Атқару парағын орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы
Қазақстан Республикасының «Атқару өндірісі және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 11-бабында атқару парағының мәжбүрлеп орындауға ұсыну белгіленген мерзімдер көзделген.
Аталған заңның 11-бабының 1-тармағының 1-тармақшасының талабына сай, сот актілері негізінде берілген атқару парақтары үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындауға ұсынылады.
Заңның 38-бабына сай, сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, егер:
3) атқарушылық құжат орындауға ұсынылатын мерзім өтіп кетсе және сот оны қалпына келтірмесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Яғни, атқарушылық құжаттың орындауға ұсынылатын мерзімі өтіп кетуі көрсетілген заңның 38-бабы негізінде сот орындаушымен атқарушылық құжатты кері қайтаруына негіз болады.
Заңның 13-бабының талабына сай, атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін өткізіп алған өндіріп алушы, сот актісін шығарған сотқа немесе орындау аймағында орналасқан сотқа мерзімді қалпына келтіруді сұрап арызбен жүгінуге құқылы.
Сот, өндіріп алушының атқару құжатын, сот бұйрығын орындауға ұсыну мерзімін өткізіп алу себебін дәлелді деп тапқан жайдайда, мұндай мерзім қалпына келтірілуі мүмкін.
Бұл тұрғыда, тек өндіруші ғана атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы өтініш келтіруге құқысы бар дербес субъект болып табылады.
Арыз істі қараған сотқа берілуге тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексінің (бұдан әрі – АПК) 126-бабының және атқарушылық Заңның 13-бабының талабына сай, сот, егер атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімі дәлелді себеппен өткізілген жағдайда (өндіріп алушы аырып қалған, қызметтік іс-сапарда болған және т.б.), атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіреді.
АПК-нің 126-бабында процестік мерзімдерді ұзарту және қалпына келтіру негізі мен тәртібі көзделген.
Жоғарыдағылар негізінде, атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы арыз соттармен АПК-нің 126-бабының талабына сай қаралады.
Сотпен атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімі қалпына келтірілген.
Өндіруші С. Ақтөбе облысы Мартук аудандық сотына атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіруді сұрап арыз жолдаған.
Сотпен анықталғандай, 2013 жылғы 04 шілдедегі сот бұйрығы негізінде С.-ның пайдасына 2008 жылы туған Б. есімді ұлы үшін борышкер Б.-дан ай сайынғы және басқа да табысының ¼ мөлшерінде, 03 шілде 2013ж. бастап кәмелетке толғанға дейін алимент өндірілген. С.-ның түсініктемесінен оның сот бұйрығын орындауға ұсынбағаны, өйткені 04 шілде 2013ж. мен 2016 жылғы қазан айы арадығында борышкермен бірге тұрғаны анықталды.
Сот, арыз берушінің сот бұйрығын орындауға ұсыну мерзімін өткізіп алудың бұл себебін дәлелді деп танып, соттың 09 желтоқсан 2016ж. ұйғарымымен С.-ның арызы қанағаттандырған, өйткені, ол жасы кәмелетке толмаған баланың құқығының қорғалуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Арыз берушінің атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін өткізіп алғаны дәлелді себепсіз болғандықтан, сотпен арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.
«Банк» АҚ-ы атқару құжатын мәжбүрлеп орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы сотқа арыз келтірген. Петропавловск қаласының №2 сотының 2016 жылғы 07 қарашадағы ұйғарымымен арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.
Істі қарау барысында анықталғандай, сот орындаушының өндірісінде 04 мамыр 2012 ж. атқару құжаты негізінде қозғалған борышкер К-дан « Банк» АҚ-ның пайдасына 6 888 631 теңге өндіру туралы 07 мамыр 2012ж. қозғалған атқару өндірісі болған.
Сот орындаушының 25 қаңтар 2013ж. қаулысымен атқару құжаты өндіріп алу мүмкіндігі болмауына байланысты қайтарылған. 29 қаңтар 2013ж. атқару құжаты өндірушіге жолданған, атқару құжаты « Банк2» АҚ-ына 31 қаңтар 2013ж. келіп түскен.
Сотпен анықталғандай, өндіруші атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін өткізіп алған, өйткені атқару құжаты қайтарылғаннан кейін, атап айтқанда, 31 қаңтар 2013ж. кейін өндіруші атқару құжатын қайталап орындауға ұсынбаған.
Атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімі 2016 жылғы қаңтар айында өткен. Өндірушінің өкілінің « Банк» АҚ-ның несие қайтарумен айналысатын бөлімінің жұмыстан шығып кеткендерден басқа бұрынғы қызметкерлері «Банк2» АҚ-ның Петропавловск филиалының тексеру және өндіру бөлімінің құрамына ауыстырылғаны, кейбір құжаттар жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің қарауында болғандықтан жаңадан құрылған бөлімге берілмей қалғаны туралы уәжіне сот сыни көзқараспен құқықтық баға берген. Өйткені, банктің атқару құжатын табуға және орындауға ұсынуға жеткілікті уақыты болған.
Арыз мерзімінен бұрын берілуіне байланысты қараусыз кері қайтарылды.
Ч. атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы сотқа арыз келтіріп, бұдан бұрын Ч.-дан Ч.-ның пайдасына 1 827 046 тенге өндіру туралы Ақтау қаласының №2 сотының шешімі негізінде атқару парағы бойынша жеке сот орындаушының атқару өндірісі қозғалғанын, жеке сот орындаушының 20 желтоқсан 2012 жылғы қаулысымен атқару өндірісі тоқталғанын, алайда сот шешімі орындалмағанын, борышкер берешегін төлемегенін көрсеткен.
Атқару құжатын орындауға ұсынуға арналған заңда көзделген үш жыл мерзімді бірнеше сот отырыстарына байланысты өткізіп алған.
Маңғыстау облысы №2 Ақтау қалалық сотының 2016 жылғы 18 тамыздағы ұйғарымымен Ч.-ның арызы қоса тіркелген құжаттарымен бірге АПК-нің 152 бабының 1-бөлігінің 1-тармағына сай, кері қайтарылған.
Арызды кері қайтара отырып, сот, өндіруші алдымен атқару құжатын мәжбүрлеп орындауға ұсынуы тиіс, егер атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімі өтуіне байланысты атқару өндірісін қозғаудан бас тартылған жағдайда ғана арыз беруші атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы сотқа арыз жолдауға құқылы деген тұжырымға келген.
Істің бұл тұрғысында, сот, мерзімді қалпына келтіруден бас тарту немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым қабылдауы керек еді деп ойлаймыз, өйткені, АПК-нің 152 бабында арызды кері қайтару негіздері көзделмеген.
Арыз беруші мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептілігі туралы дәлелдеме ұсынбауына байланысты, мерзімді қалпына келтіруден бас тартылды
Арыз беруші Е. атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы сотқа арыз келтіріп, 04 қазан 1991ж. өзінің пайдасына Е.-ден 03 ақпан 1991ж.т. кәмелетке толмаған баласы үшін алимент өндірілгенін, алайда сот шешімінің күні бүгінге дейін орындалмағанын көрсеткен.
ОҚО Созақ аудандық сотының 14 желтоқсан 2016ж. ұйғарымымен арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.
Сот, Созақ аудандық сотымен 30 қаңтар 2009ж. атқару парағы өндірушіге берілген, алайда, АПК-нің 72-73 баптарына сай, арыз беруші мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептілігі туралы дәлелдеме ұсынбады деген тұжырымға келген.
Соттың процестік мерзімді қалпына келтіру туралы ұйғарымына шағым келтіру.
АПК-нің бұрынғы редакциясының 128-бабының 5-тармағында мерзімді қалпына келтіру немесе бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым не наразылық келтіретіні көзделген.
Жаңа АПК-нің 126-бабының 6, 7 бабында мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық тәртіпте шағым не наразылық келтіріледі. Ал, мерзімді қалпына келтіру туралы соттың ұйғарымы шағым не наразылық келтіруге жатпайды.
Атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіру жөніндегі мәселелерді қарауда соттар келесі мәселелерге назар аударуы қажет:
1) атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімі шын мәнінде де өткізілген;
2) мерзімді өткізудің себебі дәлелді болуы. Атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіру жөніндегі мәселелерді қарауда өндірушінің арызында көрсетілген себептердің дәлелдігіне сот баға береді және анықтайды.
Мұндай өтінішті қарау барысында сот істің нақты мән-жайын және арыз берушімен ұсынылған дәлелдемелерді назарға алады. Арыз беруші атқару құжатын заңда көзделген мерзімде немесе мерзімі өткеннен кейін ұсынуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдеуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексінің 126- бабының және атқарушылық Заңның 13-бабының талабына сай, сот, егер атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімі дәлелді себеппен өткізілген жағдайда атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімін қалпына келтіреді.
Сондықтан, мұндай арыздарды қарау барысында соттар мерзімді өткізудің себебі мен оның дәлелділігін анықтауы қажет. Дәлелді себептерге өндірушінің қызметтік іс-сапарда болуы, ауырып қалуы және т.б. жатады.
Нормативтік құқықтық база.
- Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз;
- Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі, №377-V ҚРЗ 2015 жылғы 31 қазан;
- Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі, №411 1999 жылғы 13 шілде/күші жойылған/;
- «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы №261-IV, 2010 жылғы 2 сәуір;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2009 жылдың 29 маусымындағы №6 «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы (Қорыту жүргізілгенде қолданыста болып, 2017 жылы 31 наурызда күшін жойған)
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2017 жылдың 31 наурыздағы №1 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысы.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
О восстановлении срока предъявления исполнительного листа
19 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 31 марта 2017 года №1 каз
19 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 31 марта 2017 года №1 рус
19 рет жүктеп алынды -
2822_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_ЗКОЮКО
19 рет жүктеп алынды -
2822_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_ЗКО
19 рет жүктеп алынды