Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы

Алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы

Алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы

Алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы

      АПК-нің 239-бабына сәйкес, сот өндіріп алушының арызы бойынша сот шешімімен өндіріп алынған ақшалай сомаларға Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкiнiң сот шешімі орындалған күнгi қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін негізге ала отырып, тиiстi индекстеу жүргiзе алады.

Индекстеу-кредиторға ақшаның құнсыздалуының салдарынан келтірілген шығынды өндіру мүмкіндігі болып табылады.

Бұл норма жауапкермен сот шешімін уақытылы орындалмауының салдарынан талап қоюшының мүддесін қорғау үшін қарастырылған.

Бұл заң нормасы борышкер сот шешімін толық орындаған жағдайда ғана қолданылады. 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 Қазақстан Респбуликасы Жоғарғы Сотының «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысының 31- бөліміне сәйкес, шешiм заңды күшiне енген күннен бастап борышкермен сот шешімі нақтылы орындаған күнге дейiнгi кезеңге есептеледi деп түсіндіріледі.

Бұл шешім заңды күшіне енген күннен бастап оны орындауға дейін ұзақ мерзім өтіп кетуіне байланысты ақшаның құңсыздығы орын алған жағдайда сот алып берілген ақша сомаларын индекстеуге құқылы.

Оған дәлел, талап қоюшымен сотқа ұсынылған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру туралы арнайы ставкасы болуы тиіс.

2015 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасының қаулысымен, 2015 жылғы 5 наурыздағы Қарағанды облысы азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының, 2015 жылғы 30 сәуірдегі Қарағанды облысы кассациялық сот алқасының қаулыларымен күшінде қалдырылған Қарағанды қаласы №2 Қазыбек би аудандық сотының 2015 жылғы 2 ақпандағы бірінші саты сотымен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 297 бабын басшылыққа алып, негізсіз индекстеу сомасын 3 998 768 тенгеден 500 000 тенгеге дейін азайтқан сот ұйғарымы өзгертілген.

Сот актісін өзгерте отырып, қадағалау алқасы Азаматтық кодекстің 297- бабы тұрақсыздық айыбын өндіру егер төленуге тиiстi тұрақсыздық айыбы кредитордың шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, борышкердің мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышкер мен кредитордың назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсiмпұлды) азайтуға құқылы тәртібін қарастырады, ал алып берілген ақша сомаларын индекстеу бұл азаматтық-құқықтық қатынастардың бірі болып табылмайды, бұл шешім заңды күшіне енген күннен бастап оны орындауға дейін ұзақ мерзім өтіп кетуіне байланысты ақшаның құңсыздығы орын алған жағдайда пайдасына ақша өндірілген талаптың құқығын қорғау негізінде қарастырылғандықтан, индекстеу сомасы өндірілуге жатады деген тұжырымға келген.

Осыған байланысты, сотпен АК-нің 297 бабын негізге ала отырып индекстеу сомасының көлемін азайту негізсіз болып табылады, яғни шешім заңды күшіне енген күннен бастап оны орындауға дейін мерзімге есептелінген индекстеу сомасы толық өндірілуге жатады.

АК-нің 297 бабына сілтеме жасап, индектеу сомасы азайтылған сот шешімдері заңсыз болып табылады.

Сотпен АҚ-нің 297 бабы негізсіз басшылыққа алынған істер.

«МКО «ТАТ» ЖШС-гі жауапкер Х- ға алып берілген ақша сомаларын индекстеу арызымен жүгініп, талабын 2010 жылғы 14 маусымдағы Ақтөбе қалалық сотының шешімі 2015 жылы 17 маусымында орындалғандығын негіздеп, соттан жауапкерден өз пайдасына 583 977 индекстеу сомасын өндіруді сұраған. 2016 жылы 12 қаңтарда Ақтөбе қалалық сотының ұйғарымымен «МКО «ТАТ» ЖШС-нің арызы ішінара қанағаттандырылып, Х-дан «МКО «ТАТ» ЖШС-нің пайдасына 70 000 тенге индекстеу сомасы өндіріліп, талаптың қалған бөлігі қанағаттандырылусыз қалдырылған.

Арызды ішінара қанағаттандыра отырып, сот АК-нің 297 бабын негізсіз басшылыққа алған.

Борышкердің кінәсі бұл тұрғыда маңызды болып табылмайды.

Осыған байланысты соттардың сот шешімін орындауды кешіктіруде борышкердің кінәсі жоқ деген тұжырымы заң нормасын дұрыс талқыламауы болып табылады.

«Банк» АҚ сотқа Тараз қалалық сотының 2009 жылғы 9 желтоқсанындағы шешімімен «Банк» АҚ-ның пайдасына К-дан 12 199 981 тенге және 365 999 тенге сот шығындары өндірілгендігін негіздеп, 4 045 353 тенге көлемінде алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы арызымен жүгінген. 2016 жылғы 6 қазандағы Тараз қалалық сотының ұйғарымымен арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сот арызды қанағаттадырудан бас тарта отырып, сот шешімін уақытылы орындауға жауапкерлердің қандай-да бір кірістерінің болмағандығына байланысты, олардың кінәсі жоқ деген қорытындыға келген.

Сот сонымен қатар, банк тарапынан несие беру барысында жауапкердің төлем қабылеті анықталуы тиіс деген тұжырымға келген. Бұл тұрғыда, сотпен сот шешімін орындауды кешіктіруге жауапкердің кінәсі жоқ деп негізсіз сілтеме жасалған.

Сот шешімінің толық орындалғандығын дәлелдейтін дәлелдемелердің ұсынылмауы негізінен индекстеу арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

З. жауапкер Т-ға (Л) алып берілген ақша сомаларын индекстеу арызымен жүгініп талабын 1996 жылы 30 мамырдағы Шымкент қаласы Абай аудандық сотының шешімімен жауапкер Л-ден өзінің пайдасына 77 000 тенге қарыз сомасы өндірілгендігін, сот шешімінің жауапкермен ұзақ уақыт бойы орындалғандығына байланысты өндірілген соманың құнсызданғандығын, өзінің есебі бойынша 1996 жылы 30 мамырда сот шешімімен өндірілген 77 000 тенге 1996 жылдың 30 мамыры мен 2016 жылдың 24 ақпаны аралығында 169 934 тенге көлемінде индекстеу сомасы есептелгендігін негіздеп, соттан аталған соманы өндіруді сұраған.

2016 жылғы 31 наурыздағы Шымкент қаласы Абай аудандық сотының ұйғарымымен арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сот арызды қанағттандырудан бас тарта отырып, арыз беруші тарапынан сот шешімінің орындалғанды жөнінде дәлелдің сотқа ұсынылмағандығын негізге алған. Сот орындаушының хатына сай, борышкер Л.В. Ли-ге іздеу салуға байланысты атқару парағы қайтарылған.

Сонымен қатар, осындай ұқсас мән жайлармен, яғни сот шешімінің орындалғандығы жөніндегі дәлелдемелердің болмауына байланысты Қызылорда қалалық сотымен 2016 жылы 26 тамызда арыз беруші А-ның арызы қайтарылған.

Индекстеу сомасының есебі өндіріп алушымен индекстеу есебінің дұрыс жүргізілмеуі.

Ш. сотқа СҚО Аққайын аудандық сотының 2011 жылғы 2 қарашадағы К-дан өзінің пайдасына 150 000 тенге шығынды өндіру туралы шешімінің негізінде алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы арызымен жүгінген.

СҚО облысы Аққайын аудандық сотының ұйғарымымен арыз ішінара қанағаттандырылып, сот арыз берушімен қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің сот шешімінің орындалу мерзімі есептелгенін, бұл есептеу АПК-нің 239 бабының сот шешімі орындалған күнгi қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін қолданылуы тиіс деген заң талабына қарсы болғандығын негізге алған.

Сотпен арыз берушімен өндірілген соманың құнсыздалып қалғандығы жөнінде дәлелдемелердің ұсынылмауы салдарынан индекстеу сомасын өндіру туралы .

Мысалы, «Investment » ЖШС-гі алып берілген ақша сомаларын индекстеу арызымен жүгініп, талабын 2012 жылы 26 қарашады Шымкент қаласы Абай аудандық сотының шешімімен «Б» АҚ-ның пайдасына Т-дан 2006 жылғы 1 тамыздағы банктік заем шарты бойынша 3 547 832 тенге қарыз сома өндірілгендігін, сот шешімі 2013 жылы 30 қаңтарда күшіне еніп, 2014жылы маусымда орындалғандығын негіздеген.

Абай аудандық сотының 2016 жылғы 26 шілдедегі ұйғарымымен арыз берушімен 2013 жылдың 30 қаңтары мен 2014 жылдың 16 маусымы аралығында өндірілген соманың құнсыздалғандығын дәлелдейтін дәлелдің сотқа ұсынылмағандығы салдарынан арыз қанағаттандырудан бас тартылған.

Бұл тұрғыда индекстеу сомасын өндіру қажет есеп санаймыз, себебі жауапкер тарапынан сот шешімінің уақыты орындалмауы салдарынан ақшаның құнсыздалуының нәтижесінде тұлғаға келтірілген шығын өндірілуге жатады.

Индекстеу жүргізу соттың міндеті емес құқығы деген негіздер бойынша арыз қанағаттандырусыз қалдырылған мысалдар.

Арыз беруші Ш. алып берілген ақша сомаларын индекстеу арызымен жүгініп, жауапкерден 141 334 тенге индекстеу сомасын өндіруді сұрап, өз талабын 2013 жылы 9 шілдеде Қостанай облысы Қостанай аудандық сотының шешімімен 2 200 000 тенге қарыз сомасы, 82 048 тенге тұрақсыздық сомасы және сот шығындары өндіріліп, талаптың қалған бөлігі қанағаттандырылусыз қалдырылғандығын негіздеген.

Қостанай облысы Қостанай аудандық сотының 2016 жылғы 17 маусымдағы ұйғарымымен арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сот арызды қанағаттандырудан бас тарта отырып, АПК-нің 239- бабына сай сотпен өндірілген соманы индекстеу соттың міндеті емес құқығы деген қорытындыға келген. 2016 жылғы 20 шілдедегі Қостанай облысы азаматтық істер бойынша сот алқасының ұйғарымымен бірінші саты сотының арызға уәж келтірілмеген деп қанағаттандырусыз қалдырылған ұйғарымы бұзылып, қайта қарауға жолданған.

АІЖК-нің 140-бабының 12 бөлігіне сай (ескі редакция) егер берілген сомаларды индекстеу туралы талап мәлімделген болса сот бұйрығы шығарылады деп қарастырылған, ал жаңа АПК-нің сот бұйрығын шығару талаптары кодекстің 135 бабында қарастырылған. 2015 жылдың «Алып берілген ақша сомаларын индекстеу» туралы классификатордағы қорытуда республика соттары сомаларды индекстеу туралы арыздармен сот бұйрығын шығару арыздарын құқықтық даудың болуына байланысты бас тарып, арыз берушіге АІЖК-нің 234 бабымен (ескі редакция) сотқа жүгіну құқығын түсіндіріп, бас тартқан.

Сот шешімімен өндірілген индекстеу сомасын қарау барысында соттар келесідей мән-жайларды ескеруі керек.

1) сот шешімінің толық орындауы;

2) индекстеу есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қайта қаржыландыру туралы ресми мөлшерлемесімен, сот актісінің толық орындалған күніне есептелуі тиіс.

3) индекстеу сот шешімінің заңды күшіне енген күннен бастап оның толық орындалған уақыты аралығында кейінге қалдыру және бөліп орындау кезеңдерін қоспай қаралады.

Индекстеу - сот актісін уақытылы орындалмауы салдарынан келтірілген шығынның орнын толтыру қағидасын жүзеге асыру үшін, өндіріп алушының құқығын қорғаудың дербес тәсілі болып табылады.

Алып берілген ақша сомаларын индекстеу азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі болып табылмайды, ол пайдасына ақша өндірілген тұлғаның сот шешімін уақытылы орындамауы нәтижесінде өндірілген соманың инфляцияға ұшырауы салдарынан келтірілген шығынды қалпына келтіру құқығын қорғау болып табылады.

Осыған байланысты, сотпен АК-нің 297-бабын негізге ала отырып индекстеу сомасының көлемін азайту негізсіз болып табылады, яғни шешім заңды күшіне енген күннен бастап оны орындауға дейін мерзімге есептелінген индекстеу сомасы толық өндірілуге жатады.

АК-нің 297-бабына сілтеме жасап, индекстеу сомасы азайтылған сот шешімдері заңсыз болып табылады.

Нормативтік құқықтық база.

- Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз;

- Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі, №377-V ҚРЗ 2015 жылғы 31 қазан;

- Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі, №411 1999 жылғы 13 шілде/күші жойылған/;

 - Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) №409 1999 жылғы 1 шілде;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2003 жылдың 11 шілдедегі №5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысы .

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Құжатты жүктеп алу