⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Борышкерді іздеу салу ісін қысқарту туралы

Борышкерді іздеу салу ісін қысқарту туралы

Борышкерді іздеу салу ісін қысқарту туралы

Борышкерді іздеу салу ісін қысқарту туралы             

    Қазіргі уақытта, соттардың іздеу салуды қысқарту туралы әрекеттерін реттейтін норма көзделмеген.

Сондықтан, соттар өз қорытындыларын, Азаматтық процестік кодексінің (268,269 баптары) жалпы нормаларына, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 45 бабына сүйеніп берген. Ішкі істер органдары іздеу салуды қысқарту туралы арызбен жүгінген кезде, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 «Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекiту туралы» бұйрығына (әрі қарай – Бұйрық) сілтеме жасаған. Бұйрықтын 141 тармағына сай, жасырынған тұлғаларға қатысты іздеу ісін қысқартуға (есептен алуға) негіз болып келесі құжаттардың бірі табылады:

1) іздеудегі тұлғаны ұстау туралы хаттама немесе аумақтық тергеу абақтысының және арнайы медициналық мекеменің іздеудегі тұлғаны қамауға алғаны туралы хабарламасы;

2) қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы;

3) іздеудегі тұлғаға қатысты қылмыстық қудалауды қысқарту туралы қаулы;

4) іздеу ісін ашуды тоқтату туралы прокурордың қаулысы;

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен қылмыстық істі күнін және шығыс нөмерін көрсетіп ТМД елдерінің біріне жолдауы туралы мәлімет;

6) соттан жасырынған тұлғаға болмаса борышкерлер мен жауапкерлерге қатысты іздеуді тоқтату туралы сот қаулысы;

7) бас бостандығынан айыру бұлтартпау шарасы қолданбаған тұлғаны анықтау туралы құжат;

8) заңды күшіне енген сот үкімін күнін және шығыс нөмірін көрсетіп, оны әрі қарай орындау үшін шетел мемлекетіне жолдау туралы мәлімет;

9) борышкерлер/жауапкерлерге қатысты іздеудегі тұлғаның анықталғаны туралы мәліметті дәлелдейтін материалдар және оның жалтарылғаны туралы жазбаша түсініктемесі; тұлғаны өлді деген соттың шешімі; ізделушінің өліміне байланысты өндірісті тоқтату туралы сот шешімі; іздеуді тоқтату туралы соттың қаулысы; борышкерлер/жауапкерлерге қатысты іздеуді тоқтату туралы сот ұйғарымы; қайтадан қарауға жіберілген істерден басқа, жоғарғы тұрған сотпен шешімнің күшінің жойылуы; атқарушы өндірісті тоқтату туралы сот шешімі.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 126 бабына сай сот орындаушысы заңда белгiленген тәртiппен атқарушылық ісәрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша борышкерге іздеу салу тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге құқылы.

Борышкерге іздеу салу туралы сот орындаушысының ұсынысын қарауы Заңының 45 бабымен, АПК-нің 249 бабымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» Нормативтік қаулысымен көзделген.

Алайда, борышкерге іздеу салуды қысқартуды, жадығаттарды қараудың тәртібі, борышкерге іздеу салу қысқарту туралы арызбен жүгінетін құқылы тұлғалар, іске прокурордың қатысуының қажеттілігі заң актілерімен көзделмеген. Оларды қараудың құқықтық негіздер жоқ.

Соттар процестік кодексінің ұйғарым шығарудың 22 тараудың жалпы нормаларын, ал сот орындаушысының ұсынысын қараған кезде атқарушылық іс жүргізу Заңының 45 бабын қолданады. ҚР АПК-нің 269 бабына сәйкес соттың кеңесу бөлмесінде шығаратын ұйғарымда:

1) ұйғарымның шығарылған күні мен орны;

2) ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі және аты-жөні;

3) іске қатысатын адамдар, даудың нысанасы немесе мәлімделген талап;

4) ұйғарым шығарылатын мәселе;

5) соттың өз түйіндерін шығару себептері және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

6) соттың процестік шешімі;

7) егер ұйғарымға шағым жасалуға болатын болса, оған шағым жасау тәртібі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

Алайда, сот актілерден соттар аталған заңының нормаларының талаптары сақталмайтындығы көрінеді. Атап кету қажет, АПК 269 бабының талаптары объективті себептермен сақталмайды.

Жадығаттарды қарау кезінде іске қатысушы кім бола алатыны, іздеу салуды қысқартудың негіздері, атқарушылық іс жүргізудің материалдарын талап ету және зерделеу, мұндай ұығарымарға шағым келтірудің тәртібі және іздеу салуды қысқарту туралы құқықтық норма заңдарда көзделмеген.

Ұйғарымның қарар бөлігін баяндаудың бірыңғай формасы көзделмеген. Ақмола облысының соттары қара бөлігінде іздеу салудың күшін жояды, басқа соттар – іздеу салуды қысқартады.

Сонымен қатар, кейбір соттар аталған ұйғарымдарға шағым келтірудің тәртібін түсіндірмейді. Сот орындаушысының іздеу салуды қысқарту туралы ұсынысын қараған кезде сот отырысына өндіріп алушы және сот орындаушысы шақырылады.

Алайда, зерделеу іздеу салуды қысқарту туралы сұрақтарды қараған кезде өндіріп алушы және сот орындаушысы шақырылмайтындығын көрсетті.

Тек , АІІБ-нің іздеу салуды қысқарту туралы хабарламасына сай ұйғарым шығарған кезде, ұйғарымның көшірмесі сот орындаушысы және өндіріп алушыға мәлімет үшін жолданады.

Сот ұйғарымынан ішкі істер органдарының іздеу салудың нәтижелерін сот орындаушысына хабарлағандары көрінбейді, соңғы борышкерді іздеу салуға және атқару құжаттарының орындалуына мүдделі тұлға болып табылады.

Сотқа сот орындаушысы ғана іздеу салудың нәтижелерін нақталай алады. Алайда, барлық уақытта АІІБ хабарламасы негізде іздеу салуды қасқарту туралы жадығаттарды қарау кезінде сот орындаушылардың пікірлерін соттар тыңдамаған.

Ішкі істер органдарының хабарламасы негізінде іздеу салуды қысқартуы заң актілерімен көзделмегенің көрсетіп кету қажет.

Сонымен қатар, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңына сай, сот орындаушысы заңда белгiленген тәртiппен: атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша борышкерге іздеу салу тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге құқылы.

Яғни, борышкерге іздеу салуды қысқартуы сот орындашысымен сотқа ұсынбай өзара қаралуға жатады, себебі бұл әрекеттер борышкердің құқықтары мен бостандықтарын шектемейді, мемлекет органдарына және басқа тұлғаларға ешқандай міндеттер жүктемейді.

Іздеу салудың құзыретті органдары сот орындушыға іздеу салудың әрекеттерін хабарлау керек, сонымен қатар негіздер болған жағдайда іздеу салуды қысқартуды сұрау қажет.

Осындай тұжырымға келудің себебі борышкерге іздеу салу туралы ұйғарымның орындалуын қадағалауы сот органдарына заң бойынша жүктелмегендігі болып табылады.

Сонымен қатар, іздеу салуды қысқарту туралы актілердің шығаруын толығымен сот орындаушылардың құзыретіне беру қажет.

Атқарушылық іс жүргізудің тараптарының құқыктары бұзылмайды, себебі сот орындаушының іс әрекетеріне сотқа шағым келтірілуі мүмкін.

ҚР АПК-нің 4 бабына сәйкес азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жарияқұқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

Соттардың Іздеу салуды тоқтату туралу ұйғарымдарын шығаруы формалды болып табылады, азаматтық іс жүргізудің міндеттеріне жатпайды және соттарды артық жұмысбастылыққа әкеледі.

Нормативтік құқықтық база:

- 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ЗРК Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңы;

- (қорытындылау жүргізген уақытта қолданылған, содан кейін 2017 жылғы 31 наурызда күші жойылған) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 6 «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» Нормативтік қаулысы.

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» Нормативтік қаулысы

-Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 «Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекiту туралы» бұйрығы.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Құжатты жүктеп алу