Адвокат қажет "Заң және Құқық" адвокаттық кеңсесіне
- Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан астам
- Толық күн, толық уақыт
Міндеттері:
- Азаматтық істер бойынша құқықтық қамтамасыз ету
- Қылмыстық істер бойынша құқықтық қамтамасыз ету
Әкімшілік істер бойынша құқықтық қамтамасыз ету
Талаптар:
- Адвокаттар алқасының мүшесі болу
- Заң және Құқық" адвокаттық кеңсесіне кіру
- Істерді қазақ тілінде жүргізе білу
Шарттары:
- Тұрақты емес жұмыс уақыты
- Тұрақты іссапарлар
-
Кеңсе Келісімнің тәртібі мен шарттарына сәйкес Адвокатқа жұмыс смартфонын абонентік номерімен беруге міндеттенеді
-
Адвокаттың қызметтері үшін Кеңсе Адвокатқа, Кеңсемен берілген смартфон арқылы өз бетінше тартқан Клиенті төлеген сомадан 10% ЖТС ұстап қалады, артылған төлемнен 3/1 мөлшерін төлейді
- Адвокат, Кеңсемен берілген смартфон арқылы өз бетінше тартқан Клиентіне ақы мөлшерін дербес белгілейді
- Кеңсе, Адвокатқа клиентке консультация бергені және рәсімдік құжаттарды жазып бергені үшін Клиентен төленген сома көлемінен 10% ЖТС ұстап қалып, артылған сомадан 50% төлейді
- Кеңсе, Адвокатқа кеңсенің смартфоны және ондағы WhatsApp қосымшасы арқылы жеке өзі кеңес беріп алып келген Клиент төлемінің айына 500 000 теңгеге дейін сомадан 10% ЖТС ұстап қалып, артылған ақшаның 1/3 бөлігін төлейді
- Кеңсе, Адвокатқа кеңсенің смартфонын және WhatsApp ж.т.б қосымшасы арқылы кеңес берген Клиент төлемінің айына 500 000 теңгеден астамын 10% ЖТС ұстап қалып, артылған қаражатынан ½ тең бөліп төлейді
- Адвокат, Кеңсеге алып келген клиенттерімен заңгерлік қызмет көрсету шартын Заң кеңсесі арқылы жасасады
- Адвокат, Кеңсеге кеңсенің қатысуынсыз тартылған клиенттерден түскен қаражаттың 10% комиссиясын төлейді (Осы Келісім шарттың 3.1.2. тармағында көрсетілген абоненттік нөмірі бар телефон арқылы емес)
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Кеңсе Клиенттен Банк шотына түскен қаражаттан салықты және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді дербес өзі төлейді
- Клиент, Заң қызметтеріне ақы төлеуі Кеңсенің есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылуы тиіс
- Сәтті аяқталған істер, Адвокат жасаған іс жүргізу құжаттарының үлгілері, жазбаша айғақтар мен адвокатқа клиенттердің алғыстары адвокаттық кеңсенің меншігі болып табылады
- Табысты істерді, Адвокат жасаған іс жүргізу құжаттарының үлгілерін, жазбаша айғақтар мен Клиенттерден Адвокатқа алғыс хаттарды, Адвокат кеңсесі, кеңсенің интернет-ресурстарында жариялауға құқылы
- Кеңсе осы Шарттың тәртібімен және талаптарына сәйкес Адвокатқа барлық қажетті техникалық жабдықтармен және кеңсеге керек-жарақтарымен жұмыс орны бар кеңсе бөлмесін беруге міндеттенеді
- Ынтымақтастық мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Адвокат өндірісінде болған барлық істерді аяқталғанға дейін толық алып жүруге міндеттенеді
- Егер Адвокат, Адвокаттық кеңсемен алдын ала келісімсіз және бар істерді аяқтамай ынтымақтастықты тоқтатса, онда Адвокат бір ай ішінде Адвокаттық кеңсеге 1 000 000 (бір миллион) теңге төлеуге міндеттенеді.
- Ынтымақтастық шеңберінде Клиенттерден төлемдерді Адвокаттық кеңсе арқылы қабылдауға міндетті
- Егер Адвокаттық кеңсе, Адвокат тарапынан Кеңсенің іскерлік беделіне нұқсан келтіру, залал келтіру фактісін анықтаса, Адвокат бір ай ішінде адвокаттық кеңсеге 1 000 000 (Бір миллион) теңге төлеуге міндеттенеді
- Адвокат, Кеңсеге өзінің жеке клиенттері бойынша олардың жеке деректерін, контактілерін, заңгерлік қызмет көрсету шартының көшірмелерін Кеңсеге беруге міндеттенеді
- Егер Адвокат тарапынан, Кеңсені шығынға немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіру фактісін анықталса – Кеңсе Шартты біржақты тәртіппен дереу бұза алады
- Егерде Адвокат белгісіз себептермен жоғалып кетсе немесе Клиенттің істеріне қатыспаса және бір тәулік ішінде қоңырауларға немесе хабарламаларға жауап бермеген жағдайда, Кеңсе біржақты тәртіпте осы келісімді бұзуға құқылы
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы