Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Әкімшілік Істі тұрғылықты жері бойынша қаралу туралы өтінішхат

Әкімшілік Істі тұрғылықты жері бойынша қаралу туралы өтінішхат

Әкімшілік Істі тұрғылықты жері бойынша қаралу туралы өтінішхат

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

 

Атырау облысы Исатай аудандық сотының судьясы М.Р.Кусайновқа

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан тұлға

ТДХ

ЖСН ...,

мекенжайы бойынша тұратын: Түркістан облысы, ...

ұялы телефон ...

 

Істі тұрғылықты жері бойынша қаралу туралы

өтінішхат

Атырау облысы Исатай аудандық соты ТДХ қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің  610-бабы 1-бөлігімен келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы №2342-23-00-3/361 әкімшілік іс жұргізіп жатыр.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 812-бабы 1-бөлігінде «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын уәкілетті органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері немесе көлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің есепке алыну жері бойынша бойынша қаралуы мүмкін» деп көзделген.

 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 812-бабы 2-бөлігінде «Осы Кодекстiң 333, 334, 571, 572, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 624-1, 625, 626, 627, 628, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, оның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн» деп көзделген.

Мен Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауыл округі, Турар Рыскулов ауылы, О.Сейдалиев тұйық көшесі, ... үй тұрғылықты жері бойынша тіркелгенмін.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 744-бабына сәйкес өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға өтінішхаттар мәлімдеуге құқылы.

Осыған байланысты, соттан

- Худайбергенов Тажимурат Джумартовичке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің  610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік істі Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотына қарау үшін жіберуді өтінемін.

07.11.2023 ж.                                                           Х.Т.Д.

 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы