Әскери қызметшілердің тұрғынжайды жекешелендіру құқығын өтеуге байланысты талап қоюлары
Талап қоюлар санының ұлғаюының себебі өтініш берушілердің (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері) тұрғын үй алуға кезекте тұруды қалпына келтіру, тұрғын үй жалдау шартын заңдастырудан бас тарту жөніндегі шешімнің күшін жою, сондай-ақ ипотекалық кредиттер бойынша міндеттемелері бар әскери қызметшілердің және құқық қорғау органдары, МКҚ қызметкерлерінің тұрғын үй комиссияларының тұрғын үй төлемдерінен бас тартуына дау айту туралы талаптармен сотқа жүгінулерінің өсуі болып табылады.
Соңғысы заңнамаға бұрын алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтеу үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану мәселелері бөлігінде аталған санаттағы адамдардың жағдайын жақсартатын өзгерістер енгізуге байланысты.
Бұл ұлғаю бұзылған құқықтарды қорғау үшін ӘРПК нормаларын пайдалануда азаматтардың белсенділігінің артқанын көрсетеді.
Жетісу облысында талап қоюшылар Талдықорған қаласы әкімдігінің «Талдықорған қаласының Тұрғын үй қатынастары бӛлімі» ММ-нің әрекетіне дау айтады. Бұл жағдай МТҚ-дан тұрғын үй алу кезегінен шығарып тастаудан және 2009 жылдан бастап 2020 жыл аралығындағы кезеңдерде бұрын берілген пәтерлерде тұру құқығына тұрғын үй комиссиясының шешімдерін ұсынбаудан туындады.
Соттар әртүрлі негіздер бойынша есептен шығару, оларды тұрғын үй комиссиясының қарауына беру кезінде пәтерлер беру туралы мәселені шығармау бойынша заңсыз әрекеттерді белгілейді.
Қазіргі уақытта отбасы құрамындағы талап қоюшылар осы пәтерлерде тұрады, тұрғын үйді күтіп ұстау ауыртпалығын көтереді, коммуналдық қызметтерге ақы төлейді.
Осы мәселені жедел шешу үшін жергілікті соттар қала әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімдігі өкілдерінің, Тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының, облыс прокурорының орынбасары мен қала прокуратурасы, ҰҚКД және облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет кездесулер өткізді.
Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру тәртібі Заңның 101-2-бабының 4-тармағында, Әскери қызмет туралы заңның 55-бабының 6, 7-тармақтарында және №50 Қағидаларда реттеледі.
№50 Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасын негізге ала отырып, ақшалай өтемақы – бұл Заңның 101-2-бабының 4-тармағында және Әскери қызмет туралы заңның 55-бабының 6, 7-тармақтарында көзделген жағдайларда жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйде тұрған жағдайларда өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына жүзеге асырылатын біржолғы сипаттағы тұрғын үй төлемдері.
Мәселен, жоғарыда аталған заң нормаларын сөзбе-сөз түсіндіруді ескере отырып, жауапкер талап қоюшыға өзі сұраған ақшалай өтемақыны төлеуден заңды және негізді түрде бас тартқан мысал қызықты.
Анықтама үшін:
М-ның РММ-ге тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімін және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төлеуден бас тарту туралы, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төлеуден бас тарту туралы әкімшілік актіні заңсыз деп тану туралы, заңды бұзуды жоюды, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы есептеуді және төлеуді міндеттеу туралы жауапты заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша әкімшілік іс бойынша.
МАӘС шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды: т
ұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімі және жауапкердің өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төлеуден бас тарту туралы әкімшілік актісі заңсыз деп танылды;
жауапкерге жіберілген заң бұзушылықтарды жою міндеттелді.
Жауапкердің ақшалай өтемақы төлеуден бас тарту туралы жауабын заңсыз деп тану бөлігінде талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.
ӘІСА 2023 жылғы 26 қаңтарда МАӘС-тің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі шешімін ӛзгеріссіз қалдырды (№ 6001-23-00-6ap/739). ЖС ӘІСА қаулысымен жергілікті соттардың сот актілері өзгертілді.
Жауапкердің өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төлеуден бас тарту туралы жауабын заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту бөлігіндегі шешімінің күші жойылды, осы бөліктегі талап қою әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтын ретінде қайтарылды.
Талап қоюшы әскери қызметші бола отырып, 2002 жылдың мамырынан бастап әскери қызмет өткеретіні анықталды, осы кезеңде ол даулы ақшалай өтемақыны алмады, тұрғын үйді жекешелендіру құқығын пайдаланбады, 2004 жылдан бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылды.
Оның және оның отбасы мүшелерінің тұрғын үйлері жоқ, жабық қалада орналасқан қызметтік пәтерде тұрады, соның салдарынан жекешелендіруге жатпайды.
Әскери бөлім командирінің бұйрығымен әскери қызметтен босатылған кезде талап қоюшының жұбайы Заңның 101-2-бабының 5-тармағы бойынша 7 185 000 теңге мөлшерінде БТТ алды.
Тұрғын үй комиссиясының даулы шешімімен оған ақшалай өтемақы төлеуден бас тартылды, өйткені оның жұбайы әскери қызметтен босатылған кезде жоғарыда аталған тұрғын үй төлемдерін алды.
Талап қоюшы дау айтып отырған 17.06.2022 ж. хатпен оған тұрғын үй комиссиясының шешімі туралы хабарланды.
14.07.2022 ж. жауапкер М. өтініші бойынша талап қоюшыға тұрғын үй комиссиясы көрсеткен негіздер бойынша ақшалай өтемақы төлеуден бас тартылған әкімшілік актіні қабылдады.
Осы іс шешілген кезде Заңның 101-2-бабының 5-тармағы қолданылмады, ол бойынша тиісті тұрғын үй төлемдері әскери қызметшілердің жұбайларын, сондай-ақ олардың балаларын есепке алмай жүзеге асырылады, егер тұрғын үйге құқықты әскери қызметшілер некеге тұрғанға дейін іске асырған болса, қаралып отырған жағдайда бұл норма талап қоюшы сұрап отырған ақшалай өтемақыға емес БТТ-ға арналған.
Бұдан басқа, талап қоюшы мен оның жұбайы 2006 жылдан бастап некеде тұрады, яғни тұрғын үй төлемдеріне құқықты олар некеге тұрғаннан кейін іске асырады.
№50 Қағидалардың 4-тармағы қолдануға жатпады, өйткені оның мақсаты ақшалай өтемақы төлеу тәртібі және оның мөлшерін есептеу болып табылады, ал талап қоюшының өтемақының мөлшері емес, осы өтемақыға құқығы даудың нысанасы болып табылады.
Соттар талап қоюшының жұбайы әскери қызметтен босатылған кезде жоғарыда аталған норма негізінде БТТ алғанын анықтады.
Заңның 101-2-бабы 4-тармағының үшінші абзацы 3) тармақшасының тура мағынасы талап қоюшыға ақшалай өтемақы төлеуді шектейді, өйткені оның жұбайы БТТ алған.
Сот алқасы бұл императивті талапты басқаша түсіндіруді қарастырмайды.
Заңның 101-7-бабының 3) тармақшасына сәйкес тұрғын үй төлемдерін алушы (талап қоюшының жұбайы) оларды осы Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жіберуге міндетті.
Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші болса, Заңның 101-3-бабының 2-тармағында белгіленгендей, тұрғын үй төлемдері олардың таңдауы бойынша ерлі-зайыптылардың біріне төленеді.
Заңның 101-2-бабының 12-тармағында әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке сатып алу құқығы бір рет жүзеге асырылатыны белгіленген.
Әскери қызметшілер, егер олар не олардың жұбайлары Заңның 101-2-бабы 5-тармағының бірінші бӛлігінде көзделген тұрғын үй тӛлемдерін алса, тұрғын үйге мұқтаж деп танудан бас тартады (Тұрғын үй туралы заңның 101-3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы).
Жоғарыда келтірілген Заң нормаларын жүйелі талдау сот алқасының пікірінше Заңда талап қоюшы мен оның жұбайына олардың бірлескен таңдауы бойынша:
не әскери қызметтен босатылған кезде біржолғы тұрғын үй төлемін алу құқығын (оны талап қоюшының жұбайы іске асырған);
не МТҚ-дан тұрғын үйді ӛтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алу құқығын пайдалануға берілгенін кӛрсетеді.
Сот алқасы талап қоюшы даулаған жауапкердің жауабы әкімшілік акт емес деп келісті, өйткені тұрғын үй комиссиясының шешімімен және жауапкердің әкімшілік актісімен оған ақшалай өтемақы төлеуден бас тартылды.
Алайда бұл жағдайда талап қою кӛрсетілген бөлігінде ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігі 11) тармақшасының негізінде қайтарылуы керек.
Осылайша, сот алқасы алдыңғы сатыдағы соттардың істің мән-жайларын оны шешу үшін жеткілікті көлемде анықтап, егжей-тегжейлі баяндады, бірақ материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбауға жол берді деген қорытындыға келді:
заңды дұрыс түсіндірмеді, нормативтік құқықтық актілердің қолданылмайтын ережелерін қолданды, керісінше, қолданылуға тиіс Заң нормаларын қолданбады.
Іс бойынша іс жүргізу тәртібі
ӘРПК-нің 146, 148-баптарының нормаларына сәйкес әкімшілік іс ақылға қонымды мерзімдерде, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімдерде қаралады және шешіледі.
Сот талқылауы ӘРПК-нің 147-бабында белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, АПК қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Сот тараптардың келісімімен әкімшілік істі жазбаша талқылауда ақылға қонымды мерзімде, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарауға құқылы.
Сот талап қоюды тіркегеннен кейін алдын ала тыңдау және сот талқылауы сатысында, соттың белсенді рөлі шеңберінде талап қоюшылардың дұрыс құқықтық ұстанымын қалыптастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді.
Негізінен аталған санаттағы істерді республика соттары жоғарыда кӛрсетілген талаптарды сақтай отырып қарады. Сонымен қатар талдау осы санаттағы дауларды қараған кезде төмендегі іс бойынша процестік заңның өрескел бұзылуын анықтады.
Анықтама үшін: Е. РММ-ге (№ 2794-22-00-4/654) талап қоюмен жүгінді.
БҚО МАӘС-тің 2022 жылғы 7 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылды, жауапкерге 2022 жылғы 4 тамыздағы баянат бойынша қолайлы акт қабылдау міндеті жүктелді. БҚО ӘІСА-ның 2023 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
ЖС ӘІСА 2023 жылғы 2 қарашадағы қаулысымен БҚО ӘІСА қаулысының күші жойылып, іс ЖСҚ-ға соттың өзге құрамында облыстық сотқа жіберілді.
Апелляциялық сатыдағы сотта тұрғын үй тӛлемдеріне қатысты аталған істі облыстық соттың судьясы жазбаша іс жүргізуде жеке-дара, яғни заңсыз құрамда қарағаны анықталды, бұл істі өзге құрамдағы судьялардың жаңадан қарауына жібере отырып, жергілікті соттар қабылдаған сот актілерінің дұрыстығын талқыламай, қаулының күшін жоюға негіз болды.
Апелляциялық сатыдағы судья ӘРПК-нің 24-бабы тӛртінші бӛлігінің талаптарын ескермеді, соған байланысты әкімшілік істерді апелляциялық сатыдағы сотта алқалы құрам судьялардың саны тақ сан (кемінде үш) болғанда қарайды, олардың бірі тӛрағалық етуші болып табылады.
Судья соттар шығарған ұйғарымдарға жеке шағымдарды жеке-дара қарайды. Осылайша, әкімшілік істерді апелляциялық сатыда, оның ішінде сот құрамы бөлігінде қарау тәртібі бірінші сатыдағы соттардың шешімдеріне апелляциялық шағымдарды жеке-дара қарауды болғызбайтын ӘРПК-де регламенттелген.
Соттылық
Тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша істерді қараған кезде дауларды шешу үшін соттылық қағидаттарын сақтау, талап қоюға құқығы бар адамдардың талап қоюы, талап қою нысанасын дұрыс айқындауы ерекше маңызға ие.
Соттылық ӘРПК-нің 102, 103 және 106-баптарының қағидалары бойынша айқындалады.
Талап қоюшының арызы бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттың соттылығына жатқызылған істерді, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, облыс орталықтарының шегіндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың соттылығындағы істерді қоспағанда, талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша сот қарауы мүмкін.
ӘРПК-нің 103-бабына сәйкес әскери соттар, егер әскери басқару органдары, әскери бӛлім жауапкер болып табылса, мамандандырылған басқа соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген азаматтардың талап қоюлары бойынша әкімшілік істерді қарайды.
Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әскери сот құрылмаса, оның соттылығына жатқызылған әкімшілік істерді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарайды.
Талдау көрсеткендей, негізінен соттарға келіп түскен талап қоюлар соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылданған және соттарда қандай да бір қиындықтар туғызбайды.
Сонымен қатар өңірде әскери сот болған кезде БТТ тағайындау туралы талап қоюлар бойынша істердің соттылығын дұрыс айқындау мәселелері туындайды.
Мәселен, АТТ қазіргі әскери қызметшілерге тағайындалады және олар бойынша даулардың соттылығы әскери соттардың құзыретіне жатқызылған. БТТ әскери қызметші қызметтен босатылған кезде және дау тараптарының бірі мәртебесін жоғалтуына байланысты тағайындалса, арнайы соттылық енді қолданылмайды.
Соттардың баяндалған практикасы бойынша соттылықты дұрыс айқындау конституциялық нормаға байланысты маңызды болып табылатынын және оны әкімшілік істер бойынша сақтау ӘРПК-нің 102, 103-баптарына сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс екенін атап өтеміз.
Іске қатысатын адамдар тобы
ӘРПК-нің 26-бабына сәйкес әкімшілік процеске талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор қатысады.
Бұл ретте тұрғын үй даулары бойынша ӘРПК-нің 31-бабының ережелеріне орай прокурор, әдетте, қатыспайды. Іске қатысатын адамдардың шеңберін сотқа талап қоюды берген кезде талап қоюшы айқындайды.
Сотқа талап қоюмен жүгінуге құқығы бар адамдар Заңның 67-68-баптарында көрсетілген.
Сот алдын ала тыңдауда әкімшілік актімен, әкімшілік әрекетімен (әрекетсіздігімен) құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделері қозғалуы мүмкін адамдар тобын анықтайды, кейіннен ӘРПК-нің 23- бабына сәйкес мүдделі тұлғалар ретінде тартылады.
Талдау көрсеткендей, әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен МКҚ қызметкерлерінің АТТ және БТТ төлемдерімен байланысты талап қоюлары бойынша жауапкер ретінде шешім шығарған тұрғын үй комиссиялары (әскери бӛлімдер, ҚАЖК мекемелері, ПД, желілік бөлімдер, күзет қызметтері және т.б.) құрылған тиісті аумақтық әкімшілік орган болады.
Қажет болған жағдайда мүдделі тұлға ретінде жоғары тұрған мемлекеттік орган (Комитет, Министрлік) тартылады.
Азаматтардың талап қоюлары бойынша ЖАО-ға жауапкер ретінде әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі және/немесе ТКШ бөлімі, тұрғын үй қатынастары бөлімі тартылады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес аудандық әкімдік (облыстық маңызы бар қала әкімдігі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады.
Заңның 77-бабы 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша беріледі.
Тұрақты негізде жұмыс істейтін ЖАО тұрғын үй комиссиялары ЖАО жанынан құрылады. Уәкілетті орган тұрғынжай беретін ЖАО болып табылады.
Әрбір нақты жағдайда талап қоюшының талабының нысанасы мен негіздеріне, жауапкердің қарсылықтарына және қолдануға жататын заңдарға, құқықтық жағдайға, уәкілетті органдардың өкілеттіктеріне сүйене отырып, жауапкерлерді дұрыс анықтау қажет.
Тиісті емес жауапкерге талап қойылған кезде соттың ӘРПК-нің 16, 116-баптарына сәйкес дауды қарау кезінде әуре-сарсаңды болғызбау мақсатында талап қоюшыға тиісті емес жауапкерді ӘРПК-нің 29-бабына сәйкес тиісті деп ауыстыру тәртібін түсіндіргені жөн.
Жергілікті соттардың практикасына сүйене отырып, тұрғын үй комиссияларының мүшелерін жауапкер ретінде тартудың қажеті жоқ.
Талап қоюды қанағаттандыру туралы шешімді әкімшілік орган, әкім немесе ТКШ бөлімі орындайды, заңды күшіне енген шешімдерді орындауда қиындықтар мен проблемалық мәселелер жоқ.
Татуласу рәсімдері
ӘРПК жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша татуласу рәсімдерін жүргізу мүмкіндігін көздейді, сонымен бірге жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптарды татуласуға жол беріледі.
Заңнама нормаларының мұндай ережесі азаматтың, заңды тұлғаның құқықтарын бұзушылықтарды жою шағымданған актінің күшін жою, мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның өзі қандай да бір әрекетті тоқтату жолымен мүмкін болатындығына байланысты негізделген болып табылады.
Тараптар өзара келісімге келудің негізінде әкімшілік істі сот шешім шығаруға кеткенге дейін әкімшілік процестің барлық сатыларында (кезеңдерінде) татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы толық немесе ішінара аяқтай алады.
Соттың тараптарды татуласу үшін шаралар қабылдауы және олардың процестің барлық сатыларында дауды реттеуге жәрдемдесуі әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерінен туындайды.
Тараптардың талаптарына қатысты бейтарап ұстанымды ұстана отырып, сот тараптарға татуласу рәсімдерін жүргізу құқығын және осындай келісімдер жасасудың құқықтық салдарын түсіндіреді.
Жүргізілген талдау талданатын санаттағы бітімгершілікке байланысты аяқталған істердің ең көп тараған түрі тараптар медиативтік келісімдер жасасқан істерден тұратынын көрсетті.
Медиация туралы келісімдерді бекіту туралы ұйғарымдарды жауапкерлер белгіленген мерзімде өз еркімен орындайтындығын көрсетті. ӘРПК-нің 127-бабының бесінші бөлігіне сәйкес сот ұйғарымын орындамағаны үшін жауапкерлерге соттың ақшалай өндіріп алуының жекелеген фактілері бар.
Істерді қарау кезінде әрекеттердің заңсыздығын сот анықтаған не жауапкердің өзі таныған істер едәуір көп болып отыр.
Деректер жауапкерлердің тұрғын үй заңнамасының нормаларын дұрыс қолданбағанын жөәне формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салуды бұзғанын крсетеді.
Сонымен қатар әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде ӘРПК қағидаттарын (соттың белсенді рөлі, әділеттілік, мөлшерлес), процестік мәжбүрлеу шараларын (ақшалай ӛндіріп алу) және татуласу рәсімдерін қолдану талданатын санаттағы істерді қарау сапасын едәуір арттырды.
Мәселен, белсенді рӛл қағидатын іске асыру соттың дауды шешуіне не дауды бейбіт жолмен реттеуге немесе істі қарау перспективаларын түсіндіруге байланысты талап қоюды кері қайтарып алуға ықпал етеді.
Мысалы, жауапкердің өзі даулы актінің күшін жояды немесе дау болмайтын әрекеттер жасайды.
Талап арыздардың қайтарылуы.
Бірінші сатыдағы соттар аяқтаған істердің саны (шешім шығарып қаралғаны: оның ішінде қанағаттандырылғаны; қайтарылғандары: оның ішінде медиацияны бекітіп және соттылығы бойынша жіберілгені).
ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша талап қоюды қайтарып алуға байланыстыс.
Өзге негіздер бойынша қайтарылғандардың ішінен ең кӛп саны мыналарда көзделген негіз бойынша қайтаруларды құрайды:
- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасында – іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса.
- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 15) тармақшасында – сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса.
- ӘРПК-нің 138-бабы екінші бӛлігінің 12) тармақшасында – сол тараптар арасындағы сол нысана туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған заңды күшіне енген соттың шешімі немесе татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы болса.
Соттар талап қоюды қайтара отырып, тараптар арасында жария-құқықтық қатынастар жоқ деген қорытындыға келді, жауапкер талап қоюшыларға қатысты әкімшілік актілер шығармады.
Дәлелдемелер және дәлелдеу
ӘРПК-нің 129-бабына сәйкес дау айту жӛніндегі талап қоюлар бойынша дәлелдеу ауыртпалығы әкімшілік органда жатқанына қарамастан, органда/тұрғын үй комиссиясында мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық алмасу жүйелерінде бар деректер ғана болады.
ЖАО шешімдер қабылдаған кезде, әдетте, кезекте тұрғандардан қосымша құжаттарды талап етпейді.
Сонымен қатар, тұрғын үй даулары бойынша дәлелдемелердің сипаты дәлелдемелерді ұсынуды талап етеді, олар туралы мәліметтер заңмен қорғалған немесе өзінің мазмұнына байланысты тек талап қоюшы ғана ұсына алады (ипотекалық шарттар, банктерден анықтамалар, жұмыс, оқу орнынан анықтамалар, қызметтік тізімдер) не дербес сипаты болады (отбасы құрамы туралы).
Осылайша, дәлел ретінде:
а) ЖАО-ның тұрғын үй комиссиясының кезекте тұрғандар тізімінен шығару туралы шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша талап қоюшылар кезекте тұрғандар санатына жатқызу туралы құжаттарды (персоналды басқару бӛлімдерінен қызметтік тізімдер, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнынан анықтамалар, мүгедектік туралы анықтамалар, барлық балаларға туу туралы куәліктер, некені бұзу туралы куәліктер, отбасының барлық мүшелеріне мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар және т.
б.) ұсына алады, тұрғылықты жерінің (кетпейтінінің) дәлелі ретінде талап қоюшылар оқу орнынан, жұмыс орнынан анықтамалар, куәлардың айғақтарын, учаскелік полиция инспекторларының баянаттарын (сипаттамаларын) ұсына алады.
Соттар тұрғылықты жері бойынша тіркеу тарихын көші-қон полициясынан сұратуға мәжбүр, өйткені ҚАО ААЖ базасында тек ағымдағы деректер бар (ҚАО ААЖ-да тұрақты/уақытша тіркеу/үзінді көшірме күндері бар тарих жоқ), Еgov веб-қосымшаларындағы жеке кабинеттерде мұндай деректер берілмейді.
Жауапкерлер – есепке қою туралы шешімдер, тұрғын үй комиссиясының кезектен шығару туралы шешімдері, kezekte.kz. АЖ-дан мәліметтер, кезекте тұрғандардың іс материалдары;
б) тұрғын үй комиссияларының тұрғын үйге және БТТ, АТТ төлеуге мұқтаж деп тану туралы шешімдеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша мынадай құжаттар ұсынылады:
талап қоюшылар – сатып алу құқығымен жалдау шарттары, ипотекалық шарттар, мүліктің бар екендігі/жоқ екендігі туралы анықтамалар,
жауапкерлер – тұрғын үй комиссиясының мұқтаж адамдарды есепке қою туралы, есептен шығару туралы, БТТ – АТТ-дан бас тарту туралы шешімдері, мүліктің бар екендігі/жоқ екендігі туралы анықтамалар, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар, қызметтік тізімдер, келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шығару туралы бұйрықтар (және т.б.), тұрғын үй төлемдерін алушылардың – кезекте тұрғандардың іс материалдары.
ӘРПК-нің 129-бабының бірінші бөлігіне сәйкес талап қоюшы өз мүмкіндіктеріне сәйкес дәлелдемелерді жинауға қатысуға міндетті.
Берілген талап қою түріне қарамастан, талап қоюшы құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өзіне мәлім болған уақытты, сондай-ақ келтірілген залалдың мөлшерін дәлелдеуге міндетті.
Көбінесе тұрғын үй алу туралы есепте тұрған адамға не оның өкіліне уәкілетті орган кезектен шығару туралы не басқа санат бойынша кезекке ауыстыру туралы хабарламайды, ал Заңның 73-бабының 3-тармағында мүдделі тұлғаларға есептен шығару туралы есептен шығару негіздерін көрсете отырып, шешім қабылданғаннан кейін он күн мерзімде жазбаша түрде хабарланады.
Осыған байланысты, сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені дәлелдеме ретінде қараған кезде жауапкер талап қоюшыға мүдделі тұлғаға жеткізу және/немесе табыс ету туралы белгісі бар кезектен шығару туралы немесе басқа санатқа ауыстыру туралы жазбаша хабарлама беруге міндетті.
Мұндай дәлелдемелердің болмауы сотқа талап қоюды беру мерзімін ӛткізіп алуды дәлелді деп тану үшін негіз болып табылады.
Талап қоюды беру мерзімдері (мерзімдерді қалпына келтіру практикасы)
Талап қоюды беру мерзімдері ӘРПК-нің 20-тарауында көзделген, атап айтқанда, ӘРПК-нің 136-бабында реттеледі.
Жалпы қағида бойынша дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беру мерзімін сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіре алады.
Сотқа талап қоюды беру мерзімдерін өткізіп алу себептерін және олардың әкімшілік істі дұрыс шешу үшін мәнін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.
Сотқа талап қоюды беру мерзімін дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
Сонымен қатар ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігіне байланысты құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы.
Практикада сот аталған норманы қолдана отырып, іс бойынша іс жүзіндегі мән-жайларды ескермейтін жағдайлар орын алады.
Анықтама үшін: Т. сотқа ММ-1-ге, ММ-2-ге: пәтер бөлігінде
1) пәтерді ММ-1- дің балансына қабылдауды,
2) әкімнің мүлікті балансқа қабылдау туралы қаулыны заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінді.
МАӘС-тің 2023 жылғы 8 маусымдағы ұйғарымымен талап қоюды беру мерзімін қалпына келтіруден бас тартылып, талап қою ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес қайтарылды.
Маңғыстау облысының ӘІСА-ның 2023 жылғы 27 шілдедегі ұйғарымымен ұйғарым өзгеріссіз қалдырылды.
ЖС ӘІСА 2024 жылғы 24 қаңтарда төменгі сатыдағы соттардың ұйғарымының күшін жойып және істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібере отырып, бірінші сатыдағы сот талап қоюды беру мерзімін қалпына келтіруден бас тартып, талап қою дау айтылған қаулы шығарылғаннан кейін бір жылдан астам уақыт өткен соң берілді, яғни талап қоюшы ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігіне байланысты бұлтартпау болып табылатын және қалпына келтіруге жатпайтын сотқа талап қою беруге арналған бір жылдық мерзімді өткізіп алды деген қорытындыға келді (№6001-23-00-6ап/2368).
Алайда сот талап қоюшының егде жасын (78 жас), жамбас ұшының сынығынан кейін оңалтуда болғандығын ескермеді, яғни талап қоюшы сотқа талап қоюды беру мерзімін өткізіп алу себептерінің дәлелді екендігін куәландыратын жеткілікті дәлелдер келтірді және қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес талап қоюшы өткізіп алған мерзім қалпына келтірілуге тиіс болатын.
Пайдаланылған қысқартулар:
- ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
- АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі
- АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
- ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
- АЖ – ақпараттық жүйе
- ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы
- ӘІСА немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы
- МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот
- ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
- Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
- ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
- БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
- ТЖД – Төтенше жағдайлар департаменті
- АМЖ – Арнаулы мемлекеттік органдар
- ПД – Полиция департаменті
- АТТ – ағымдағы тұрғын үй төлемдері
- БТТ – біржолғы тұрғын үй төлемдері
- МТҚ – мемлекеттік тұрғын үй қоры
- ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
Тұрғын үй даулары мәселелерін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:
– Қазақстан Республикасының Конституциясы;
– ӘРПК;
– АК;
– АПК;
– «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Тұрғын үй қатынастары туралы заң);
– «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі
– Мемлекеттік мүлік туралы заң);
– «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Әскери қызмет туралы заң);
– «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Құқық қорғау органдары туралы заң);
– «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Құқықтық актілер туралы заң);
– «Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы» ЖС-ның 1997 жылғы 18 шілдедегі № 9 НҚ;
сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер:
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – № 49 Қағидалар);
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – № 50 Қағидалар);
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары (бұдан әрі – № 524 Қағидалар);
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидалары (бұдан әрі – № 673 Қағидалар);
– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет кӛрсету қағидалары № 441;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары;
– Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Тұрғын үй қатынастары туралы заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Құқықтық актілер туралы заңның 10 және 12-баптарына сәйкес кодекстер заңдарға қарағанда көбірек заңды күші бар;
әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі акт нормалары қолданылады.
АК-нің 4-бабында, Құқықтық актілер туралы заңның 43-бабында көзделген жалпы қағида бойынша нормативтік құқықтық актілер олар қолданысқа еңгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы