне енген. Сонымен қатар, сотталушы К. сот алдындағы тергеу барысында П.-ға Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 ж. 31.07 үкімімен 1999 ж. 25.03. туған кəмелетке толмаған К. ҚР ҚК 99-бабының 1- бөлігіне сəйкес жалпы режимді тəрбиелеу колониясында 8 жылға бас бостандығына айыру арқылы жазасын өтеуге сотталған.
Аталмыш үкімге сəйкес К. 2015 ж. 14.05. сағат 23.00 шамасында жəбірленуші П.-мен ішімдік ішіп, одан соң өз еркімен жыныстық қатынасқа түскен.
Осы жыныстық қатынас барысында кəмелетке толмаған К. ауырсынуды сезінгендіктен П.-ның тоқтауын сұраған, алайда П. оның сөзіне құлақ аспаған. Осы кезеңде кəмелетке толмаған қол сөмкесіне қол жеткізіп, оның ішінен жиналмалы пышақ алып шыққан.
Ол П.-ны қасақана өлтіру мақсатымен оның мойнына бірнеше мəрте пышақпен ұрған, сол жақ мойнының күре тамырына залал келтірілген түйреп кесілген жарақаттардан көп қан жоғалту салдарынан П. қылмыс жасалған орында көз жұмды. Осылайша, К. адам өлтірді, яғни басқа адамды қасақана заңсыз өлтірді. К.-ның əрекетінен қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтіруді бірінші сатылы сот жоққа шығарып, сот алдындағы тергеу мен сот отырысында жəбірленуші мен сотталушының жыныстық қатынасқа зорлықсыз түскенін анықтағанын көрсетті.
Сотталушының қылмыс жасалған уақытта үстінде болған киімінен зақымдану зорлық белгілері байқалмайды, оның біреуді көмекке шақырғаны да анықталмаған, бұларды сотталушының өзі де сот отырысында растады. Сотқа дейінгі тергеу барысында зорлау фактісі мен П. тарапынан кəмелетке толмаған К.-ға қатысты жыныстық қатынасқа мəжбірлеу сипаттағы əрекеттердің жасалмағаны анықталып, Ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісімен П.-ға қатысты ҚР ҚК 120, 121 баптарында қарастырылған қылмыстың қылмыстық құрамы болмауына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы 2015 ж. 17.06 қаулы шығарылған.
Аталмыш қаулы қорғаушы тарапынан дау тудырмағандықтан заңды күшіне енген. Сонымен қатар, сотталушы К. сот алдындағы тергеу барысында П.-ға шақырудан бас тартып, қыздың кетуін сұраған. Сондай-ақ кетпес бұрын жарасын тану үшін төсек төсемесінің шетін жыртып беруін өтінген.
Бұл көрсетулердің екеуі де кінəлауға негіз болып, сотпен мойындалған жəне анықталған деп танылды.
Шын мəнінде бірінші сатылы сот жыныстық қатынастың зорлық сипатты болғанын мойындады. Дегенмен тəніне ауырсыну келтіргендіктен К. тарапынан жыныстық қатынасты тоқтату туралы талап болғанын, ол талапқа жəбірленушінің құлақ аспай, осы əрекетімен кəмелетке толмағанның жыныстық қалауы мен бостандығын бұзғанын сот ескерусіз қалдырған. Осыған байланысты жыныстық қатынасқа өз еркімен түскен деген сот қорытындысы қателік болып табылады, себебі жыныстық қатынас К.-ның еркінен тыс жалғасқан.
Сотталушы өз көрсетулерінде, оның итеріп тастағанына қарамастан жəбірленушінің өзіне қырындағанын көрсеткен. Оның көрсетулерінің осы бөлігі де бағалаусыз қалдырылған.
Сот бұл жерде қыздың кəмелетке толмаған жасын ескерусіз қалдырмай, жастығына байланысты болған оқиғаны дұрыс бағалай алған алмағандығын анықтауы, сотталушының анасымен айтылған 2014 жылы К.-ның жыныстық зорлықтың құрбаны болғандығы туралы жағдайларды толық зерделеуі керек еді. Сот өз шешімінде Ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісінің 2015 ж. 17.06 П.-ға қатысты ҚР ҚК 120, 121- баптарында қарастырылған қылмыстың қылмыстық құрамы болмауына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шығарған қаулысына, аталмыш қаулының қорғаушы тарапынан дау тудырмағандығына, оның заңды күшіне енгендігіне сүйенген, алайда бұл жерде де сот К.-ның кəмелетке толмаған жасын, оның П.-ға қатысты арыз жазудан бас тартқандығын ескерусіз қалдырған.
Басқаша айтқанда, сот тергеушінің бұл жағдайда өз қаулысымен қателіксіз шешім қабылдағанын мойындап, П. тарапынан сотталушыға қатысты зорлық жасалу мүмкіндігін есепке алмаған. Мұндай дəлелдік сипаттау дəрменсіз болып табылады, себебі ҚР ҚІЖК 127- бабының 4-бөлігіне сəйкес бір санаттағы күдіктену бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулысынан басқа қылмыстық қудалау органдары қаулысының сот үшін міндетті күші жоқ.
Осылайша, бірінші сатылы соттың істің барлық жай-жапсарын мұқият зерделеп, тиісінше баға беруіне ешқандай кедергі болған емес.
Шамасы соттар сотталушылардың əрекетінен қасақана адам өлтіруді анықтай отырып, аталмыш қылмыстардың барлығы ішімдік ішіп мас болу күйінде жасалғанына сүйенеді. Заңшығарушылар ішімдік ішіп мас күйінде жасалған қылмыстарды қылмысын ауырлататын жағдайға жатқызады. Алайда, ішімдік ішіп мас болу тұлғаны, оның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын жайы мен меншігіне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғану мен басқа да заңмен қорғалатын адамның құқығы мен мүддесін қорғаудағы конституциялық құқығынан айырмайды. Мас күйдегі тұлғаның əрдайым жағдайды дұрыс бағалау мүмкіндігі бола бермейтіні, шабуылдаудын қауіптілігі, оның аяқталу кезеңін байымдай алмауы басқаша жағдай. Сонда да бұл жайттар қажетті қорғаныс шегінен шығу орын алған алмағандығын анықтауға ғана əсер етеді. Сонымен қатар, соттар ҚР ҚК 54-бабының 11-тармағына сəйкес қылмыстық құқықбұзушылықтың сипаттамасына байланысты бұл жайттарды жағдайды ауырлататын негіз ретінде мойындамауына құқылы екендіктерін ескермеген.
Азаматтық талапты қарау тәжірбиесі
Азаматтық талаптарды қарау жөніндегі сот тəжірбиесін зерделеу барысында негізінен аталмыш санаттағы қылмыстар бойынша азаматтық талаптарды қарау кезіндегі заң нормалары дұрыс қолданылатынын көрсетті. Материалдық шығын мен моралдық зиянды өндіру жөнінде қабылданған сот шешімдері заң талаптарына сəйкес қабылданған, үкімнің сипаттау-дəлелдеу бөлігінде қабылданған шешімнің себеп-салдарлары нақты көрсетілген.
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 ж. 19.06. үкімімен И. ҚР ҚК 99- бабының 2-бөлігі 8-тармағына жəне 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағына, 58- бабының 4-бөлігіне сəйкес сотталып, қатаң режимді түзету колониясына 18 (он сегіз) жылға бас бостандығынан айырып, жеке меншік мүлкін тəркілеп жазасын өтеуге кесілді.
И.-дің есебінен У.-ның пайдасына 24 000 (жиырма төрт мың) теңге көлемінде материалдық шығын өндірілген. Талаптың бұдан басқа бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.
Үкімнің сипаттау-дəлелдеу бөлігінде сот жəбірленушімен қойылған азаматтық талапты шешу барысында істі тергеу үрдісінде сотталушымен ұрланған мүліктің бір бөлігі анықталып, тəркілеп алынғанын ескерген. Атап айтқанда сотталушының өзінен жəбірленушінің бағалауы бойынша 2000 теңге тұратын сұр түсті темірден жасалған алтын жүзік, сондай-ақ 2000 теңгеге бағаланған сары түсті темірден жасалған қызғылт түсті тасы бар сырғалар табылып, тəркілеп алынған. Сонымен қатар, сотталушы ұрлап кеткен жəбірленушінің бағалауы бойынша 5000 теңге тұратын алюмин бөшке сотталушыдан табылып, тəркіленіп алынған. Аталмыш заттар жəбірленуші У.- ға тиесілі жəне қайтарылуға жатады.
Сондықтанда У.-ға қойған азаматтық талапта өндірілуін сұраған 33 000 теңгенің 9 000 теңгесі алынып тасталады да осыған байланысты азаматтық жауапкерден 24 000 теңге өндірілуі тиістігі көрсетілген. И. ұрлаған мүліктің бағалануын дауламайды, талапты мойындаған.
Сондықтан да ҚР АК 917 бабына сəйкес И.-дың есебінен жасаған қылмысы үшін У.-дың пайдасына 24 000 (жиырма төрт мың) теңге көлемінде материалдық шығын өндірілуі тиіс, ал талаптың бұдан басқа бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.
Алайда, соттың ешқандай дəлелдемелерсіз заң талаптарын бұзып, талап бойынша шешім қабылданған үкімдері де бар.
ҚР ҚІЖК 167-бабының 2-бөлігіне сəйкес азаматтық талап күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе ақыл-есі дұрыс емес тұлғаның əрекеті мен əрекетсіздігіне материалдық тұрғыдан жауапты тұлғаға қатысты қойылады.
Келесі мымал: Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 2015 жылғы 15 шілдеде С.-ға қатысты ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағына, 99-бабының 2-бөлігі 8- тармағына, 24-бабының 3-бөлігіне, 99- бабы 2-бөлігінің 1, 8-тармақтарына жəне 58-бабының 4-бөлігіне сəйкес соттап, қатаң режимді түзету колониясына 19 (он тоғыз) жылға бас бостандығынан айырып, жеке меншік мүлкін тəркілеп жазасын өтеуге кесу, 297 300 (екі жүз тоқсан жеті мың үш жүз) теңге көлеміндегі материалдық шығында республикалық бюджет есебінен қанағаттандыру туралы үкімі шығарылды.
Қаржылық шығынды өндіру бөлігі бойынша өз шешімін дəлелдей келе Сот үкімнің сипаттап-дəлелдеу бөлігінде сот отырыс барысында жəбірленуші Ж.-ның Ж.-ны жерлеуге шыққан шығынына байланысты қаржылық зиянның шығынын өндіріп беруді сұрағанын көрсеткен. Қаржылық зиянның аталмыш шығынын бекітілген заң аясында республикалық бюджет есебі қаражатынан өндіруді сұраған.
Соттың пікірі бойынша қаржылық зиян үшін өндірілуі тиіс шығынның сомасы 297 300 теңгені құрайды, себебі жəбірленуші тарап шығынды растайтын тиісінше құжаттар ұсынған, бұл шығындар тікелей Ж.-ны жерлеуге байланысты жұмсалған қаражат.
Ал аталмыш зиянның өтеуі сотталушыдан емес, не себептен республикалық бюджеттен өндірілгенін сот түсіндірмеген.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 19 масымындағы үкімімен М. ҚР ҚК 99- бабының 1-бөлігіне сəйкес сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айрылған.
Дəл осы үкіммен прокурордың іс жүргізу өтемдерін өндіру туралы талаптары да қанағаттандырылған, яғни сот медициналық-криминалистикалық сараптамасын өткізуге жұмсалған 24 525 теңге сомасы өндірілген.
Бұл жағдайда сотпен қабылданған шешім ҚР ҚІЖК-нің 166, 178- баптарының талаптарына қарама-қайшы келеді жəне ҚР Жоғарғы сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы №1 «Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талаптарды қарау туралы» ережесін де бұзады.
ҚР ҚІЖК 166-бабы мен Нормативтік қаулының 11-тармағына сəйкес басты сот отырысында қылмыстық іспен қатар, тікелей қылмыспен келтірілген немесе ақыл есі дұрыс емес адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған əрекетімен келтірілген зиянды өндіру туралы азаматтық талаптары бірге қаралуы тиіс. Қылмыстық іс бойынша бекітілген жағдайлардан туындайтын басқа да азаматық талаптар, егер олар жəбірленушінің жерленуіне, емделуіне, жəбірленушінің өзі не оның өкілінің анықтау, алдын ала тергеу өндірісі мен сотқа қатысуына шыққан шығындарын өтеу мақсатында қойылса, қылмыстық іспен бір өндірісте қарауға жатады. Регрестік талаптар тікелей қылмыспен келтірілген немесе ақыл есі дұрыс емес адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған əрекетімен зиян келтірілуіне байланысты жəбірленушіге төленген сақтандыру өтемақысы, əлеуметік өтемақы немес зейнетақы ретінде төленген жағдайда ғана қылмыстық іспен бір уақытта қаралуы мүмкін.
Аталмыш норманың құрамына талаптардың көптеген тізбесі кіреді, олар қылмыстық сот өндірісінде қойылуы мүмкін жəне кеңінен талдап, талқылауға жатпайды.
Ал прокурор болса, тікелей қылмысқа қатысы жоқ, жерлеу, емдеу мен тағы басқаларына шыққан шығынға қатысы жоқ талап қойған. Осыған сəйкес сот азаматтық талап ретінде мұндай өтінішті қарауға қабылдай алмайды.
ҚР ҚІЖК 177 бабының 8 тармағына сəйкес, сондай-ақ ҚР ҚІЖК 178- бабының мазмұнына сай сот сараптамасы органдарында өткізілген сараптама шығындарының сомасы іс жүргізу шығындары на жатады, оларды өндіріп алу туралы сот шешімі өздігімен зерделенген іс материалдарының негізінде, сот үрдісіне қатысушылардың ондай талап қою қоймауына қарамастан қабылданады.
Мысал ретінде З.-ға қатысты қылмыстық істі алуға болады.
Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аударалық сотының 2015 ж. 15.06. үкімімен З. ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігіне сəйкес сотталып, 13 жылға бас бостандығынан айрылған. Жəбірленуші Щ.-ның З.-ға қойған аса ауыр қылмыс жасау арқылы келтірілген жерлеу мен еске алуға шыққан шығынды 296 000 (екі жүз тоқсан алты мың) теңге сомасында қаржылық өндіру туралы азаматтық талабы толығымен қанаттандырылған. З.-ның мүліктік ешқандай қаражатының болмауына байланысты үкіммен 296 000 теңге сомасы көлеміндегі мүліктік шығынның өтеуін Республикалық бюджет есебінен өндіру туралы шешім қабылданған. З.- дан мемлекет пайдасына мемлекеттік салық ретінде 2960 теңге өндірілген.
Сот өзінің талапты қанағаттандыру туралы шешімін түсіндіріп, «жəбірленуші Щ.-ның З.-ға қойған аса ауыр қылмыс жасау арқылы келтірілген жерлеу мен еске алуға шыққан шығынды 296 000 (екі жүз тоқсан алты мың) теңге сомасында қаржылық өндіру туралы азаматтық талабын ҚР АК 917 бабының негізінде толығымен қанаттандыру қажеттігін көрсеткен. З.-ның мүліктік ешқандай қаражатының болмауына байланысты үкіммен 296 000 теңге сомасы көлеміндегі мүліктік шығынның өтеуін Щ.-ға Республикалық бюджет есебінен өндіру туралы шешім қабылдаған. З.-дан мемлекет пайдасына мемлекеттік салық ретінде 2960 теңге өндірген».
ҚР Жоғарғы сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы №1 «Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талаптарды қарау туралы» нормативтік қаулысының 19, 25- тармағына сəйкес сот азаматтық жауапкердің тұрмыстық жағдайын анықтау үшін оның еңбекақысының көлемі мен асырауындағы жандардың санын, оның жеке немесе ортақ құқықтағы жылжымалы жəне жылжымайтын мүлігін анықтауы қажет, үкімнің (қаулының) сипаттама-дəлелді бөлігінде тараптардың азаматтық талапқа қатысын көрсетіп, азаматтық талапты қарауда сот қолданатын материалдық жəне іс жүргізушілік заңдарды негізге ала отырып, азаматтық талапты шешудің негіздері мен тиісінше себептерін көрсетуі қажет.
Алайда бұл аталмыш талаптар сотпен орындалмаған. Талапкердің талабының негізділігі сотпен түсіндірілмеген. Жауапкердің тұрмыстық жағдайын анықтау мəселесі тиісінше қарастырылмаған, неге соттың жауапкерді тұрмыстық жағдайы төмен деп танығаны үкімде талқыланбаған. Мұндай жағдайларда келтірілген мүліктік зиянның шығынын өтеу міндетін Республикалық бюджетке міндеттеу заңсыз болып табылады.
Бұдан басқа, жəбірленуші Щ. бюджеттік қаражат есебінен өтемақы төлемін жүргізу өтінішімен сотқа арызданғаны туралы үкімде көрсетілмеген. Сол кезде, осындай шешімді сот өз бастамасымен қабылдай алмайды, себебі ҚР ҚАК 7-б. 71-т. сəйкес ақшалай өтемақы төлеу туралы мəселені үкім шығарған сот жəбірленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша шешеді.
Көрсетілген Нормативтік қаулының 25-тармағының талаптарын бұзу, ҚР ҚК 1-бөлігінің 99-бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айрылған Ө. қатынасындағы Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 22.06 үкімінде дəлелдеме мүлдем жоқ. Сот тек сотталушы Ө.-ден 1500000 теңге өндіру туралы жəбірленуші Қ.-ның арызын қанағаттандыру туралы шешімін қабылдады, бірақ осындай шешімді қабылдаудың ешқандай дəлелдерін келтірмей, тараптардың арызға қатынасын сипаттамады.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына сəйкес, азаматтық талап арыз бойынша шешім қабылдай отырып, сот үкімнің қорытынды бөлігінде өндірілуге жататын соманы көрсетіп, азаматтық талап арызды толық не ішінара қанағаттандыру не азаматтық талапкердің талап арызды қанағаттандыруға құқын тану жəне оның мөлшері туралы мəселені азаматтық сот өндірісінің тəртібінде қарауға тапсыру туралы не азаматтық талап арызды қанағаттандырудан бас тарту не азаматтық талап арызды қарамай қалдыру туралы, жауапкерден (жауапкерлерден) мемлекет кірісіне өндірілуге жататын мемлекеттік салықтың мөлшері туралы, үкімді азаматтық талап арыз бөлігінде өз еркімен орындау үшін мерзім белгілеу туралы шешімді көрсетеді.
Т. қатынасында Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 06 маусымдағы үкімін шығаруда осы норманы назарға алмады.
Өз шешімін «көрсетілген сомма ешқандай құжаттармен дəлелденбейді» себебін алға тартып, сот М.-дан 559550 теңге сомасында материалдық зиянды өтеу жөніндегі арызын қанағаттандырудан бас тартты.
Сот Т. аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінəлі екенін анықтады, бірақ, сот келесіні анықтамады: арыз беруші М. арызын қанағаттандырудың дəлелдері бар ма, əлдежоқ екені, бұл сұрақ зерттелмеді жəне қаралмады. Сонымен қатар, осындай негіздер бар болса, ал мүліктік зиянның көлемін растайтын қажетті құжаттар болмаса, арыз берушінің арызды қанағаттандырудың құқығы бар, осындай арызды азаматтық сот жүргізу тəртібінде қарауға болады.
ҚР Жоғарғы Сотының 2002 жылғы «Сот үкімі туралы» № 19 нормативтік қаулысына сəйкес, үкімнің сипаттау-дəлелдеу бөлігінде соттың дəлелденді деп тапқан қылмыстық əрекеттің сипаттамасын, ол жасалған жерді, уақытты, оны жасау тəсілін, айып нысандарын, қылмыстың себептері мен салдарын қамтуы тиіс.
Дəлелдеме бөлігінде дəлелдер, олардың талдауы, соттың қылмыс жасалғаны туралы қорытындысы, іс-əрекеттің біліктілігі туралы, жазаға тарту жəне рецедивтің түрі, азаматтық арыз туралы негіздер келтіріледі.
Сарапшының қорытындысы, ҚР ҚІК 111-бабына сəйкес дəлелдердіңм бір түрі жəне басқа да дəлелдер алдында ешқандай артықшылығы жоқ.
Оған қоса, зерттелген үкімдер бойынша кейбір судьялар сараптамалар қорытындыларын сипаттау бөлігінде көрсетіп, кейін үкімнің дəлелдеу бөлігінде сараптама қорытындысын дəлел ретінде қайтадан көрсетеді.
Осылайша, А. қатынасында Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 4 тамыздағы үкімінде, сипаттау бөлігінде А. 2014 жылдан бастап жəбірленуші Р.-мен тұрғаны көрсетілді. Сонғы жарты жылда отбасы-тұрмыстық қатынастары себебімен бөлек тұрды, бірақ ол оған қайта қайта келіп жүрді. 2015 жылғы 22.03, кешкі уақытта А. достарымен кездесіп, «Наурыз» мерекесіне орай спирт ішімдіктерін пайдаланды. Кейін, 2015 жылдың 23.03 шамамен 01:30 сағатта, алкогольді масаю жағдайында А. Р.-ға келіп, оны үйдің ауласында кездестірді. Сонда, олардың арасында болмашы себептен ұрыс шықты, оның нəтижесінде А. алкогольді масаю жағдайында жəбірленушіні жұдырықпен бетінен ұрды. Р. соққыдан кейін үйге қаша жөнелді, ас бөлмеге кірді. А. Р.-ның соңынан ерді, оны ұстап алып, тағы да бір рет жұдырықпен бетінен ұрды, əйел соққыдан еденге құлады. А. Р.-ның қорғаныс үшін белсенді қимыл жасай алмайтының пайдаланып, өзіңнің құқыққа қарсы іс-əрекеттерін біліп, жəне де өз əрекеттерімен оны өлтіруін алдын ала болжап жəне өлімнің қасақана болуын тілеп, аса қатыгездікпен азап пен жапа шегуге мəжбүрлеп, киілген аяқ киіммен Р.-ның басынан, кеудесінен жəне дененің басқа да бөліктерінен бірнеше рет тепкілей бастады, ол алған жарақаттардан сол жерде қайтыс болды.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сəйкес жəбірленушінің өлімі қабырғалардың 2 жақтан көптеген құрастырымдық сыңуымен кеуденің жабық сыздау жарақаты нəтижесінде пайда болған плевропульиональді шоктан қайтыс болды.
ҚР ҚК 53-бабына сəйкес қылмыстық жауапкершілікті жəне жазаны жеңілдететін себептер жай ғана аталмай, сотпен шынымен осындай ретінде қабылдануы тиіс.
Осылайша, А. қатынасында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 15 шілдедегі үкімінде, сипаттау-дəлелдеу бөлігінде жасалған қылмыстығ ауырлығын ескере отырып, сот сотталушағы санкция шегінде бас бостандығынан айыру түрінде жазаны тағайындау қажет деп санайды. Мүліктен айыру қарастырылмаған, себебі адам өлтіру қасақана себеитермен болмады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындаудың дəлелдерін сот қарастырмайды, себебі сотталушы бұрын сотталмаған, жас жəне түзелуге мүмкіндігі бар. Жазаның түрін анықтап, сот тұратын жері бойынша дұрыс адам ретінде сипатталатын, кəніні мойындайтынын, жəбірленушінің ұстанымын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікті жəне жазаны ауырлатататын жағдайды – алкогольді масаю жағдайында қылмыс жасауды ескеріп отырды.
Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін қандай бар бір себептерді соттың табуы үкімде көрсетілмеген.
ҚР ҚК 54-бабында қылмыстық жауапкершілікті жəне жазаны жеңілдететін жағдайлар қарастырылған. Сонымен бірге тізім толық болып табылады, сондай-ақ ҚК сол бабының 2-бөлігінде, егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдай қылмыс белгісі ретінде осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабымен қарастырылса, ол жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде қайтадан ескерілуі мүмкін емес.
Ауырлатататын жағдайлардың болуы жасалған қылмыстың жəне оны жасаған тұлғаның жоғарғы қоғамдық қауіптілігін растайды. Сонымен қатар, осындай жағдайлардың болуы сотқа жазаның ауырлау түрін жəне мерзімін тағадайындауға мүмкіндік ұсынады.
ҚР ҚІК 299-бабының 3-бөлігінің 4-тармағына сəйкес, сот акітісінің сипаттау-дəлелдеу бөлігінде күдіктінің жауапкершілігін ауырлататын жəне жеңілдететін жағдайлар баяндалады.
ҚР ҚІК 340-бабына сəйкес, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, басты сот талқылауы тек сотталушыға қатысты жəне оның сотқа берілген айыптау шектерінде ғана жүргiзiледi.Егер айыптауды өзгерту айыпталушының қорғалу құқығын бұзбаса, айыптауды өзгертуге жол берiледi. Кəмелетке толмаған Қ. қатынасындағы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 31 шілдедегі жоғарыда көрсетілген үкімін зерттеп, жалпылау авторлары үкімді қабылдауда сот кінəлау шегінен шыққанын анықтады.
Судья кінə мен жазаны ауырлататын жағдайларды белгілегенде К.-ның қылмысы алкогольді масаю жағдайында істелгеніне сілтеп, осы арада келесіні көрсетті: «айыптау актісінде сотталушы К.-ның қылмыстық құқықбұзушылығы спирт ішімдіктерін пайдалану барысында жасалды, алайда тергеушімен айыптау актісінде қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жағдайлар көрсетілмеді. Сот К. қылмыстық құқықбұзушылықты алкогольді масаю жағдайында жасағанын сот қарауында анықтады, бұны сотталушының өзі жəне куəгер П. берген түсініктеме растайды. Белгіленген жағдайларда сот К.-ның жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын жағдайларға қылмыстық алкогольді масаю жағдайында қылмысты жасауын жатқызатынын жөн деп санайды.
Соттың осы əрекеттері сотталушының жағдайын одан əрі нашарлатып, оның өзіңді қорғау құқығын бұзады. Айыптау тарапымен бекітілген айыптау актісінде ауырлататын жағдайлар туралы мəліметтер жоқ жəне осындай ауыптаумен К. сотқа тапсырылды. Осыған орай соттың өз қарауы бойынша айыптаудың көлемін ұлғайтуға құқығы болмады.
ҚР Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы «Сот үкімі туралы» № 19 нормативтік қаулысына сəйкес, Үкімнің сипаттау-дəлелдеу бөлігінде соттың дəлелденді деп тапқан қылмыстық əрекеттің сипаттамасын, ол жасалған жерді, уақытты, оны жасау тəсілін, айып нысандарын, қылмыстың себептері мен салдарын қамтуы тиіс.
Саралау жағдайларында адамды өлтіру үшін жазалау шараларын тағайындау
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» № 1 нормативтік қаулысына сəйкес, Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы бағытталған қылмыстар үшін жаза тағайындаған кезде соттар оларды жасаған кездегі барлық мəн-жайлардың жиынтығын: қасақаналық түрін, ниеті мен мақсатын, тəсілін, қылмыс жасау жағдайын жəне сатысын, туындаған зардаптың ауырлығын, кінəлінің жеке басын, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жəне ауырлататын мəн-жайлардың болуын ескеруі тиіс.
ҚР ҚК (1997 ж. 16 шілдедегі ҚР ҚК 96 2-б.) 99-бабымен қарастырылған қылмыстар бойынша ұсынылған сот актілерінің талдауы соттар қылмыс жасау жағдайларының жиынтығын, кінəлі адамның кім екенін, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жəне ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жоғарыда көрсетілген баптың санкциялары шегінде жазаны дұрыс тағайындайтынын көрсетті.
Егер бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны тағайындауда соттар заңды дұрыс қолданса, ҚР ҚК 99- бабының 2-бөлігімен қарастырылған мүлікті тəркілеу түріндегі қосымша жазаны қолдануда немесе қолданбауда кейбір соттар заң талаптарын орындамауды жалғастырады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сəуірдегі «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» № 1 нормативтік қаулысына сəйкес, ҚК-тiң 51-бабының 2-бөлігінің талаптарына сай ҚК-тiң қылмысты дəрежелеген бабының санкциясында көзделген қосымша жаза ретiндегi мүлiктi тəркiлеу шарасы осы қылмыс бойынша пайдақорлық ниет анықталған жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін.
ҚР Жоғарғы Сотының сол нормативтік қаулысында, Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкiндiгi айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мəселені қарап, қабылданған шешiмнiң дəлелдерiн үкiмнiң дəлелдеу бөлiгiнде мiндеттi түрде көрсетуге тиiс екені түсіндіріледі. Осындай жағдайларда қосымша жазаны қолданбау бұл туралы үкімнің қорытынды бөлігінде көрсетуді талап етпейді.
Кейбір үкімдерде сот ауырлататын жағдайлардын болуын мойындаса да, қабылданған шешімнің дəлелдерін келтірмей, ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі санкциясымен қарастырылған минималды жазаны қабылдады.
ҚР ҚІК 397- бабының 2-бөлігіне сəйкес сот қылмыстық жазаны тағайындауға жататын барлық мəселелердің шешімдерін көрсетуі міндетті. ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігінің санкциясы сегізден он бес жасқа дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Сот қылмыстық жазаны тағайындауда, заң жазаның көлемін тағайындаудың негізін келтіруді талап етеді.
ҚР ҚК 55-бабына сəйкес аса ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруда ауырлататын жағдайлардың болмауы көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындалуы негіз болып табылады. Басқаша айтқанда минималды жазаны тағайындауда ауырлататын жағдайлардың болуы мүмкін емес.
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 22.07.2015 жылғы үкімімен П. ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мəн-жайларға, қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалғанын жатқызған. Жеңілдететін мəнжайларға кінəсін мойындауды жатқызып жəне соның негізінде санкция шеңберінде жаза тағайындау мүмкін деп есептеген.
Жалпылау авторлары мынаған назар аударады, сот санкция шеңберінде жаза тағайындау мүмкін деген, яғни сегіз жылдан он бес аралығындағы кезкелген жаза тағайындау мүмкін деп есептеген. Алайда қылмыстық жаза мен жауапкершілікті ауырлататын мəн-жайлар бола тұра, сот ең төменгі жаза тағайындаған.
Осылайша Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 12.05.2015 жылғы К.-ға қатысты үкімі шығарылған. Сот сотталушыға қылмыстық жаза мен жауапкершілікті ауырлататын мəн-жайлар бола тұра (алкогольдік масаң күйде жасалған) сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған жəне қабылдаған шешімін айқындамаған.
Сонымен, Шығыс-Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 15.05.2015 жылғы үкімімен М. ҚР ҚКнің 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылған, ҚР ҚКнің 60-бабы негізінде тағайындаған жазаға ішінара алдыңғы үкімнің жазасы қосылып, түпкілікті тоғыз жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
ҚР ҚК-нің 14-бабы 2-бөлігі 2-тармақшасы бойынша сотталғанның іс-əрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануы анықталған. М. Семей қаласы № 2 сотының 21.11.2014 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 103-бабы 1-бөлігі бойынша үш жылға бас бостандығынан шектеуге сотталған. Қаралған қылмысты сол жазаны өтеу барысында жасаған.
ҚР –ҚК-нің 14-бабы 2-бөлігі 2-тармақшасына сəйкес адамның, егер осы адам аса ауыр жəне ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған болса, қылмыстардың қауіпті қайталануы деп саналады.
Сот М. бас бостандығынан айыру жазасына сотталмағанын ескерусіз қалдырған, соған байланысты оның іс- əрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануы бар деп негізсіз санаған.
ҚР ҚК-нің 14-бабының мазмұнына сүйенсек М.-ның іс-əрекетінде қылмыстың қайталануының ешбір түрі жоқ.
Қолданылатын нормативтік құқықтық база:
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (ары қарай ҚР ҚК)
- Қазақстан Респбуликасының Қылмыстық процесуалдық кодексі ( ары қарай ҚР ҚПК)
- 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 «Адамның өміріне жəне денсаулығына қатысты қылмыстарды саралаудың кейбір сұрақтары туралы» нормативтік қаулы.
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 20 маусым 2005 жылғы № 1 «Қылмыстық істе азаматтық талапты қарау туралы» Нормативтік қаулысы ( 21.04.2011 ж № 1 жəне 25.06.2010 ж. № 10 ҚР ЖС-ң нормативтік қаулыларына енгізілген өзгерістер мен қосымшалар).
- 25.06.2015 жылғы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жазаны тағайындау сұрақтары туралы» № 4 Нормативтік қаулысы
- 11.05.2007 ж. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының № 2 «Қажетті қорғану туралы заңнаманы қолдану туралы» нормативтік қаулы.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Уголовные дела по преступлениям против личности - убийство
33 рет жүктеп алынды -
О судебной практике по делам о воинских уголовных правонарушениях от 20.04.2018 №8 (каз)
37 рет жүктеп алынды -
О судебной практике по делам о воинских уголовных правонарушениях от 20.04.2018 №8 (рус)
35 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 8 декабря 2017 №11 рус
39 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 8 декабря 2017 №11 каз
44 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК ОТ 20.04.2018 № 8 против жизни (каз)
37 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК ОТ 20.04.2018 № 8 против жизни (рус)
37 рет жүктеп алынды -
1099_ҮКІМ_ҚК_Қызылорда облысы
43 рет жүктеп алынды -
1099_ПРИГОВОР_УК_Костанайская область
43 рет жүктеп алынды -
1099_ПРИГОВОР_УК_Карагандинская область
36 рет жүктеп алынды -
1099_ПРИГОВОР_УК_ЗКО
37 рет жүктеп алынды -
1099_ПРИГОВОР_УК_ВКО
39 рет жүктеп алынды -
1099_ПРИГОВОР_УК_Астана
36 рет жүктеп алынды -
1099_ПРИГОВОР_УК_Мангистауская область
37 рет жүктеп алынды -
1099_ПРИГОВОР_УК_Жамбылская область
33 рет жүктеп алынды -
1099_ПРИГОВОР_УК_Алматы
36 рет жүктеп алынды -
1099_ПРИГОВОР_УК_Алматинская область
41 рет жүктеп алынды -
1099_ПРИГОВОР_УК_Актюбинская область
38 рет жүктеп алынды